Әлем әдебиеті

ДИІРМЕН. Сабахаттин АЛИ

0

ТҮРІК ПРОЗАСЫ

Сабахаттин АЛИ

ДИІРМЕН
әңгіме

Сабахаттин АЛИ (1907-1948) Грекияның Егридере ауылында өмірге келген. 1927 жы­лы Ыстамбұлдағы мұғалімдер мектебін бітіргеннен кейін бір жылдай Йозгатта мұғалімдік қызмет атқарды. Содан кейін Білім министірлігі тарапынан ұйым­дас­тырылған емтиханнан өтіп, Германияға жол тартады. Постдамда екі жыл білім алғаннан кейін Түркияға қайта оралады.
Алғашқы өлеңдері 1925 жылы жариялана бастады. «Жеті шырақ», «Суретті ай», «Болмыс» журналдарында өлеңдері мен әңгімелері жарық көрді. Әсіресе әлеуметтік шыншыл әңгімелерімен танымал болған Сабахаттин Али романдарындағы Түркия халқына деген ыстық ықыласы – әдебиетке жаңа бағыт алып келді.

Сен өміріңде су диірменінің ішін аралап көрдің бе, замандасым?..
Ол көруге тұратын нәрсе… Қисайған қабырғалар, еденге жақын кішкентай терезелер және қалың тақтайдың үстінде қап-қара шатыр… Одан әрі бірнеше дөңгелектер, үлкен-үлкен тастар, балшықтар, суды шашырата айналдырып тұра­тын шаң басқан қайыстар және бір бұрышта бір-бірінің үстіне үйілген бидай, жүгері, қара бидай, әр түрлі егін қаптары. Қарама-қарсы тұста ақ дорбаларға тол­тырылған ұн қаптары…
Тастардың жанында түтін сияқты түйіршіктер ұшып жүреді. Бірақ қондырғының кішкентай қақпағын ашқаннан кейін төменнен тұман сияқты суық су тамшылары адамның бетіне таралады.
Иә, бұл дауысқа не дейсің, замандасым, әр тараптан шығып, құлаққа қатты әрі жағымды келетін бұл дауысқа не дей аласың?.. Жоғарыдағы ағаштан жасалған су құбырынан аққан су қыс мезгіліндегі терек ағаштарына соққан жел секілді уіл­дейді; кейде үдей түскен, кейде төмендей түскен тастарының жыламсыраған дауы­сы қайыстың шапалақ сартылына ұқсап кетеді… Сонымен қатар, үнемі айналып тұратын тақтайдан дөңгелектер сықырлайды, келіп сықырлайды!..
Мен мұндай диірменді бұрындары көргенмін, бірақ қазір көргім келмейді.
Сен махаббаттың не екенін білесің бе, замандасым, жалпы сен сүйіп көрдің бе?.. Толығырақ »

ТҮРІКТІҢ ХАЛЫҚ АҚЫНДАРЫ

0

ХАЛЫҚ АҚЫНДАРЫ

 Ешрефоғлы РУМИ

ҒАШЫҚ БОЛДЫМ,

ӨРТЕНДІМ

Не болар еді-ау бір дәруіш болып дәруішханада жүрсем,
Тәрк етіп мына азап пен ауыртпалық толы ортадан кетсем.

Қайда барсам, досты көрсем, дос хабарын берсем,
Досым, досым десем, достардың қойнына кірсем.

Ғашық болдым, өртендім,
Өрт жүрекке еніп кетер.
Ғаріп басым бұларды да,
Көріп келді, көріп кетер.

Ұлылар тұрар сөзінде,
Адалдыққа сөз беріп кетер
Ешрефоғлы жер жүзіне,
Өзге боп келді, өзгеріп кетер.

Толығырақ »

