Әлем әдебиеті

ЖАҺАН ЖЫРЛАРЫ ДЕСТЕСІНЕН

0

ЖАҺАН ЖЫРЛАРЫ ДЕСТЕСІНЕН

 

Жаңа буын – жас талап

 

Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің бір топ студенттері өздерінің көркем аударма саласындағы қабілеттерін қаламгерлікпен ұштастыра отырып, неміс ақын-жазушыларының шығармаларын қазақшалауға қадам жасаған екен. Бұл аудармалар тікелей неміс тілінен қазақшаланған. Жас аудармашылар неміс ақындарының өзіндік болмысын танытуға ұмтыла отырып, ұлттық поэзиядағы әсем өрнектерді де қамтуға талпынған. Бұл тұста Нұржан Айнабеков аудармаларын ерекше атаған жөн. Нұржан өлеңнің құрылымдық, пішіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, қазақ тіліндегі поэтикалық тіркестермен жап-жақсы үндестіре алған.

Сондай-ақ Дина Мұратқызы мен Дана Дулатқызының да ізденістерінің жеміс береріне сенгің келеді.

Төменде жарияланып отырған аудармалар сол жас талап, жаңа буынның төл еңбектері. Болашақ ақындық, аудармашылық қадамдарына сәт сапар тілей отырып, оқырман қауымның назарына ұсындық.

 

 

Курт Тухольский (1890-1935)

 

ХХ ғасырдың басындағы аса көрнекті неміс ақыны. Берлинде дүниеге келген. Қоғам өміріне сын көзімен қарап, оның осал да әділетсіз тұстарын бүкпе-қақпасыз әшкерелеп отырған. Шығармаларын Теобальт Тигер, Петер Понте т.с.с. көптеген лақап аттармен жариялаған. 800 – ден астам өлең жырлардың, бірнеше өлең жинақтарының авторы.

 

Бәрі де сенің қолыңмен

 

Бар тірлікті ойнаттың

Біз үшін деп жүгіріп,

Қазаныңды қайнаттың,

Дастарқанды жайнаттың…

Бәрі де сенің қолыңмен. Толығырақ »

Ардақ ЮСУПОВА. КӨНЕ ҚЫТАЙДЫҢ ТАБИҒАТЫ, ҚҰСТАРЫ МЕН ГҮЛДЕРІ

0

 

Ардақ ЮСУПОВА

 

КӨНЕ ҚЫТАЙДЫҢ ТАБИҒАТЫ, ҚҰСТАРЫ  МЕН ГҮЛДЕРІ

 

             Көне Қытайдың өнерін кезеңдерге бөлу б. э. д. 2-ші мыңжылдықтан бастап б. э. 3-ші ғасырға дейінгі мифтік «бес император» – Ся, Шань-Инь, Чжоу, Цинь және Хань әулеттері дәуірі сияқты бірін-бірі алмастырған әулеттердің басқару уақыттарымен етене байланысты. Ертеректегі көне кескіндеме үлгілері тұрмыстың бұйымдарды, айталық, айнаның сыртын әшекейлеуден және т.с.с., сондай-ақ аталастар мінажатханаларының қабырғаларын өрнектеуден көрінеді. 4 – 6 ғасырларда суреттер тік және көлденең сымбалдар нысанына ұласады.

Қытай кескіндемесі шығармаларының түрімен ғана емес, сондай-ақ орындау үрдісімен де ерекшеленеді. Көзіміз үйренген бәрін көлегейлеп алатын «қою» майлы бояулы еуропалық тәсілдерге қарағанда, қытай кескіндемесі сия мен минералдық бояулардың бозғылттығы мен ашықтығын қалайды, жұқа жібек кездемелерге түсірілген суреттер құснихаттық жазбалармен әдіптейді. Кескіндеменің біздің уақытымызға дейін жеткен ең бір ежелгі үлгілері Гу Кай-чжи суретшінің (344 – 406ж.) сымбалдары – адам сезімдерін бейнелейтін сюжеттер («Ло өзенінің перизаты» және т. б.).

