Әлем әдебиеті

УА, АДАМЗАТ, МЕНІ АЯ!

0

Ғабдолла ТОҚАЙ – 125

Ғабдолла ТОҚАЙ

УА, АДАМЗАТ, МЕНІ АЯ!

Татар әдебиетінің классигі, ақын  Ғабдолла Мұхаммедғарифұлы ТОҚАЙ (1886­-1913) бұрынғы Қазан уезі Қошлауыш ауылында дүниеге келген. Жастай әке­-шешеден айрылып, жетімдіктің азабын тартқан ол апасының жәрдемімен Орал қаласындағы «Мутыйғия» атты медреседе оқиды. Баспаханада әріп теруші, артынан корректорлық жұмысты атқара жүріп, әдебиетке араласа бастайды. Ғ. Тоқайдың ақындық тәжірибесі орыс ақыны Кольцовтың өлеңін аударудан басталды. Крылов мысалдарын татар тілінде сөйлетті. Өткір памфлеттер, сықақ өлеңдер, поэма, эпиграммалар жазды. Халық ертегілерінің сюжеті негізінде бірнеше поэма жазды. Өз шығармаларын татар тілінде, сол халықтың рухында туындатқан Тоқай нағыз ұлт ақыны болды. Небәрі 27 жасында дүниеден өткен ақын туралы сол кездегі басылымдарда «Тоқай өлімімен татарлар өзінің шын азаматы, ұлы ақынын жоғалтты» деп жазған еді.
Биыл туғанына 125 жыл толып отырған Ғ. Тоқайдың халық ертегісінің сюжеті бойынша жазылған туындыларын оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

ШӨРӘЛІ

I

Дәл Қазанның артында
«Қырлай» дейтін ауыл бар.
«Қырлайдағы тауықтың
Өзінше бір әні бар».

Тумасамда мұнда мен,
Біраз ғана тұрып ем.
Жерін жыртып, егінін,
Бидай да орып ем.

Ұмытпаймын, әлі мен,
Орман еді жан-жағы.
Бейне пүліш, жібектей
Жайнап жасыл жапырағы.

Толығырақ »

ҰЛЫ ШЫҢҒЫС ХАН ТУРАЛЫ АҢЫЗ-ДАСТАНДАР

Комментарии к записи ҰЛЫ ШЫҢҒЫС ХАН ТУРАЛЫ АҢЫЗ-ДАСТАНДАР отключены

КӨНЕДЕН ЖЕТКЕН ҚАЗЫНА

Жагдалын ЛХАГВА


ҰЛЫ ШЫҢҒЫС ХАН ТУРАЛЫ АҢЫЗ-ДАСТАНДАР


Жагдалын ЛХАГВА 1942 онд Дорноговь аймағының Хөвсгөл елді мекенінде дүниеге келген. 1966 жылы Киевте политехника институтын, 1987 жылы Мәскеуде Әдебиет институтын бітірген. 1960 жылдан әдебиетпен айналысады. 1991 жылы Моңғолия Жазушылар одағының сыйлығын алды. Көптеген әдеби шығармалар мен кино туындыларының, телекино және телепьесалардың авторы.

 «Шыңғыс ханның үш жүз Тәйшілермен шайқасы», «Шыңғыс ханның тоғыз тұғыр уәзірі мен жетім ұлдың шешендік шежіресі» ежелден бергі түркі тектес көшпенді тайпалардың береке-бірлікті, ынтымақ-достықты, тату-тәтті сыйластықты аңсаған аса маңызды ұла­ғатты, моңғол халқының ауыз әдебиетінің ең сындарлы мұрасы:

Аралап таппас,
Алтын қазынасы.
Іздеп таппас,
Інжу-маржаны.
 

Бұл  жыр бұған дейін ешбір елдің тілінде жарыққа шықпаған. ХІV ғасырдан бері моңғол халқының арасында ауызша таралып, астарлы аңызға айналып жалғасып келген. Халық аузынан жинақталып, толық нұсқасымен моңғол тілінде баспадан жарық көргеніне де он шақты жылдың жүзі болды.

