ЖАН ЖАДЫРАТАР ҚОЙЫЛЫМ
Думан РАМАЗАН
«ГАМЛЕТ» – АСТАНА САХНАСЫНДА
Сәуірдің 12-13 күндері Астанадағы Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында ағылшынның ұлы драматургі Уильям Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы қойылды. Қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов.
Спектакльге бармас бұрын Гамлет туралы жадымыздағы жайттарды жаңғырта түсу мақсатында ғаламторды да біраз сүзіп шыққанымызды айта кеткен жөн шығар. Сонда көзіміздің жеткені соңғы жылдары әлем экрандары мен сахналарында Гамлеттің неше түрлі нұсқасы жасалып, қойылыпты. Тіпті комедия, фарс жанрында сахналанған қойылымдарды көріп, таң-тамаша қалғанымыз да рас. Әркімнің өз шындығы, өз Гамлеті бар демекші, әр қойылым өзінше тыңға түрен салған екен. Әр режиссер өзінше қойып, өзінше шешім жасаған. Солай болуы керек те. Өнерде қатып қалған ештеңе жоқ, болуы да мүмкін емес. Заманның талабы ма, әлемге әйгілі трагедияның көп жері қырқылып, қысқартылғанын байқадық. Мұның бәрін тізіп отырғандағы себебіміз, спектальге барарда, біріншіден, іштей дайындалып барғанды жөн көрдік, екіншіден, енді біздің қазақтар қай бағытқа тартар екен, ескі сарынға сала ма, әлде осы күнге дейінге қойылған көп Гамлеттің бірін қайталар ма екен деген күдік-күмәннің де болғаны рас. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Авторлар | Жарияланған күні: 19-06-2012
ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРІ
Жеңіс КӘКЕНҰЛЫ
КЛОД МОНЕ
НЕМЕСЕ ИМПРЕССИОНИЗМНІҢ КӨК ТУЫ
Жеңіс КӘКЕНҰЛЫ – кескіндемеші, график, публицист. Мәдениет қайраткері. 1965 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1982-1989 жылдары ҚазПИ-дің көркем-сурет графика факультетінде оқыған. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. «Мәдениетті қолдау жылы» эмблемасының авторы (2000 ж). Президенттік степендия иегері. 2006 жылы «Өнер» баспасынан «Жеңіс Кәкенұлы» атты альбом-жинағы жарық көрген.
* * *
Әдетте, біз – қалалықтар, тіршіліктің қым-қуыт жүгірісімен зымырап жүріп, айнала көріністің әсерін бақылай, байқай бермейміз. Таң қалай атып еді, күн сәулесінің әуемен ағып барып үй қабырғасына шағылғанда қандай түсте еді, біраздан соң неге өзгеріп сала берді дейтін сұрақтарға тіпті бас қатырмайтынымыз анық. Әлдебіреу сізді тоқтатып: «Әлгінде ғана аспанның әнебір шеті жұмсақ көгілдір түстен жібек күлгінге қарай ауысып еді, енді келіп тотияйындай көкпеңбек бола қалыпты ғой», – десе, оның ақыл есінің дұрыстығына күмән келтіретініңіз де айдан анық.
Табиғаттың айнығыштығын, жарықтың айналаға әсерін, сәт сайын өзгеріп отыратын жарық пен көлеңкенің арпалысы, күн жылжи келе әлгінде ғана жарқырап тұрған әлдененің жарқыраған бүйірі солғын тартып, келесі бір қыры құлпырып, құбыла бастағанын кенебіне дереу түсіріп, осы үрдісті өзінің суретшілік ғұмырына өмір бақи азық еткен суретшілер жүрді арғы ғасырда. Қас пен көздің арасындағы құбылыстың, әсердің өзін ұстап қалуымен ғана бейнелеу тарихында өшпес ізін қалдырып кеткен бұл суретшілер импрессионизм өкілдері болатын. Өздеріне дейін тек ғимарат ішінде сурет салып, академиялық сурет канондарынан қия баспай отырған әріптестерінен жеріп, мольберттерін арқалап, аулаққа, табиғат аясына безіп кеткен импрессионистердің көш басында Оскар Клод Моне тұрды. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Авторлар | Жарияланған күні: 25-08-2011
ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРІ
Ардақ Юсупова,
өнертану кандидаты
БАҚИ ОРМАНШЕ
Ол – татар бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі және бірегейі саналады. Бақи Орманше кеңестік көркемсурет жоғары оқу орнында жоғары кәсіптік білім алған татар халқының алғашқы суретшісі. Ол әуелі 1919 жылы Қазандағы еркін көркемсурет шеберханасына түсіп, білім алады. Содан кейін Мәскеуде ВХУТЕМАС-та (Жоғары көркемөнер және техникалық шеберханалары, соңынан институт болып құрылған) оқуын жалғастырады. Мұнда Орманше бірден екі факультетте оқиды, мүсіндеу өнерінен А. Голубкинаның шеберханасында, кескіндеме бойынша А. Шевченкодан дәріс алады.