Тан кезеңінде кескіндеме құснихатпен біргеөнердің ең елеулі түрі саналып, Қытай кескіндемесінің өзіне тән барлық ерекшеліктері дәл осы кезеңде қалыптасады. Кескіндеме жанрларға бөліне бастайды. Табиғатты бейнелеу басты тақырыпқа айналады. Бұл уақыттың озық суретшілері – Ван Вэй, Ли Сы-Сюнь мен Ли Чжан-Дао. Ван Вэй аса дарынды суретші ғана емес, өз заманының аса ұлы ақыны ретінде даңққа бөленеді. Кейіннен оның суреттері ғажайып жыр тәрізді, ал жырлары ғажайып сурет тәрізді деп айтылып жүреді. Сыршыл Ван Вэйге қарағанда, Ли Сы-сюнь мен Ли Чжан-дао қанық боялар қолданып, суреттерін нәзік алтан жолақпен әдіптейді. Олар пайдаланған әдіс соңынан «гун би», «ықтиятты қылқалам» атағына ие болады. Сол кезеңдегі портреттік кескіндемеде санаттағылар мен хас арулар өмірінің көріністерін бейнелеген Чжоу Фанның атағы шығады. Толығырақ »

Дәуірбек ДҮЙСЕБАЕВ. «АБАЙ ЖОЛЫ» ПАРСЫ ТІЛІНДЕ

0

 

АУДАРМА ӨНЕРІНІҢ ҚЫРЛАРЫ

 

Дәуірбек ДҮЙСЕБАЕВ

 

«Абай жолы» парсы тілінде

 

М.ӘУЕЗОВТІҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ЖӨНІ СӨЗ БОЛҒАН ТҰСТАРДЫҢ ПАРСЫ АУДАРМАСЫНДА БЕРІЛУІ

 

              Мемлекетіміз бүгінгі таңда түрлі халықтар арасындағы әдеби-мәдени байланыс пен дамудың дәнекері болып табылатын аудармаға, соның мәселелеріне үлкен мән беруде. 2004-2006 жылдары мәдениетті өркендетуге арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, соның бір саласы бойынша әдебиетіміздің асыл жауһарларын өзге тілдерге аударып, әлемге жарқыратып таныстыру және жаһанның озық ойлы әдеби, философиялық, ғылыми еңбектерін қазақ тіліне аудару бағытындағы істер жандана түсуде. Осы орайда аудармалардың кемшін тұстарын саралап, озық тәжірибелерінен үлгі алу еліміз бен өзге халықтар әдебиеті мен мәдениеті арасындағы байланыстарды нығайтуға, өркендетуге айтарлықтай септігін тигізері сөзсіз екенін ескерсек, көркем аударма туралы ғылыми зерттеулер зәрулігііне көз жетеді.

 Қазақ жұрты мен Иран халқының арасындағы әдеби байланыс тарихтың терең қойнауынан тамыр тартады. Екі елдің әдеби қатынастарының негізгі өзегі болып келген нәзирагөйлік дәстүр мен көркем аударманың маңызды қырларын зерттеу салмақты тақырып болып қала бермек. Қазақ-Иран арасындағы әдеби, тілдік қатынастарды зерттеген С. Талжанов, Л. Рүстемов, Ө. Күмісбаев, И. Жеменей, т.б. ғалымдардың елеулі еңбектері белгілі. Осы екі ел әдебиеттерінің бүгінгі байланысын жаңа тұрғыдан зерделеп, бұлардың келешектегі даму бағыты қайда бет түзеуі керек, не мәселелерге басты назар аудару қажет деген маңыздылықты анықтауда тағы да көркем аударма мәселелерін зерттеу көкейкестілігі алдан шығады. Толығырақ »

Әй ЧИҢ. АЛМАСҚАНША ҚАРА ТҮН МЕН ЖАРЫҚ КҮН…

0

 

ҚАЗІРГІ ҚЫТАЙ ПОЭЗИЯСЫ

 

Әй ЧИҢ

 

АЛМАСҚАНША ҚАРА ТҮН МЕН ЖАРЫҚ КҮН…

          5000 жылдық жазба тарихы бар қытай елінің өзіне тән салт-дәстүрі мәдениеті мен әдебиеті қалыптасқан. Қазіргі қытай зерттеулерінің есебі бойынша қытай әдебиетінің 3000 жылдық тарихы бар.

