СҰЛУ САЗДЫ СӨЗ САРАСЫ
Роберто Фернандес РЕТАМАР
ҚЫЗЫҚ-АУ ӨМІР ДЕГЕН
Роберто Фернандес РЕТАМАР – кубалық ақын, прозаик, әдебиеттанушы. Сөз құдіретін санасына түйген сарабдал ақын бірде философиялық сарында қалам тербесе, бірде нәзік лирикада өмір жайлы ой қозғаған. Тоқсаныншы жылдардың орта шенінде «Америка үйі» атты халықаралық мәдени орталыққа басшылық еткен. «Сол баяғы өлеңдер», «Саяси құбылыстар», «Стилистика жайлы бірер ой» атты бірнеше кітабы жарық көрген.
МЕН СІЗДІ СҮЙЕМ
Мен сізді сүйемін,
Себебі тал бойыңда,
Ұқсастық барын білем терекпенен,
Жайылған жапырақтай саялысың,
Ал жанға иілмейсің керекпеген.
Бар айнала кеткенде күңгірттеніп,
Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Поэзия | Жарияланған күні: 07-12-2012
ТҮРІК ПОЭЗИЯСЫ
Юнус ЭМРЕ
ӨТЕР БҰЛ КҮН…
Юнус Эмре – түріктің ұлы шайыры. Ғұмырбаяны туралы мәліметтер көмескі. Бірақ ғалымдар көп зерттеудің нәтижесінде ақынның шамамен 1240 (41) жылдары дүниеге келіп, 1302 (21) жылдары өмірден озғаны жайлы тоқтамға келіп отыр. Ол ХІІІ ғасырда, селжұқтар билігі құлаған дәуірде өмір сүрген. Күллі ұлы шайырлар сияқты, заманының зарлы сарыны Юнус жырларынан да айқын көзге ұрады. Оның сырлы диуандары ауыздан-ауызға тарап, күллі дүниені кезіп кеткен. Сондықтан бір туындысының бірнеше нұсқалары болуы да заңды. Сол кездегі жазба әдебиет өкілдеріне тән үрдістен Юнус Эмре де тыс қалмаған: оның шығармалары ескі түрік тілінде жазылғанымен араб, парсы тілдерінің де әсері мол екені байқалады.
Шақырайын, Мәулім, сені
Тауларыммен, тастарыммен,
Анау түпсіз аспаныммен шақырайын, Мәулім, сені.
Сахарларда құстарыммен,
Барлық ғашық достарыммен шақырайын, Мәулім, сені.
Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Поэзия | Жарияланған күні: 05-10-2012
ТҮРІК ПОЭЗИЯСЫ
Ахмет Кутси ТЕЖЕР
ҚАЙДА СОЛ БІР
БАЛ КҮНІМ?..
Ахмет Кутси ТЕЖЕР 1901 жылы 4 қыркүйекте дүниеге келіп, 1967 жылы 23 шілдеде Ыстамбұлда қайтыс болған. 1929 жылы Ыстамбұл университетінің философия бөлімін бітірген. Өлеңдері 1921 жылдан кейін түрлі журналдарда жариялана бастаған. Поэзия патшалығына өзіндік ою-өрнегімен келген талантты ақын кейде лирикаға қалам тербесе, енді бірде ұлттық сезімді ұлықтайтын өлеңдер жазған. Ал драматургияда ұлттық құндылықтарға баса мән бергенін анық байқауға болады.
ҚАЙДАСЫҢ…
Түнде бір үн бұзар әркез ұйқымды,
Тулап жүрек, іздейді тек өзіңді.
Іздеп келем қайдасың сен, сүйкімдім?
Сағындым мен нұрға толы көзіңді.
«Уақыт – емші» деген сөз бар халықта,
Уақыт бірақ жанға дауа болып па?
Жатсам-тұрсам естен кетпес назды үнің,
Өткен күнді шығам оймен шолып та. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Поэзия | Жарияланған күні: 05-10-2012
ХАЛЫҚ АҚЫНДАРЫ
Ешрефоғлы РУМИ
ҒАШЫҚ БОЛДЫМ,
ӨРТЕНДІМ
Не болар еді-ау бір дәруіш болып дәруішханада жүрсем,
Тәрк етіп мына азап пен ауыртпалық толы ортадан кетсем.
Қайда барсам, досты көрсем, дос хабарын берсем,
Досым, досым десем, достардың қойнына кірсем.
Ғашық болдым, өртендім,
Өрт жүрекке еніп кетер.
Ғаріп басым бұларды да,
Көріп келді, көріп кетер.