САМАУЫР. Саит Фаик АБАСЫЯНЫК

0

ТҮРІК ПРОЗАСЫ

Саит Фаик АБАСЫЯНЫК

САМАУЫР
әңгіме

Саит Фаик АБАСЫЯНЫК 1906 жылы 23 қарашада дүниеге келген. Адапазарыдағы бастауыш мектебінде, кейіннен екі жыл орта мектепте оқиды. Азаттық соғысынан кейін отбасымен Ыстамбұлға келіп тұрақтап, Ыстамбұл университетінің әдебиет факультетінде білім алады.
1929 жылы 9 желтоқсанда Саит Фаиктің «Ұшыртпалар» атты алғашқы әңгі­ме­сі жарияланды. Алғашқы шығармаларын жаза бастаған кезінде әңгіме жанрын­да бір жағынан Өмер Сейфеттиннің «ұлттық әңгімесінің» әсерінде болса, екінші жағынан Рефик Халит Карайдан Желалеттинге дейінгі жазушылардың «әзіл әңгіме­леріндегі» басымдық  бағытты ұстанған еді. Сабри Ертем және Сабахаттин Алимен қалыптасқан «реалистік бағытта» да қатар жүрді. Саит Фаик осы бағыт әсерімен алғашқы әңгімелерін жаза бастайды. Ол адамдар арасындағы шиеленісті, дағдарыстарды, түсініспеушіліктерді әңгімесінің негізгі тақырыбы етіп алды. Алғашқы кезеңде жазылған шығармалары Адапазары мен Ыстамбұлда өткен балалық және бозбалалық шағы жайында баяндалған.
Саит Фаик 1954 жылы 11 мамырда дүниеден өтті. Қайтыс болғаннан кейін Бургаз аралындағы үйі мұражайға айналды. Анасы «Саит Фаик атындағы әңгіме жүлдесін» тағайындады. Қазіргі заманғы әдебиетке қосқан үлесіне байланысты Америкадағы «Халықаралық Марк Твен қоғамының» құрметті мүшесі атанды.

Толығырақ »

ТҮН ҚОЙНЫНДА АҚСЫН БІЗДІҢ ЖҰЛДЫЗДАР. ТҮРІК ПОЭЗИЯСЫ

0

ТҮРІК ПОЭЗИЯСЫ

Эрдем БЕЙАЗИТ

ТҮН ҚОЙНЫНДА АҚСЫН БІЗДІҢ

ЖҰЛДЫЗДАР

Эрдем Бейазит (1939-2008)  Марашта дүниеге келді. Бастауыш мектеп пен лицей­дегі оқуын Кахраманмарашта тәмамдады. Жоғарғы білімін 1959 жылы Ыс­там­бұл университеті, құқық факультетінен бастады. Тұрмысының қиыншылығы­на байла­нысты 1961 жылы Анкара университеті, құқық факультетіндегі оқуы­нан қол үзіп, әскерлік борышын өтеуге кетті. Әскерден қайтып келгеннен кейін жо­ғарғы білімін Анкара университеті түрік тілі мен әдебиеті бөлімін тәмамдады. Әдебиет оқытушысы және кітапхана басшысы қызметтерін атқарды. 1987 жылы депутаттық сайлауда Анаватан партиясы атынан Кахраманмараштан депутат болып сайланды. Төрт баланың әкесі. Жетілген, тартысқа толы, дастанға ұқсас стильде жазылған өлеңдерінде де нәзік сезімдер жүрекке терең бойлайды. Исламдық сарын «Лейт-мотив» түрінде барлық өлеңдерінде көрініс тапқан.

ТАУЛАР

Бұлт торласа аю көтерген аспанын,
Қойнауында елік ойнаған асқарым.
Терең шатқалда сүмбіл шаштары жайқалып,
Етектерінде еңлікгүлдері найқалып,
Көгершіндері көк нұрыменен ойнаған,
Сәлделі шыңы зеңгір биікке бойлаған,
Ағаштары күнге қол созған бейне ғашықтай, Толығырақ »

ЛҮПІЛДЕЙДІ ЖҮРЕК НЕГЕ? Жаһан жырлары дестесінен

0

ЖАҺАН ЖЫРЛАРЫ ДЕСТЕСІНЕН

Амрита ПРИТАМ

үнді ақыны

ЛҮПІЛДЕЙДІ ЖҮРЕК НЕГЕ?

Сәби мен жыр

Сәби мен жыр
Екеуі де бағалы,
Көрінеді мына әлемнің қабағы.
Сәби мен жыр
Қасиетті, өйткені
Екеуі де қиналғаннан туады.

Сенім

Сен жайлы өсек қап-қараңғы, құбыжық
Жарқанаттай ұшып кірді бөлмеме,
Көзі соқыр, қабырғаны қармалап,
Саңылау іздеп аласұрды ол неге, Толығырақ »

ӘЙЕЛ КҮНДЕЛІГІНІҢ СОҢҒЫ ПАРАҚТАРЫ. Валерий БРЮСОВ

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Валерий БРЮСОВ

ӘЙЕЛ КҮНДЕЛІГІНІҢ
СОҢҒЫ ПАРАҚТАРЫ

повесть

Валерий БРЮСОВ (1873 – 1924) – орыс әдебиетінің аса көрнекті өкілі. Ол – ғаламат ақын, Ресей поэзиясындағы символизм ағымының негізін қалаушы, сондай-ақ проза саласында да өнімді еңбек еткен.