Қытай поэзиясы дамудың бірнеше кезеңін бастан кешірген. Осы тарихи кезеңдерде өлеңнің көркемдігі мен мазмұны ғана емес, құрылысы да өзгеріп дамып отырған. Қытайлар біздің заманымызға дейін-ақ халық жырларын жинап бастыру ісін қолға алған екен. Қытайдың тұңғыш өлең-жырлар жинағы «Жырнама» б.з.д. ІІІ ғасырларда басылған. Онда б.з.д. ХІ ғасырдан б.з.д. ІҮ ғасырға дейінгі Қытайдың халық өлеңдері, жоқтаулар, қиссалар жинақталған. Ол халық «жырлары, ән өлеңдері, мақтаулар» атты үш бөлімнен құралған. Жинаққа байырға қытай поэзиясынан 305 өлең топтастырылған. Жырнамаға кірген өлеңдер түгел 4 буынды болып келеді.

Алғашқы қытай өлеңдері астарлы сөздерден бастау алады. Халықтың әділетсіз патшаға қарсылығын бейнелейтін бір өлеңнің «Ей, күн, сен ертең шықпайтын болсаң, біз де өміріммен қоштасар едік». Онда халықтың жарық дүниені қимағандықтан ғана өмір сүріп жүргендігі бейнеленген.

Б.з.д. ІҮ ғасырда Чу бектігінде «Чу бәйттері» деген өлең формасы пайда болды. Өлеңнің бұл үлгісі шұбыртпалы еркін ұйқасты негіз екен, музыкамен айтуға қолайлы болып келген. Оның көнекті өкілі Чұй Иуан деген ақын. Ол өлеңдерінде халықтың көңіл күйін шыншылдықпен жеткізе жырлайды. Жырлары мұқалмас рухқа, адал сезімге толы, әсерлі. Қиял-ғажап ертегілерге негізделген, образды болып келеді. Ақынның «Арман» поэмасы, «Алысқа сапар», «Тәңірге сұрау» қатарлы өлеңдері қытай поэзиясының жауһарлары саналады.

Б.з.д. ІІІ ғасырлар Қытай тарихында Чұнчу-Жанго дәуірі деп аталады. Ол дәуірде өлеңнің жаңа түрі сануын (Қытайдағы қазақтар оны шалқыма деп аударған) жоғары деңгейде дамыды. Сануын ұйқасқа құрылмайды, ой ағымына бағынатын, сезімге толы қара сөз формасында болып келеді. Толығырақ »

Ли БАЙ. ТӘҢІР ТАУДА АЙ ҚАЛҚЫП

0

МЫҢЖЫЛДЫҚТАР МАҚАМЫ

Ли БАЙ

 

ТӘҢІР ТАУДА АЙ ҚАЛҚЫП

 

            Мен қытайда институт қабырғасында жүріп ежелгі Қытай мақамында жазылған «Таң дәуіріндегі өлеңдер»,«Ли-Байдың өлеңдер жинағы» қатарлы кітаптармен таныстым, ондағы ежелгі Түркілерге, Сақтарға, Ғұндарға, Үйсіндерге қатысты берілген кейбір түсініктемелер менің сол дәуірдің тарихына, және сол дәуірдің әдебиеті мен мәдениетіне деген қызығушылығыма жол ашқандай болды. Содан бері, мен көбіне ақын Ли-Байдың жеке өмірі және шығармашылығына шама-шарқымша ізденістер жасап жүрмін. Мақсатым, ақынның өлеңдерін қазақ оқырмандарына шынайы түрде аударып жеткізу, сол арқылы Ли-Бай дәуіріндегі батыс өңір халықтарының тұрмыс-тіршілігін топшылау болмақ. Бұл барыста аудармаға қолыда бар әрбір кітатың көне қытай тіліндегі өлең мәтініне берілген түсініктемелерінің түрліше болуы, және соңғы жылдардағы қытай басылымдарының Ли-Бай өмірі мен өлеңдеріне жасаған ішінара бұрмалаушылықтары да кедергі келтірді. Ал өз тарапынан, көне қытай тілі мен тарихи атаулары жөніндегі шамалы білімім, сондай-ақ, осы саладағы қазақша пайдалы кітаптардың тапшылығы да әсерін тигізбей қалған жоқ.

