Әлем әдебиеті

Гилберт Кийт ЧЕСТЕРТОН. ДЕТЕКТИВТІ ӘҢГІМЕ ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛАДЫ

0

ЗЕРТТЕУ. ЗЕРДЕЛЕУ. КӨЗҚАРАС

 Гилберт Кийт ЧЕСТЕРТОН

ДЕТЕКТИВТІ ӘҢГІМЕ ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛАДЫ

 

 

 

Гилберт Кийт ЧЕСТЕРТОН (1874-1936) – ағылшын жазушысы, ақын, ойшыл, журналист. Бала кезінен өнерге деген ынтасымен жас Честертон театр, киномотография саласына ерекше ден қойған. Адам мінезінің қыр-сырын түсінуге талпынып, әртістік өнерін жазушылық қабілетімен ұштастыра білген.
Честертон Бернард Шоу, Герберт Уэллс, Бертран Рассел, Кларенс Дарроу сияқты өзінің үзеңгілес жолдастарымен дебат өткізуді дәстүрге айналдырған. Жазушының өмірбаянын зерттеушілер Бернард Шоу мен Честертонның ковбойлар туралы сыр шертетін киноға түскенін баян етеді. Бірақ, ол түсірілім көрермендерге жетпеген.
Честертон 80 кітаптың авторы. Оның қаламынан жүздеген өлең, екі жүзге тарта әңгіме, төрт мың эссе және бірнеше пьеса оқырманға жол тартқан.

Толығырақ »

Самат ӨТЕНИЯЗОВ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ХОСЕ МАРТИ ЖЫРЛАРЫ

0

ЗЕРТТЕУ. ЗЕРДЕЛЕУ. КӨЗҚАРАС

Самат ӨТЕНИЯЗОВ,

испан тілінің маманы, тарих ғылымының кандидаты,
Мадрид және Қазақ – Американ университетінің профессоры

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ

ХОСЕ МАРТИ ЖЫРЛАРЫ

Толығырақ »

Лаура ДӘУРЕНБЕКОВА. УОЛТ УИТМЕН ЖӘНЕ МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ

0

ЗЕРТТЕУ. ЗЕРДЕЛЕУ. КӨЗҚАРАС

Лаура ДӘУРЕНБЕКОВА,

филология ғылымдарының кандидаты

УОЛТ УИТМЕН ЖӘНЕ

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ

Мұқағали Мақатаев қазақ әдебиетінің қазынасын жауһар жырларымен ғана емес, әлем әдебиеті классиктерінің поэзиясын тәржімалау арқылы да байытты. Ағылшынның ұлы ақыны, драматург Уильям Шекспирдің сонеттерін, итальян халқының әдеби мұрасы болып есептелетін «Құдіретті комедиясын», америкалық ақын Уолт Уитменнің бірқатар өлеңдерін қазақ тілінде сөйлетті. Мұқағали Мақатаевтың ырғағын, өлең өлкесіндегі өзіндік өрнектерін аудармасынан да байқай аламыз. Аталмыш аудармаларынан америка поэзиясының реформаторы атанған белгілі ақын Уолт Уитменнің тәржімаларын зерделесек. Толығырақ »

Сұлтан ЖАНБОЛАТ. МО ЯН МОЙЫНДАТТЫ

0

ЗЕРТТЕУ. ЗЕРДЕЛЕУ. КӨЗҚАРАС

МО ЯН МОЙЫНДАТТЫ

КІМГЕ, НЕНІ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ?

Соңғы айларда бүкіл Қытайда ғана емес, дүниедегі әдебиетке жақын қауым ортасында «Мо Ян қызуының» өрлеп тұрғаны белгілі. Мо Янның 2012 жылдық әдеби саладағы Нобель сыйлығын алуы бұл ортада өте күшті дүмпу туғызды. Әр алуан көзқарас иелерінің ішіндегі бір ортақтық – Мо Янның әдебиеттегі жетістігін жоғары бағалау мен тиянақтандыру.

