Әлем әдебиеті

ТИВОЛИДЕН КЕЛГЕН БИКЕШ

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Кнут ГАМСУН

ТИВОЛИДЕН КЕЛГЕН БИКЕШ

новелла

Кнут ГАМСУН (шын тегі – Педерсен) 1859 жылы 4 тамызда Норвегияның солтүс­тігіндегі Лом деген жерде қарапайым ауыл тігіншісінің отбасында дүниеге келген.
Гамсун 1877­-1878 жылдары алғашқы өлеңдер мен әңгімелер жинағын жарыққа шығарады. Өз Отанында жазушы ретінде мойындала қоймағандықтан, Америкаға кетіп қалады. АҚШ-­та Гамсун Твенмен танысады. Оның Америкадан алған әсері публицистикасынан анық көрінеді. Данияда алғаш жарық көрген «Аштық» атты хикаяты жазушыға үлкен табыс әкеледі. Артынша «Мистериялар», «Пан», «Вик­тория» романдарын жазады. 1920 жылы жазушы Нобель сыйлығына ие болған «Жер шырындары» романында табиғатқа етене жақын қарапайым шаруаның күнделікті өмірін бейнелеген. «Сақинаның тұйықталуында» («Шеңбер тұйықталды») адамның жалғыздығы мен шарасыздығы роман желісіне айналған.
Кнут Гамсун 1952 жылы 19 ақпанда өзінің жақсы көретін Норхольм поместьесінде көз жұмды. Норвегияда оның еңбектері тек 1962 жылдан бастап жарық көре бастады.

* * *

Бұл оқиға жазда – Тиволи көшесінде Париждік хор концерт бергенде болған еді. Мен Сарайдың төбесіне қарай серуенге шықтым, ал шыңына жеткен соң, кері  бұрылдым да Тиволиге бет алдым.
Париждік хорды тыңдауға көп адам жиналыпты, мен дағы бір бүйірден тұра қалдым.
Танысымды кездестірген соң, екеуміз ақырын тілдесе бастадық. Тап сол кезде іштен ән шалқыды – оны бізге жел жеткізді. Тосыннан мені абыржушылық кернеді, тұла бойымды тітіркенушілік билеп кетті, мен лажсыздан жалтарып, танысыма жаңылыс жауап бердім.
Бір сәт өзімді сабырға жеңдірдім, бірақ артынша түсініксіз діріл қосылды.
Осы арада менің танысым сауал берді:
– Саған қарап қалған мынау бикешің кім?
Рұқсат алу
Аударған Айгүл КЕМЕЛБАЕВА

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.