Осы заманғы қытай әдебиетінің тамыры аталмыш Таң дәуірінде жатқаны баршаға мәлім, сол кезде жазылған өлең, дастан, әңгімелер қазіргі қытай әдебиетінің мәйегі саналады. Мысалы, әлемге әйгілі «Батысқа сапар», «Үш Патшалық аңызы», «Қызыл сарай түсі» сияқты қытайдың бетке басар шығармалары да сол дәуірде жазылған, сондықтан да жұрт «Таң дәуірін» қытай әдебиетінің «Алтын ғасыры» деп атайды. Толығырақ »

Ло ГУАНЖУҢ. ҮШ ПАТШАЛЫҚ ҚИССАСЫ

0

МЫҢЖЫЛДЫҚТАР МАҚАМЫ

 

 Ло  ГУАНЖУҢ

 

ҮШ ПАТШАЛЫҚ ҚИССАСЫ

 

Алғы сөз

 

       «Үш патшалық қиссасы» — Қытай әдебиетінің інжу-маржаны. Бұл кітап Юан хандығының соңы, Миң хандығының бастапқы кезінде жазылған. Қытайдың классикалық төрт романының бірі.

Романға Шығыс хан патшасы Лиң Дидің Жұң Пиң жылнамасының бірінші жылындағы1  Сары шыттылар көтерілісінен бастап, Жин хандығы Уұ Ди (Сымаян) патшаның Тайкаң жылнамасының алғашқы жылына2  яки Уұ патшалығының құрылғандығына дейінгі бір ғасырдың оқиғасы арқау болған.

Заманымыздың 184 жылы қытайда «Сары шыттылар» көтерілісі аталатын дихандар бас көтеруі шығып, ол Хан патшасының іргесін шайқалтады. Жер-жерден көтеріліске шыққан дихандар белгі үшін бастарына сары шыт тартып алатын болғандықтан, «сары шыттылар» көтерілісі аталады. Дихандар көтерілісі жанышталған соң, билік басындағылар өзара қырқысады, билікке таласқан ақсүйектердің арасындағы ымырасыз күрес нәтижесінде Хан Лиңди патша өліп, оның орнына Лиу Баң отырады да билікті Хы Жин деген кісі шеңгеліне алады. Хы Жинді орда әтектері (сол заманда қытай патшалары орда ұлықтарын енінен айыратын болған, олар әтек деп аталған) өлтіреді. Бұл хабар таралған соң Шаңжияң дариясының шығысындағы Иуан Шау әтектерді қыруға атқа мінеді. Бірақ ойлаған ойына жете алмайды, Иуан Шауды уәзір Дұңжо қуып салады. Лиу Баң өлген соң таққа Лиу Шы отырады, ол Шан Ди патша деп аталды. Толығырақ »

Бо-Цзюй-и. КӨК ОРДА

0

 

МЫҢЖЫЛДЫҚТАР МАҚАМЫ

Бо-Цзюй-и

Көк орда

 

         Қытайдың ұлы ақыны Бо-Цзюй-и 772-846 жылдар аралығында өмір сүрген. Оның VІІІ-ІХ ғасырлардағы көшпенділер мәдениетінен мағлұмат беретін киіз үй жайлы өлеңдері әлем тарихшылары тарапынан аса құнды жазба дерек көзі ретінде өте жоғары бағаланған.

 

 

Көк орда

 

Мың қаралы қойдың жүні жұмсалған,

Екі жүздей шығыршықпен құрсалған.