15 қыркүйек

Мүлде күтпеген оқиға. Жұбайым өлі күйінде өз кабинетінен табылды. Бел­гісіз кісі өлтіруші Виктордың бас сүйегін әдетте текшеде жататын гимнасти­калық гірмен ұрып сындырған. Қанға малынған гір осы жерде, еденде домалап жатты. Үстелдің тартпалары қираған. Ел Викторға енгенде, оның денесі әлі жылы болатын. Қылмыс таңға жақын жасалған.
Үйде тыныштықорнаған. Лидочка еңіреген күйде бөлмелерді аралаумен жүр. Бала бағушы әйел де күйбеңдеп, ешкімге ештеңе істеуге жол берер емес. Жалшылар үндемегенді міндет санаған сыңайлы. Ал мен кофе сұрағанымда, маған тап бір анттан аттап кеткен адамдай ожырая қарасты. О құдай! Алда қаншама азапты күндер күтіп тұр десеңізші!
Полиция келді десіп жатты. Толығырақ »

МЕЙМАН. Теодор ЛЯЧО

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Теодор ЛЯЧО

МЕЙМАН

Теодор ЛЯЧО – қазіргі албан жазушысы. 1936 жылы Албанияның Дарда қаласында туған. Өз әріптестері арасында өнімді де өтімді жазатын қаламгер. Бұл туындысы 1988 жылы Мәскеудің «Художественная литература» баспасынан жарық көрген «Ког­да начинается другая жизнь» новеллалар жинағынан алынды.

Мен үйден шығуға оқтала бергенім сол еді, кенет есіктегі қоңырау соғылғаны бар емес пе? Уақыт едәуір ерте болатын, бірақ елдің бәрі – жұмысқа баратындары жұмысқа, мектепке баратындары мектепке кетіп, үйлерде тек зейнеткер қариялар ғана қалған еді. Бұл болса тек төртінші қабаттағы Рубья кемпір болуы мүмкін. Ол күн-түн демей, тамағына шамалы дүние – жұмыртқа, әйтпесе қырыққабаттан әзірлеген самсасына маргарин, бұрыш, қалампыр, ақжелкек жетпей қалса жетіп келетін. Әйтеуір оған ылғи бірдеңе жетпей жататын. Ол бірде бізді түн ортасында оятты. Оның күйеуі оған дейін танысқан (бәлкім, қызу күйде, кафеде танысқан болар деп болжаған болатынмын мен сонда) тамырын үйіне сүйретіп әкеліпті, тек қас қылғандай, тағы да бір рөмкеден жөнелтейін десе, ракиясы бар болғыр таусылып қалмай ма? Бір айтарлығы, Рубья қарыз алған адамдарын да, берешектерін де соңғы тиндаркасына дейін ұмытпайтын және сондықтан Жаңа жыл қарсаңында біздің кіреберістегі бар жұртқа арнап ғажап дәмді баклава дейтін дәм пісіретін – ондай асты өзге жерден өлсеңіз де таба алмайсыз.
Мен оның келістеріне «оңтайлы» жылжыспен есік аштым. Дәлізде, әдеттегіден әртамандау жерде, етегінен жүні шығып тұрған қоңыр кеудеше мен хаки түстес шалбар киген бейтаныс еркек тұрды. Бәтеңкелері айғыз-айғыз, сатыдан көтерілер кезде қағазбен асығыс сүрткілегендей сыңай танытады. Бөтен кісі орта бойлы, әлсіз ғана жымиысы оның сирей бастаған тістерін сәл-пәл ашып көрсетіп тұрды. Мен өзім де шаруалардан шыққанмын – ауыл тұрғындарын қалалықтардан еш айырмалары жоқтай көрінсе де ажырата аламын. Мәселен, мына адамды алайық. Оның кім екенін анықтау үшін бәтеңкелеріне не істегенін көргенім жетіп жатты. Ол әуелі балалар жыл бойына доп қуалайтын үйлер арасындағы алаңқалайлардағы шалшық пен балшыққа онша назар аудармаған сыңайлы. Менің тұңғыш ұлым да сөйтеді – ол сабаз күн құрғақтың өзінде лайға малтығудың есебін тауып бағады. Әйелім байғұстың «Тап бір маған ерегіскендей, осынша лайды қайдан тауып аласың, жаным-ау?» деп әрдайым күңкілдеп жүргені…
Бірақ менің мейманым кіреберіске енбес бұрын өзін-өзі бастан-аяқ шолып шыққан сияқты, тек сонсоң кішкентай ғана қағаз іздеп қалталарын қарманған ба, қалай? Толығырақ »