Мен оның туындыларымен ғана шектелмей, әдеби сыншылар лебіздерін де оқып, олардың өзара ұқсамайтын көзқарастарынан өзім дұрыс тапқандарын алып, елеп, қорытып, өз таразыма салып көрдім. Мынау соның жемісі. Бұдан да пайдалы да дәмді өнім шығару оқырманның еркінде. Менікі ауыздарыңызға сөз салу ғана болар. Егер ол ой салуға да жарап жатса қуанар едім. «Біз қазақ әдебиетшілері қалай ұмтылуымыз керек?» дегенге айырым тақырыппен ашалап сөз қозғағаным жоқ. Өйткені ой салынған оқырман осы арада айтылғандарды ары қарай созып, мұндай кесек тақырыптың сөзін өзі-ақ жалғап әкетер.

Жоғарыдағы бас тақырып астындағының алғы екеуіне жауап беру тым қиын емес. Сауалдың біріншісіне «Әлемге», ал екіншісіне «Ең үздік жазушының бірі екенін» деп қысқа қайыруға да болар. Ең қиыны соңғы сұрақта тұр. Бәріміз бірігіп соның жауабын табуға күш салайық. Бұл қазақ әдебиеті үшін пайдалы.

МО ЯННЫҢ ӨМІР СҮРГЕН ОРТАСЫ

Мо Ян – текті тұлға. Арғы аталарынан Гуан Жоң Қытай тарихындағы Чи ұлысының атақты уәзірі, Гуан Лу әйгілі балшы болған екен. Миң, Чиң әулеттері тұсында, арғы аталарынан жеті ғалым шығыпты. Үлкен атасы Гуан Соңфың әйелдер мен балалар сырқатына мықты дәстүрлі емші, ал атасы Гуан Яони әңгімешіл, ертекші қарт болған.

2010 жылы Хаңжоу қаласындағы Лоңчуанға барып тегін іздеген Мо Янның өзі: «Менің қазіргі тұрған жерім Гаумиға барған Гуан тегінің жиырма төртінші, Лоңчуандағы Гау тегінің отыз алтыншы ұрпағымын» деген. Отыз алтыншыдан арғы аталары (Чи ұлысына уәзір болғандардың жұрты мен шежірелік тізбегі сындылар) әзірше айқындала қоймаған секілді.

Толығырақ »

АЙГҮЛ КЕМЕЛБАЕВА. ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛИДІҢ ЖҰМБАҚТАР ӘЛЕМІ

0

ОЙ-ТОЛҒАУ

Айгүл КЕМЕЛБАЕВА

ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛИДІҢ ЖҰМБАҚТАР ӘЛЕМІ

эссе

Жұмбақтар жанрының ғылыми

негізі мен әдеби үндестігі хақында

Әлем халықтарының жұмбақтар жанрын мейлінше зерттеп, жинап, ана тілімізге өлеңмен аударып жариялаған біртуар қазақ ақыны Қадыр Мырза Әлидің «Жұмбақтар» атты кітабы ерекше құндылығымен баурайды.

Бұл – энциклопедиялық сипаттағы дүние болғандықтан оның көркемдік табиғаты туралы бірінші эссе «Абай» журналында жарық көрді. (А. Кемелбаева, «Жүз жұрттың жұмбағы», «Абай», №3. 2005).

Жұмбақ – фольклордың өшпес, соны жанры. Ол тұрмыстағы үйреншікті, ең бір қарапайым, болмашы дерлік заттардың, қоршаған ортадағы құбылыстардың біртұтас қалпын, оның бөлшектері мен ұсақ-түйегіне шейін поэтикалық кейіпте көре білуге мәжбүр етеді.

Толығырақ »