Ұлылар тұрар сөзінде,
Адалдыққа сөз беріп кетер
Ешрефоғлы жер жүзіне,
Өзге боп келді, өзгеріп кетер.
Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Поэзия | Жарияланған күні: 05-10-2012
ТҮРІК ПРОЗАСЫ
Саит Фаик АБАСЫЯНЫК
САМАУЫР
әңгіме
Саит Фаик АБАСЫЯНЫК 1906 жылы 23 қарашада дүниеге келген. Адапазарыдағы бастауыш мектебінде, кейіннен екі жыл орта мектепте оқиды. Азаттық соғысынан кейін отбасымен Ыстамбұлға келіп тұрақтап, Ыстамбұл университетінің әдебиет факультетінде білім алады.
1929 жылы 9 желтоқсанда Саит Фаиктің «Ұшыртпалар» атты алғашқы әңгімесі жарияланды. Алғашқы шығармаларын жаза бастаған кезінде әңгіме жанрында бір жағынан Өмер Сейфеттиннің «ұлттық әңгімесінің» әсерінде болса, екінші жағынан Рефик Халит Карайдан Желалеттинге дейінгі жазушылардың «әзіл әңгімелеріндегі» басымдық бағытты ұстанған еді. Сабри Ертем және Сабахаттин Алимен қалыптасқан «реалистік бағытта» да қатар жүрді. Саит Фаик осы бағыт әсерімен алғашқы әңгімелерін жаза бастайды. Ол адамдар арасындағы шиеленісті, дағдарыстарды, түсініспеушіліктерді әңгімесінің негізгі тақырыбы етіп алды. Алғашқы кезеңде жазылған шығармалары Адапазары мен Ыстамбұлда өткен балалық және бозбалалық шағы жайында баяндалған.
Саит Фаик 1954 жылы 11 мамырда дүниеден өтті. Қайтыс болғаннан кейін Бургаз аралындағы үйі мұражайға айналды. Анасы «Саит Фаик атындағы әңгіме жүлдесін» тағайындады. Қазіргі заманғы әдебиетке қосқан үлесіне байланысты Америкадағы «Халықаралық Марк Твен қоғамының» құрметті мүшесі атанды.
Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Поэзия | Жарияланған күні: 05-10-2012
ТҮРІК ПОЭЗИЯСЫ
Эрдем БЕЙАЗИТ
ТҮН ҚОЙНЫНДА АҚСЫН БІЗДІҢ
ЖҰЛДЫЗДАР
Эрдем Бейазит (1939-2008) Марашта дүниеге келді. Бастауыш мектеп пен лицейдегі оқуын Кахраманмарашта тәмамдады. Жоғарғы білімін 1959 жылы Ыстамбұл университеті, құқық факультетінен бастады. Тұрмысының қиыншылығына байланысты 1961 жылы Анкара университеті, құқық факультетіндегі оқуынан қол үзіп, әскерлік борышын өтеуге кетті. Әскерден қайтып келгеннен кейін жоғарғы білімін Анкара университеті түрік тілі мен әдебиеті бөлімін тәмамдады. Әдебиет оқытушысы және кітапхана басшысы қызметтерін атқарды. 1987 жылы депутаттық сайлауда Анаватан партиясы атынан Кахраманмараштан депутат болып сайланды. Төрт баланың әкесі. Жетілген, тартысқа толы, дастанға ұқсас стильде жазылған өлеңдерінде де нәзік сезімдер жүрекке терең бойлайды. Исламдық сарын «Лейт-мотив» түрінде барлық өлеңдерінде көрініс тапқан.
ТАУЛАР
Бұлт торласа аю көтерген аспанын,
Қойнауында елік ойнаған асқарым.
Терең шатқалда сүмбіл шаштары жайқалып,
Етектерінде еңлікгүлдері найқалып,
Көгершіндері көк нұрыменен ойнаған,
Сәлделі шыңы зеңгір биікке бойлаған,
Ағаштары күнге қол созған бейне ғашықтай, Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Поэзия | Жарияланған күні: 05-10-2012
ЖАҺАН ЖЫРЛАРЫ ДЕСТЕСІНЕН
Амрита ПРИТАМ
үнді ақыны
ЛҮПІЛДЕЙДІ ЖҮРЕК НЕГЕ?
Сәби мен жыр
Сәби мен жыр
Екеуі де бағалы,
Көрінеді мына әлемнің қабағы.
Сәби мен жыр
Қасиетті, өйткені
Екеуі де қиналғаннан туады.