СЕЗІМІМ КЕТТІ ШАЙҚАЛЫП. Ли БАЙ

0

СҰЛУ СӨЗДІ СӨЗ САРАСЫ

Ли БАЙ

СЕЗІМІМ КЕТТІ ШАЙҚАЛЫП

 

 

Ли БАЙ (701-762) – Таң патшалығы тұсындағы ұлы ақын. Қазіргі Қазақстан же­рінде Шу өзенінің бойында Сұяб қаласында туған.
Кейбір зерттеушілердің айтуынша, Ли Байдың ата тегі түркі тайпаларынан. Оның Бөрі, Буыршын деген ұлдары, Айнұр атты қызы болған.
Таң патшалығы поэзиясындағы қара өлеңмен табиғаты үндес төрт таған деп келетін «ааба» ұйқасты өлеңнің Қытайда пайда болуына мұрындық болған ақын.

Таудағы жазғы күн

Дүние неткен тымырсық? –
Бойым байсал.
Желпуіштей жел тыныш.
Тамырымда қою қаным ыңырсып,
Түнге жетем елтіп іш.

Тұтжалаңаш – тұрысым…
Жидым есті, түсіп әбден әуреге –
Самал болып қарағайдың тынысы
Құйылғанда кеудеме.

Толығырақ »

БАЛЬТАСАРДЫҢ ӨМІРІНДЕГІ ҰМЫТЫЛМАС КҮН

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Габриэль ГАРСИА МАРКЕС

БАЛЬТАСАРДЫҢ
ӨМІРІНДЕГІ
ҰМЫТЫЛМАС КҮН

Латынамерикалық әдебиеттің от тілді, орақ ауызды өкілі Габриэль ГАРСИА МАРКЕС 1928 жылы Оңтүстік Америкада, Колумбияның Аракатака дейтін қала­шығында дүниеге келген. Университетті аяқтағаннан кейін астаналық (колум­биялық) «Эль-Эспектадар» газетінің еуропалық елдердегі тілшісі болған. 1955 жылы «Ұшқан жапырақ» деген тұңғыш повесі жарық көреді, 1958 жылы «Полковникке ешкім хат жазбайды» дейтін дүниесі оқырманға жол тартады. 1967 жылғы «Жүз жылдық, жалғыздық» романы оған әлемдік даңқ әкелді. 1982 жылы Нобель сыйлығы берілді, ал Ангола мен Кубадағы репортаждарына 1977 жы­лы Халықаралық журналистер одағының сыйлығы табыс етілді. Толығырақ »

МАХАББАТ СҮЙ, КҮЙДІР, ҚЫЗЫҚТА!

0

 

СҰЛУ СӨЗДІ СӨЗ САРАСЫ

Марина ЦВЕТАЕВА

        МАХАББАТ, КҮЙ, СҮЙДІР, ҚЫЗЫҚТА!

Марина ЦВЕТАЕВА – ХХ ғасырдағы орыс поэзиясының ірі өкілі. 1892 жылдың 26 қыр­күйегінде (8 қазан) Мәскеуде туған. Болашақ ақын қолына қаламды алғаш рет алты жасында алады. Және өлеңді тек орыс тілінде ғана емес, француз, неміс тілдерінде де жаза бастайды. 1906-1907 жылдары «Төртіншілер» деген повесі (әңгіме деуге де болады) дүниеге келсе, 1906 жылы француз жазушысы Э. Ростанның «Мұзбалақ» атты драмалық шығармасын орыс тіліне аударады. Бір айта кетері, жоғарыда айтылған екі еңбегі де сақталмаған.
Өз ақшасына бастырып шығарған «Кешкі альбом» атты жыр жинағы  Маринаның  алғаш рет басылым бетінде көрінуі еді. Бұл жинақты сыншылар қауымы өте жылы қабылдайды. Ырғағындағы жаңалықты, сезіміні­ң нақтылығын В.Я. Брюсов, М.А. Воло­шин, Н.С. Гумилев, М.С. Шагиняндер дәл байқаған. Цветаеваның шығармашылық тұл­ғасының қалыптасуына мәскеулік символистердің – ықпалы біршама болған. Ақын проза жазған, аудармамен де айналысқан.
1941 жылы өзіне-өзі қол жұмсайды. Толығырақ »