ЖАҢА ТҮРІК МЕМЛЕКЕТІНІҢ ЖОЛБАСШЫЛАРЫ. ЮСУФ АКЧУРА

0

ЗЕРТТЕУ. ЗЕРДЕЛЕУ. КӨЗҚАРАС

ЮСУФ АКЧУРА

ЖАҢА ТҮРІК МЕМЛЕКЕТІНІҢ

ЖОЛБАСШЫЛАРЫ

Юсуф АКЧУРА (1879-1935) көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, тү­рікшілдік идеясының саяси негізін қалаушылардың бірі, ойшыл, тарихшы. Юсуф Акчура 1879 жылы Ресейдің Симбирск қаласында Еділ бойының қайырымды байларының бірі Хасан Акчуриннің отбасында дүниеге келді. Әкесінен екі жасында жетім қалған Юсуфты анасы Қамар Бану ханым тәрбиелеп өсіреді. Баласының келешегін ойлаған, толық білім беруді мақсат еткен Қамар Бану ханым жанына жеті жасар Юсуфты алып, 1886 жылы Ыстамбұлға келеді.
Юсуф Акчураның бұдан кейінгі өмірі Ыстамбұлда жалғасты. Бастауыш және орта мектепті бітіргеннен кейін әскери мектепке қабылданды. Мұнда жүріп саяси, мәдени істермен шұғылданды, тарих туралы мақалалар жариялай бастайды. Оның тырнақалды мақаласы татар халқынан шыққан көрнекті тұлға, жаңашылдық, жәдитшілдік қозғалысының жолбасшысы Шихабеддин Маржанидің өміріне арналды.
Әскери мектепті бітіргеннен Юсуф Акчура кейін саяси істермен шұғылдана бас­тады. Саяси көзқарасы үшін және Еуропадағы «Жас түріктер» қозғалысымен байланыс құрды деген күдікпен 1897 жылы айдауға жіберіледі. 1899 жылы айдаудан қашқан Акчура досы Ахмет Феридпен бірге Тунис арқылы Парижге жол тартады. Әртүрлі пікірлер мен ағымдардың тоғысқан тұсы болған Парижде ол «Саяси білімдер факультетінде» оқиды. Сол кездегі ірі саясаттанушылардан дәріс тыңдай жүріп, ұлтшылдық пен түрікшілдіктің саяси бағдарламасын жасай бастады. Садри Мақсуди Арсалмен және «Жас түріктер» қозғалысының жетекшілерімен танысады. Сонымен қатар, көптеген басылымдарда саяси мақалалар жариялай бастады.
Толығырақ »

БЕРНАРД ШОУ. ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

0

ЗЕРТТЕУ. ЗЕРДЕЛЕУ. КӨЗҚАРАС

Ғарифолла ЕСІМ,
ҚР Парламент Сенатының депутаты,
философия ғылымының докторы, академик

БЕРНАРД ШОУ

Бернард Шоудың «Адам ата – Хауа ана» (Тұңғыш қанішер) атты екі бөлімді драмасын оқып шықтым. Аударған Өтен Ахмет, шығарма «Әлем әдебиеті» журналының 2012 жылғы екінші санында жарияланған.
Адам ата мен Хауа ана туралы аңыз-хикая жеті миллиард адамзаттың жартысына қатысты. Иудаизм, христиан, ислам діндерінде Адам ата мен Хауа ана туралы әңгімелер құлаққа әбден сіңісті болған. Адам ата ислам дінінде пайғамбар, ол – Тұңғыш адам. Мені, осы Тұңғыш адам деген түсінік ерекше ынталандыруда. Аңызды негізге алсақ, Тұңғыш Адам жер бетінде жаратылмаған, оның мекені жұмақ. Жер-Ана деген ұғым Адам атаға қатысты емес, оның дүниеге келген мекені – жәннат. Адам атаның жерге деген сезімінде бөгделік болуы ғажап емес. Олай болса, бұл сезім, оның ұрпақтарына да сіңісті болып үлгерді ме екен? Аталық сезімде бөгделік бар десек қалай болғаны? Альбер Камю шығармашылығындағы бөгделіктің түп-тамыры осы жағдайға қатысты емес пе екен деген ойға келемін. Иә, Адам ата жерден тыс жердегі топырақтан жаратылды. Оның айғағы одан тараған сан ұрпақтың қара жерге жасап отырған қиянатынан аңғарылады емес пе? Адамдардың жерге қанында бар өгейлігі экологиялық мәселеге ұласқан десек, шындық бола ма, әлде ол аңыз ғана болып қалмақ па? Ойланған жөн.  Табиғат адамзаттың туған топырағы  болса, неге оны ерекше қадірлемеске? Сірә, табиғатты ысырап ету сыры адам баласының жерге өгейлігінде ме екен? Әрине, бұл мәселеге ғылыми көзқарас емес, алайда Адам ата туралы ғасырлар бойы толастамай қайта-қайта жанданып, қайталанып келе жатқан діни аңызға, біздің де рефлексиямыз болуы, оның үстіне сөз болып отырған ағылшын қаламгерінің аталмыш шығармасы осы мәселеге тағы да оралуға, ой қозғауға себеп болып тұр. Толығырақ »