* * *

  ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ ҮШ ЖҮЗ ТӘЙШІЛЕРМЕН ШАЙҚАСЫ

Ұлы Шыңғыс хан шет жерлерді мекендеп жүрген заманда бір күні тоғыз тұғыр уәзірлерімен бірге із шалып, барлауға шығып жүріп, былай деп уәж айтады: «Қай бағыттан қандай дұшпанға тап боларымызды алдын ала болжау мүмкін емес. Мәртебелі тоғыз уәзірлерім, бір жерге топтасып, ұйлығыспай үш-үштен жұпталып, аса сақ жүргеніміз абзал», – дейді. Ханның аманаты бойынша Зелме мен Шу мерген Шихихұтық үшеуі бір жұп, Боршы мен Борқұл, Мұқылай үшеуі екінші жұпқа бөлінеді де, Сүлдестің Сорқын-сарысы мен Бесүдтің Жебесі, Ойраттың Қарақожалағы үшеуі ауылды басқарып қалады. Шыңғыс хан алты уәзірін жасақтап алып, із шалып, барлауын жалғастырып, Шақырай ханның ту сыртынан, Жалмын ханның алдынан тосқауылдап келе жатқанда хан ағзамның тұсынан: Толығырақ »

КЕЙДЕ КҮЛІП МИЫҚТАН

0

МОҢҒОЛ ӘДЕБИЕТІ

Дэндэвийн ПҮРЭВДОРЖ

КЕЙДЕ КҮЛІП МИЫҚТАН

ТӨРТ МАУСЫМ ДАЛАСЫ

(Л. Мөрдоржының әні)

Қарасында ғашықтың,
Күлімдеп күн өпкен гүл.
Бал құрағын шашып тың,
Маужырайды көктен нұр.

Әуезіндей елімнің,
Көңіл күйін қозғаған.
Желегіндей келіннің,
Желбірейді жаз далам.

Алты шапақ айқарған,
Төрт құбыла қызған ән,
Дән дария жайқалған,
Сары алқалы күз далам.

Толығырақ »

СЫБЫЗҒЫШЫ

0

МОҢҒОЛ ӘДЕБИЕТІ

Чойжилжавын ЛХАМСҮРЭН

СЫБЫЗҒЫШЫ

Қара мұртын ширатып қысып көзін,
Сыбызғысын алды қарт үзіп сөзін.
Жылы шырай көздерін қамады ма,
Мейір төгіп біздерге қарады да.

Сыбызғысын үрледі тартып демін,
Жастық әуен шалқыды артып сенім.
Шарықтады әсем саз төзе алдым ба,
Елестеді бір сурет көз алдымда.

Таудың тағы қырағы мұзбалағы,
Аш қасқырға шүйіліп сорғалады.
Үкі таққан бөркіне аңшы қазақ,
Бөктерлете жөнелді қамшы сабап.

Толығырақ »

ТАУТЕКЕНІҢ ТҰРАҒЫ

0

МОҢҒОЛ ӘДЕБИЕТІ

Бэгзийн Явуухулан

ТАУТЕКЕНІҢ ТҰРАҒЫ

Баллада

Сол бір жылдың қысының ұзағын-ай,
Сөз жетпес.

«Тэхийн зогсоол[1]» шыңының құзарын-ай,
Көз жетпес.
Күрең таудың күнгейі, көк қоралы

«Хүүш[2]» атты,
Болушы еді бір ықтынды көне кәрі
Қыстақты. Толығырақ »

ҰЙЫП ЖАНЫМ, ҚАЛҒЫМА ТЕК

0

МОҢҒОЛ ӘДЕБИЕТІ

 Далантайн ТАРВА

ҰЙЫП ЖАНЫМ, ҚАЛҒЫМА ТЕК

Далантайн ТАРВА – ақын, жазушы, журналист. 1923 жылы Моңғолияның Дорнод аймағының Халх гол ауданында дүниеге келген. Он үш жасынан әскерге алынып, 1940 жылы Халх гол соғысына қатысқан. Алдымен Моңғолия мемлекеттік университетінде, кейіннен Мәскеу қаласындағы М.Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған. Көптеген жыр жинақтары басылып шыққан. «Туған жер үшін», «Әндер», «Мәскеу – Ұланбатыр», «Бейбітшілік үшін, Отан үшін» атты кітаптары жарық көрген.

ТОБЫЛҒЫ ҚАМШЫ

Тобылғыдан жолдас қып,
Жонып алған қамшы едің.
Даңқты біздің қолбасшы,
Қолына алған қамшы едің.

Моңғол адам қайыстан,
Өріп берген қамшы едің.
Сүхбаатарға алыстан,
Серік болған қамшы едің.

Ақ арманын адамның,
Тар кезінде ақтаған.
Бақыты үшін заманның,
Құпиясын сақтаған.