Институтты 1926 жылы ойдағыдай тәмамдаған суретші Қазанға оралады. Мұнда ол көркемсурет мектебінде (сол жылдары техникум) оқытушы және оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарады, бұл кезеңде ол өзінің төл кескіндемелерін туындатады, көркем қышбұйым шеберханасын ұйымдастырады, мақалалар жазып, безендіру ісімен айналысады, дәріс оқып, Татар мәдениеті үйінде өнер секциясына басшылық етеді.
1929 жылы Бақи Орманше сталиндік қудалаудың алғашқы легіне ілігіп, Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Авторлар | Жарияланған күні: 20-06-2011
ӘЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАР
ТАҢҒАЖАЙЫП ТАГОР
Дүниедегі ең талантты адамдардың бәрі жұмбақ. Шын талантты адам әрі биік, әрі терең, әрі кең, сондықтан ол бас алады әріден. Жұмбақ емес адам талантты да емес. Ұлы Абай: «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла», – деді ғой. Біз сөз еткелі отырған Үндістанның дарабоз дүлдүл данасы Рабиндранад Тагор да жұмбақ. Тагор – оңайлықпен жалынан сипатпайтын тарлан тұлпар. Көкке шапшып, Айға атылып тұр. Тагорға әбден өткелектен өтіп, дымың құрып зорға жетіп, ынтызар боп ынтығып, іңкәр боп үзіліп, дайындықпен келмесең оның көкжиегін көре алмайсың. Өйткені, Тагор тылсым тың жұмбақ, түпсіз терең тұңғиық. Ойлап көрші… дүниенің өзі де жұмбақ қой. Тагор – зор, өр, ер, табиғаттай тұтас, бітімі бөлек бірегей, зәулім заңғар, буырқанған бұла, мұқалмас мұра.
Міне, осындай, басқадан оқ бойы оқшау тұрған, жалаң басын ғарышқа ұрған, қыран көзін адамзатқа бұрған телегей теңіз тау тұлғаның текті тұрпатына қарай бет алайық. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Авторлар | Жарияланған күні: 20-02-2011
ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРІ
Жеңіс КӘКЕНҰЛЫ
ПИКАССО
Осы күндері суретші де, сурет сала білмейтін әлеумет те «Пикассо» десе-ақ қосарлана кетіп, бір сөйлеп қалады. Естіген бір дерегін кесе көлденең тартып жатқаны. Біреуі біліп айтса, бесеуі, дүрмектің үрметі үшін ғана «ойпырым-ай» десіп жүргені. Иә, кім қалай айтса да, не уәж десе де көзі тірісінде бас айналдырар атақ-даңққа бөленіп, артына ғажайып аңыз қалдырған испан суретшісінің тіптен де тегін адам еместігі.
Өзінікі тұрғанда өзгенікін әулие тұтқыш біздің халықтың табиғатына шым-шымдап кірген «Пикассо» дейтін есімді шама жеткенінше сыналап көрсе – ең алдымен оның сұрапыл еңбекқорлығы көзге түссе керек.
Соңында қалған он мыңдаған картина, жиырма-отыз мыңдаған гравюра, мүсіндері «Пикассо» аңызының діңі болса керек. Өмір сүрген тоқсан екі жыл ғұмырының әрбір тәулігін сурет салуға арнаған мехнаткештігімен өлшенсе керек, ең әуелі. «Менің айтайын дегенім тіптен көбейіп, оған деген уақытым сарқылып бара жатыр» дейтін жанкештілігінде шығар.
– Сіз осы, шаршамайсыз ба? – деп сұрағандарға:
– Жоқ ә, мен мұсылмандардың мешітке кірерде аяқ киімін табалдырыққа шешіп кететіні секілді, шеберханаға кірерде тәнімді босағаға қалдырамын, – деп жауап қатады екен, жарықтық. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Авторлар | Жарияланған күні: 25-06-2010