КӨРКЕМДІК ДӘСТҮР. Сағымбай ЖҰМАҒҰЛ

0

ЗЕРДЕЛІ ЗЕРТТЕУ

Сағымбай ЖҰМАҒҰЛ,            
                            Е.А.Бөкетов атындағы  ҚарМУ-дің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры

КӨРКЕМДІК ДӘСТҮР

Көне түркі дәуірі әдеби жәдігерлерінің қазақ тіліне аударылу
тарихынан (1980 жылдар соңындағы аудармалар негізінде)

ХХ ғасырдың сексенінші жылдарының соңы қазақ әдебиеттануының ежелгі дәуір әдебиетін зерттеудегі әдіснамалық негіздерінің озық ғылыми тәжірибелер­ді ұштастыра жаңа биікке көтерілуіндегі айтулы белес. Бұл кезеңге дейінгі әде­биеттануда атқарылған келелі істер Б.Кенжебаев атап өткеніндей: «Көне түркі жазба ескерткіштері – рухани мұра ретінде бізге де ортақ. Қайталап айтсақ, қазақ әдебиетінің тарихы V-VІІІ ғасырлардағы Орхон-Енисей тас жазуларынан басталады. Біздің 1960-70 жылдары дәлелдеп, қол жеткен табысымыз – осы концепция болатын» (1, 44). Әдебиет тарихын кешенді түрде тұтастықта қарастырудағы осынау ділгір де маңызды мәселе өз кезегінде қазақ руханиятының көне түркі әдебиетімен тарихи сабақтастығын, көркемдік дәстүр жалғастығын тереңірек зерттеуге түбегейлі бетбұрыс жасаған ғылыми еңбектер арқылы шешімін тапты. Мұндай келелі мәселелер ұлттық әдебиеттануда біріншіден,  қазақ халқына да ортақ мұра болып табылатын ертедегі әдебиет нұсқаларының ана тіліміздегі толық көркем аудармасын жасау және рухани өмір өзегіне айналдыру, екіншіден, сол құнды жәдігерлерді арнаулы зерттеулер нысанына алу, типологиясы мен ге­незисін кешенді саралау, Шығыс әдебиетімен байланысын дәлелдеу барысында жүзеге асты. Осынау мейлінше мол жауапкершілік жүктейтін келелі істе отандық ғылым өзінің әлеуетті мүмкіндіктерін көрсете алды. Бұл ретте түркітанудағы Одақ көлемінде көне түркі ескерткіштерінің 1250 жылдығына орайластырылып, Алматыда Бүкілодақтық ІV конференция (1985.10-12.09) және ЮНЕСКО-ның «Орта Азия цивилизациясының тарихы» атты VІ томдық басылымын әзірлеу бағ­дарламасының шеңберінде «Орта Азиядағы орта ғасырлардағы мәдени-тарихи процесстер» атты тақырыпта халықаралық конференцияның өтуі, «Советская тюркология» (1986.№4) журналының арнаулы санының Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұни мұрасына арналуы, Бакуде «Огузский эпос, Книга моего деда Коркуда» (1988.07) атты бірінші кеңес-түрік пікір алысуының ұйымдастырылуы сынды мәдени-әдеби іс-шаралар және де қайта құру талабындағы қоғамдық өмірдегі оң өзгерістер барысы ғылыми-зерттеушілік ой-пікірге соны тыныс дарытты. Толығырақ »

ҚҰҢФУЗЫ. ЗЕЙНОЛЛА СӘНІК

0

ҰЛЫЛАРДАН ҰЛАҒАТ

Зейнолла СӘНІК

ҚҰҢФУЗЫ

және оның ғақлиялары

Зейнолла Мүбәракұлы СӘНІК 1935 жылы Қытайдың Тарбағатай аймағында дү­ниеге келген. Пекин қаласындағы орталық жастар институтын бітірген. Өмір жолын бас­пагерліктен бастап, Үрімжідегі жастар баспасында жауапты редактор болып қырық жылдай қызмет атқарған. Әдеби зерттеу жұмыстары 1955 жылы басталған. Сол тұста Қытайда жүргізілген «мәдени революцияның» ауыр соққысына ұшырап, «халық жауы» болып, ауыр күндерді басынан кешкен. Сөйте жүріп еңбек­тенген қаламгердің роман, повестері және ғылыми еңбектерінен құралған жиырмадан астам кітабы жарық көрген. Қазақстанда «Қаракерей Қабанбай», «Хас батыр Қабанбай», «Тұғырыл хан», «Демежан батыр», «Халық күйші Қайрақбай», «Баспай» атты кітаптары және еңбектері жарық көрген. Ол қазір Қытайдың мемлекеттік Жазушылар одағының, мемлекеттік фольклор қоғамның мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері.