Толығырақ »

ЖҮРЕГІ ЖҰМСАҚ ЖЕР ҒАНА

0

МОҢҒОЛ ӘДЕБИЕТІ

Цэдэв ДОЖООГИЙН

 

ЖҮРЕГІ ЖҰМСАҚ ЖЕР ҒАНА

Цэдэв ДОЖООГИЙН көрнекті моңғол ақыны, әдебиет зерттеушісі.  1944 жылы дүниеге келген. Көптеген өлең кітаптарының авторы. Сексенінші жылдары Моңолия Жазушылар одағын басқарған. Тоқсаныншы жылдары Жапонияда тұрып, моңғол тілінен сабақ берген. Қазір ҰланБаторда Өнер институтының ректоры. 1984 жылы «Дос жүрегі» атты кітабы қазақ тілінде «Жазушы» баспасынан ақын Ұ. Есдәулетовтың аудармасымен жарық көрген.


* * *

Ұйықтап жатыр құлыншақ,
Не біледі?
Шидей нәзік сирағын тебінеді.
Жапырақтай
Қос құлақ қайшыланып,
Тыңдап жатыр десеңші,
Тегі, нені?

Бұзбайын деп
Құлынның тыныштығын,
Еппен сүйіп
Шалғынның күміс шығын,
Сипайды жел
Жібектей жұмсақ қолмен
Құйрық-жалын құлынның,
Пүліш түгін.

Енесінің сүтіне тойған
Құлын,
Үйірінен саяқ қап қойған бүгін.
Талай ақын тамсанып жырлар,
Бәлкім,
Әлі-ақ мұның қас тұлпар болғандығын.

Толығырақ »

МОҢҒОЛ АҚЫНЫНЫҢ АЛАШТЫ ЖЫРЛАУЫ

0

МОҢҒОЛ ӘДЕБИЕТІ

Чойном РИНЧИН

МОҢҒОЛ АҚЫНЫНЫҢ АЛАШТЫ ЖЫРЛАУЫ

Мен қайда қоныс аударсам да қоржынымның бір бұрышынан қалдырмай арқалап алып жүретін аяулы дүниелерімнің бірі моңғолдың белгілі ақыны, абақты жыр­ларының айтулы өкілдерінің біріЧойном РИНЧИНГЕ тиеслі еді. Мұның сыры оның қыран жырларына деген қызығушылықтан туатын пір тұту да емес, жаттың бір ақиық сөз иесінің менің халқымды, менің қазағымның болмыс-бітімін жан-тәнімен түсініп, сүйгендігінде болса керек. Менің ұлтыма бүкіл-бүтін үлкен эпикалық дүние­лерін арнаған жат-жұрттықтар арасында сирек кездесетін ерекше адамдарың бірі осы Чойном.

Көзін көргеміз жоқ. Бірақ ақынның талайлы тағдырынан аздап білетініміз бар. Суырып салма, төкпе ақын бір отырыста «Кісі» атты өлеңмен жазылған романын «екі жылдан астам толғанып, жиырма тоғыз күнде жазып біттім» дегені үшін де «ауыр есік» ашқан екен. Ал оның Алаш баласын бауырындай сүйгені жөнінде үзеңгілес досы, Моңғолия мемлекеттік сыйлығының иегері, халық жазушысы Ш.Сүрінжап (Сүрэнжав) «Көңіл толқыны» атты толғауында былай дейді: «Қазақ тілін өз бетімше үйрендім дейтін. Анау Налайхтағы Қуаныш дейтін қазақтікіне түнделетіп өліп-талып жеткені бар. Ол оған қазақ тілін үйреткен жандардың бірі еді. Жалпы Чойном қазақ десе жанын беретін. Сол сезімі оны «Алтай» поэмасын жазуға жетелеген-ді». Міне, 1961 жылы көкек айында жазылған сол «Алтай» дас­таны, ағайын!

Бақытбек Бәмішұлы,
 
ақын

АЛТАЙ

Сұлу аттың көркі – жал,

Адамзаттың көркі – мал.

Абай

ӘЛХИСА

Бұрынғы бір естелік көпіртіп ойды көктедің,

Тәп-тәтті түсті үркітіп, еске алдың кімнің көктемін?

Өрнегі үлпек өлеңім, шалықтап-шалқып ұшасың,

Қайда жүр, кімді ыңылдап, әніңе қосып көкседің?

