СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ
ФРЭНСИС МАКОБЕРДІҢ БАЯНСЫЗ БАҚЫТЫ
әңгіме
Эрнест Миллер ХЕМИНГУЭЙ (1899-1961) – американың көрнекті жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты.
Хемингуэй соғыстың қатігездігі мен ауыр зардаптары суреттелген «Қош бол, қару!» атты романы арқылы бүкіл әлемге танылды. 1954 жылы «Шал мен теңіз» повесті үшін Нобель сыйлығын иеленеді.
Оның «Фиеста», «Біздің уақытымызда», «Әйелсіз еркектер», «Түстен кейінгі өлім», «Африканың жасыл қыраттары» және басқа да көптеген еңбектері бар.
* * *
Түстік әлеті. Олар ас-су шатырының жасыл түсті астарлы шалғайының астында түк болмағандай жайбарақат отырған.
– Сендер апельсин шырынын ішесіңдер ме, әлде лимонад па? – деп сұрады Макомбер.
– Маған коктейль, – деді Роберт Вилсон.
– Маған да коктейль, аздап ішемін, – деді Макомбердің әйелі.
– Шамалы тартып алу керек шығар, – деп қосыла кетті Макомбер, – үш үлес коктейль жасаңдаршы, – деді.
Бақыршы арақ дайындауға кірісті. Брезент мұздатқыш қаптан шөлмектерді алып шығып жатыр. Ескек жел өпкен, көлеңкелі шатырдағы қаптар самал желде шып-шып тершіп тұрған болатын.