Сенім
Сен жайлы өсек қап-қараңғы, құбыжық
Жарқанаттай ұшып кірді бөлмеме,
Көзі соқыр, қабырғаны қармалап,
Саңылау іздеп аласұрды ол неге, Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Поэзия | Жарияланған күні: 05-08-2012
СҰЛУ СӨЗДІ СӨЗ САРАСЫ
Ли БАЙ
СЕЗІМІМ КЕТТІ ШАЙҚАЛЫП
Ли БАЙ (701-762) – Таң патшалығы тұсындағы ұлы ақын. Қазіргі Қазақстан жерінде Шу өзенінің бойында Сұяб қаласында туған.
Кейбір зерттеушілердің айтуынша, Ли Байдың ата тегі түркі тайпаларынан. Оның Бөрі, Буыршын деген ұлдары, Айнұр атты қызы болған.
Таң патшалығы поэзиясындағы қара өлеңмен табиғаты үндес төрт таған деп келетін «ааба» ұйқасты өлеңнің Қытайда пайда болуына мұрындық болған ақын.
Таудағы жазғы күн
Дүние неткен тымырсық? –
Бойым байсал.
Желпуіштей жел тыныш.
Тамырымда қою қаным ыңырсып,
Түнге жетем елтіп іш.
Тұтжалаңаш – тұрысым…
Жидым есті, түсіп әбден әуреге –
Самал болып қарағайдың тынысы
Құйылғанда кеудеме.
Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Поэзия | Жарияланған күні: 05-08-2012
СҰЛУ СӨЗДІ СӨЗ САРАСЫ
Марина ЦВЕТАЕВА
МАХАББАТ, КҮЙ, СҮЙДІР, ҚЫЗЫҚТА!
Марина ЦВЕТАЕВА – ХХ ғасырдағы орыс поэзиясының ірі өкілі. 1892 жылдың 26 қыркүйегінде (8 қазан) Мәскеуде туған. Болашақ ақын қолына қаламды алғаш рет алты жасында алады. Және өлеңді тек орыс тілінде ғана емес, француз, неміс тілдерінде де жаза бастайды. 1906-1907 жылдары «Төртіншілер» деген повесі (әңгіме деуге де болады) дүниеге келсе, 1906 жылы француз жазушысы Э. Ростанның «Мұзбалақ» атты драмалық шығармасын орыс тіліне аударады. Бір айта кетері, жоғарыда айтылған екі еңбегі де сақталмаған.
Өз ақшасына бастырып шығарған «Кешкі альбом» атты жыр жинағы Маринаның алғаш рет басылым бетінде көрінуі еді. Бұл жинақты сыншылар қауымы өте жылы қабылдайды. Ырғағындағы жаңалықты, сезімінің нақтылығын В.Я. Брюсов, М.А. Волошин, Н.С. Гумилев, М.С. Шагиняндер дәл байқаған. Цветаеваның шығармашылық тұлғасының қалыптасуына мәскеулік символистердің – ықпалы біршама болған. Ақын проза жазған, аудармамен де айналысқан.
1941 жылы өзіне-өзі қол жұмсайды. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Поэзия | Жарияланған күні: 05-08-2012
СҰЛУ САЗДЫ СӨЗ САРАСЫ
Омар ҺАЙЯМ
ӨМІРГЕ ҚАЙТА АЙНАЛЫП КЕЛЕ АЛМАЙСЫҢ
Омар Һайям (1048-1131) – парсы математигі, астрономы, ақын, философы (толық аты – Абу-ль-Фатх Омар ибн Ибрахим аль-Һайям) шамамен 1048 жылы Хорасанның Нишапур қаласында дүниеге келген, әрі сонда қайтыс болған. Жас кезінде жақсы отбасының тәрбиесінде болған әрі өлеңге құмартып өскен, оның кейбір өлеңдері осы күнге дейін жеткен. Нишапурда жұмыс атқарған кезінде оқымыстылармен бірлесіп сол замандағы күнтізбеге өзгерістер енгізген.
Оның ең негізгі еңбегі – «Алгебра мәселелерінің дәлелі» атты кітап. Бұл кітаптың арабша қолжазбасы мен латынша аударма нұсқасы сақталған, әрі қазір көптеген шет тілдеріне аударылып басылды. Осы кітапта алгебраға «теңдеу шешетін ғылым» деген анықтама берген, бұл анықтама ХІХ ғасырдың соңына дейін сақталып келді. Оның «Евклидтің геометрияның бастамалары кітабындағы қиын формулаларға түсініктеме» атты кітабы шығыс математикасының дамуына ерекше рөл атқарған. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Поэзия | Жарияланған күні: 19-06-2012