Шаңырағы сәмбі талдың діңінен,

Неткен өнер, неткен ғажап түр, талғам.

 

Түндігінен нұр төгеді көк аспан,

Сол аспанмен салтанаты таласқан.

Солтүстігің, оңтүстігің бәрі бір,

Дөңгеленіп тіккен жерге жарасқан. Толығырақ »

Си-Гюнь. ЖҮРМІН БҮГІН КӨШЕНДІЛЕР ЕЛІНДЕ

0

 

МЫҢЖЫЛДЫҚТАР МАҚАМЫ

 

Си-Гюнь

 

 ЖҮРМІН БҮГІН КӨШЕНДІЛЕР ЕЛІНДЕ

 

           Си-Гюнь Қытай императорының қызы. Біздің заманымызға дейінгі 107 жылы Үйсін елінің патшасына ұзатылған. Оның туған Отанын сағынып шығарған өлеңдері сол дәуірден құнды мағлұмат беретін тарихи деректер қатарына жатады. Си-Гюнь шығармаларын алғаш рет ғылыми айналысқа түсірген белгілі орыс ғалымы Н.Я.Бичурин (1777-1863 ж.ж.).

* * *

 

Атақ-даңқ қасіретпен көршілес,

Табиғатта шөп те сусыз өршімес.

Салтанатты сарайлар да мәңгі емес,

Көңіліңді толассыз той серпімес.

 

Келеріндей бар пенденің ажалы,

Дүние-мүлік таусылады, тозады.

Шараптың да шапағаты шамалы,

Тәтті әуен де күйге айналар азалы. Толығырақ »

Тұрсынхан ЗӘКЕН. ҚЫТАЙ МӘДЕНИЕТІНІҢ МӘЙЕГІ

0

 

Тұрсынхан ЗӘКЕН

 

ҚЫТАЙ МӘДЕНИЕТІНІҢ МӘЙЕГІ

 

Ұлы даланың  шығыс шеті

 

            Қытай қорғанын алыстан орағытып, сары даланың сонау бір бұлдыраң, тұңғиық шетінде жасап жатқан көп халықты ата-бабаларымыз тым ертеден білетін. Дүйім дүниеге мәшһүр сол ұлы қорғанды әйгілі «Қиссасұл ән­биеде» «Ескендер сефилі» деп атайды. Онда айтылуынша оны шығыстағы көп халық — нәжүт-мәжүттерден сақ­тану әрі оларды бері жібермеу үшін Ескендір Зұлқарнайын салдырған. Ол халқтың қауіптілігі, олардан үнемі сақ­тықта болу, сол үшін ішкі береке-бірлігін мықты сақтау туралы түрік қағандары да өз өсиеттерін мәңгі тастар­ға жазып кеткен болатын. Тарихтың бәзбір тұстарында түріктер ит арқасы қияндағы межелі жерге ат үс­тінде ойқастап жеткенше, «нәжүт-мәжүттер» де неше мың шақырым жолды артқа тастап, жаяу-жалпы келіп қоя­тын. Алысып-жұлысып бірде бұлар, бірде олар жеңетін. Бірақ олар өзінің көптігімен ғана емес бірбеткей ұйымшылдығымен, қажырлығымен, әрі жанпида, сірі­лі­гімен көзге түсетін. Сондай сан-сапалақ соғыстар ке­зін­де қытай жұртынан қолға тұтқындар да түсетін. Ол тұт­қындар бірде ғұндардың, бірде түріктердің, енді бірде қырғилардың қоластында — солардың малын бағып, отын жаға жүріп, ту темірқазық жақтан Кіндік жазықты аңсап тұратын. Әрі көшпенділер бұлар мүлде жерсініп, біздің тәрбиеге кіріп кетті деп бойын кеңге салғанша ит көзі түтін танымас болып жүре беретін. Күндердің күнінде орай пісіп жетілгенде, немесе қытай жасағы көкжиектен шаң бергенде бұл тұтқындар жау жаққа өтіп кететін. Тіпті, тұтқынға түсіп үйлі-баранды болғандары араға жиырма, отыз жыл салып, әбден ай-күн, әлеті толғанда аттың тілін буып жаратып, бір түнде зытып беретін. Бара сала көшпенділер туралы, олардың жаз жайлауы мен қыс қыстауы, мал-жаны, ат-көлік, аламаны жайлы ең сенімді хабарлар беретін. Ондай жансыздар патша ағзамның алдынан ең бағалы сыйлықтар алып, лауазымды орындарға тағайындалатын. Кейбіреуі тіпті, әскер басы дәрежесіне дейін көтеріліп, қыр далаға қайталай қол төңкеретін. Түрлі рулық, қауымдық белгілеріне қарай көшпелі ұлыстардың ішкі бөлігіне іріткі салып, бір-бірімен қырқыстырып қоятын. Толығырақ »