Қараған сынай көздердің көңілі кеткен мекені,

Сан ғасырдың куәсі – күмістей бурыл шекелі.

Судай жаңа дәуірдің туындай ақ мұз тұмағы,

Сұлу Алтайдың тумасы көкейімді көптен теседі.

Түзілген сапта сарбаздай теп-тегіс түскен жыр-әнім,

Тап-таза, мінсіз аспанмен тебіндеп ұшар пырағым.

Тұп-тұнық қара жанарлы, қарағым, саған сыйлаған,

Тұңғиық арлы ақылға сөзімді салып сынағын.

Алыста батыс шеттегі Алтайда менің арманым,

Ал, ағайын, ендеше, жырымнан тыңда қалғанын.

Толығырақ »

САРЫ АҒАШ, САРЫ ТӘҢІР, САРЫ БҰРЫМ

0

МОҢҒОЛ ӘДЕБИЕТІ

Гунаажавын Аюурзана

САРЫ АҒАШ, САРЫ ТӘҢІР,

САРЫ БҰРЫМ



Моңғол ақыны Гунаажавын АЮУРЗАНА Мәскеуде Горький атындағы әдебиет институтын тәмамдап, АҚШ-тың Айова университетінде оқыған. Оның поэзиясы аса күрделі. Бірнеше кітаптары жарық көрген. «Өскелең өлеңдер», «Жалғыз жүдеу жапырақ», «Уақыт өтпелі», «Жігіт зерде», «Пәлсафалық өлеңдер», «Non Plus Ultra» қатарлы жыр жинақтары, «Әдебиет хақындағы ойлар» әдеби зерттеуі, «Сүйкімсіз әлем блюзі», «Сиқырлы сағым», «Құлап жатқан құс қанаты», «Жаңғырықтан туғандар» атты прозалық туындылары шығармалар галереясын құрайды. Г.Аюурзана аударма саласында да сүбелі еңбек етті.

ЕРТЕҢ ДЕГЕН

Ертең деген – ызғар, бұлдыр, сыңар мұң,
Бұлт тәрізді майда қоңыр қылаң күн.
Арасынан ат сілкінген мұнардың,
Ертең деген – өзім өңім сан түрлі,
Тағы бір сәт үһлеймін бәлкім мен.
Бір шетінен жыртық бұлтты уыстап,
(Бұлт нұсқа!)
Сондай жұмсақ үш ауыз сөз сыбырлап,
(Үш қысқа!)
Аппақ шуақ аунап түскен күміс жақ,
(Күнге ұшсам)
Сезіміме сезім сіңді мың ырғақ.
(Дәл қазір)
Ертең деген – ызғар, бұлдыр, сыңар мұң,
Бұлт секілді майда қоңыр қылаң күн.
Арасынан ат сілкінген мұнардың,
Мені бүгін сүй де, ертең ұмыт қалайда!
Жарай ма?

* * *

Толығырақ »

ӨТТІ БАСТАН НЕБІР КҮН

0

МОҢҒОЛ ӘДЕБИЕТІ

С. ДОРЖПАЛАМ

ӨТТІ БАСТАН НЕБІР КҮН

НҰРЛЫ ДҮНИЕ

Қалды алыста
Улан-Батор қаласы,
Көз ұшынан кетті үзіліп қарасы.
Айырылысу азабынан өлмейсің
Жүрегіңде жүрер, бірақ жарасы.
Шопырменен қатар отыр бойжеткен
Жылап отыр, жылап отыр қарашы.
Жанары оның жаңбыр тиген әйнектей
Жасқа толған, жасқа толған шарасы.

Бүдіршіндей бойжеткен қыз мұғалім,
Тыя алмайды көзіндегі бұлағын.
Көкірегін кернеп моңғол қызының
Тербеп отыр сағыныш па, бір ағын?
Зула, зула, зула, зула, тұрмағын,
Заулат, мотор, дөңгелектер, зырлағын!
Мұңын басып зымыраған жылдамдық,
Шешер мүмкін жүрегінің жұмбағын!

Ұмытпайды ол, өртенеді өзегі,
Қиялы оның мектеп ішін кезеді.
Шәкірттердің екі жүз мұңлы жанары
Телміріп тұр өз соңынан, сезеді.
Ұмытпайды ол шәкірттерін ешқашан,
Қимағанмен шарасы жоқ, төзеді.
Оралмайды ол мектебіне сүйікті,
Келмейді енді оралуға кезегі.

Толығырақ »