2006 жылы Қытайда ұлы философ Құңфузының 2557 жылдығы атап өтілді. Сол қатарда ЮНЕСКО «Халықаралық Құңфузы тағылымы сыйлығы» ат­ты сыйлық тағайындап, осы бір ұлы тұлғаны әлемдік биікке көтерді. Осы тұста Қытай өзінің ұлттық құндылықтарын қадірлеумен бірге Қытайда жасайтын аз ұлттардың, атап айтқанда ұйғырлардың «12 Мұхамын» «Әлем халықтарының ауызша айтылатын бейзаттық мәдени мұраты» ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының төріне шығарса, қазақтың «айтыс өнерін» бүкіл Қытай мемлекетінің ауызша айтылатын бейзаттық мәдени мұрағаты деген биік мәртебеге көтерді. Осы бір жалпы халықтық мәдени мұрағаттар жылында Құңфузы тағылымына қайта үңіліп, оны зерттеу, түсіндіру жұмыстарын тың белеске көтеріп, оның өлшемді суретін жариялады. Дүние жүзі көлемінде қытай тілін үйрену науқанының көтерілуіне байланысты әлемнің 80-нен артық елінде 200-ге тарта орынды Құңфузы мектепте­рі, Құңфузы тағылымын зерттеу институтының қам-қарекеттері жандана түсті. Бұл үрдіс Қазақстанда да қолға алынып, Қытайға барып оқып жатқан қазақ жас­тарының саны жыл сайын артып келеді. Үрімжідегі оқу ағарту университетінің мұ­ғалімі – кенже қызым Жанаттың қолында Қазақстанның 40-тан аса қара көзде­рі қытай тілін үйренуде. Осы тұрғыда Қазақстан оқырмандары да Құңфузы өмірі­мен оның ғақлияларын терең зерделеп, өзінің ұлттық идеологиясын орнатуға пайда­лы болар деген оймен ұлы философтың қысқаша өмірін және бір бөлім ғақлияла­рын көпшілікке ұсынып отырмыз. Толығырақ »

АХМЕТ ИАСАУИ ЖӘНЕ ЮНУС ЭМРЕ. Ибрахим ЙЫЛДЫРЫМ

0

ҮНДЕСТІК ПЕН ҮЙЛЕСІМ

Ибрахим ЙЫЛДЫРЫМ,
Юнус Эмре атындағы Түрік мәдениет
орталығының директоры

АХМЕТ ИАСАУИ

ЖӘНЕ ЮНУС ЭМРЕ

Түркілердің мұсылман болуы және Анадолының ислам дінін қабылдауы ке­зеңінде ықпалды болған ең маңызды тұлғалардың бірі – Ахмет Иасауи, екіншісі Анадолыда мистикалық көзқарастың ғұламасы, бұқара тарапынан сүйіспеншілік­ке бөленген түркі және мистикалық әдебиеттің дамуына зор үлес қосқан Юнус Эмре еді. Осы мақалада Ахмет Иасауи және Юнус Эмренің бір-біріне ұқсас ортақ қасиеттері және әр түрлі бағытты салыстыру арқылы екі маңызды мистикалық тұлғаның халқымызға қаншалықты ардақты екенін көрсетуге күш саламын.
Ислам – термин ретінде сенім, тыныштыққа жету, амандыққа жеткізу, екі жақ­ты қорғаныс және бейбітшілікті орнату сияқты мағыналармен қатар, кешірімділік, татулық, бейбітшілік, келісім, ымыраласу сияқты мағыналарды да қамтиды.
Әр түрлі көзқарас пен іс-әрекеттерді төзімділікпен қабылдау, болмашы қа­теліктер мен ақауларды кешіру мағынасына келетін термин. Бізден басқа және бізге ұқсамағандарға қарсы күш қолданбау, қысым көрсетпеу, олардың кішігірім өзгешеліктері мен кемшіліктеріне көз жұма қарау деген сөз. Моральдық таным ретінде дара және қоғамдық деңгейде де мән берілуі қажет құндылық. Толығырақ »