Джек ЛОНДОН. ӘЙЕЛ ҚЫРЫҚЖАНДЫ

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Джек ЛОНДОН

 

ӘЙЕЛ ҚЫРЫҚЖАНДЫ

 

             Джек ЛОНДОН (1876-1916) көзі тірісінде-ақ танымал болды. І Дүниежүзілік соғыстан кейін әдебиетке жазушылардың жаңа толқыны, жаңа бір легі келіп қосылды да, Құрама штаттарындағы оның бедел-даңқы солғын тарта бастады. Дегенмен тіршілік жолында жан алысып, жан беріскен кейіпкерлердің романтикалық бейнелері өзге қай елде болса да, сол баяғы құндылығын жоймады.

Әйгілі «Теңіз көкжалы», «Мартин Иден», «Ақ азудың» авторы. 1916 жылы өзін-өзі улап өлтіреді.

 

***

Тұла бойы аппақ қырау, көзi кiртиген бір ит үшкiр тұмсығымен шатыр есігін түртiп ашып, басын iшке сұғып жiберген.

– Е-ей, Сиваш!.. Әй, албастыдан туған малғұн, шық әрi, шық! – деп iштегiлер жамырай айқайлап, өре тұрды. Беттлз қалайы тәрелкемен тұмсықтан таңқ еткiзiп ұрып үлгергенi сол – әлгi кiртиген көз бен үрпиген бас қас-қағымда жоқ болды. Бұдан соң iле-шала Луи Савой шатырға есiк ретiнде iлiнген қалың брезенттiң жан-жағын қымтай жауып қойды да, пеш үстiндегi ыстық табаданды аяғымен аударып тастап, оның жалын шарпыған түбiне қолын төсеп жылытуға кiрiстi.

Сыртта сақылдаған сары аяз. Екi күн бұрын спирттi термометр алпыс сегiз градусты көрсетiп тұрып, кенет сырт етiп сынып түскен, одан кейiн де суық күшейе түспесе бәсеңдеген емес, ал ендi оның қанша күнге созылары да белгiсiз. Мұндай түкiрiгiң жерге түспес аязда, жылы үй, жылы ұядан алыста, мұздай суық ауамен өзек қарып отыруды досың түгiл дұшпаныңа тiлемес едiң. Рас, дәл осындай күндерi алды-артына қарамай жолға шығып кететiн көзсiз ерлер де болады, бiрақ олардың кейiн дiн аман қалғандарын көрген ешкiм жоқ – екi өкпеден айырылып, күрк-күрк жөтелiп, ақыры мәңгiлiк тоңға жаңбасын мәңгi тигiзiп тынғандар қаншама. Бiр қызығы өстiп өлгендердiң мәйiтiн мұздай көрге салғанда, осындай бүлiнбеген, бұзылмаған қалпында Қиямет күнiне жетсiн деген ұғыммен олардың бетiн мүкпен ғана жауап кете барады. Ал мұндай Ұлы Күнге сенбейтiндерге, әрине, ең кереметi – Клондайкке барып өлу деп көпiре алмайсың. Бiрақ бұдан Клондайкте өлу – жаман, тiршiлiк ету – тамаша деген ұғым тумаса керек. Толығырақ »