СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ
Валентин ДМИТРИЕВ,
марий жазушысы
ТРИФОНЫЧ
Биылғы көктем жылдағыдан едәуір ерте шықты. Көкек айының соңы болса да көгілдір аспаннан жерге төгілген күн сәулесі көз аштырар емес. Кең даланы еркін көсіліп алып жатқан орман өзінің жаңа ғана бүршік ата бастаған жасыл жапырақтарымен ерекше сән беріп тұр.
Көктемнің мұндай ғажайып сәттерін поезд ішінде отырып вагон терезесінен тамашалаған қандай ғанибет. Көз алдыңнан бұйралы қайыңдар, жіңішке әрі тіп-тік, бейне бір шыраққа ұқсаған қарағайлар, шырша мен самырсындар көлбеңдеп өтіп жатады. Ал, ауадан туған жердің небір әсем жұпар иістері аңқиды. Таза ауаны жұтқан сайын бүкіл өне бойың бұлақтың мөлдір де салқын суын ішкендей сергіп сала береді. Ойлар сұңқардың самғауындай белгісіз шартарапқа толассыз кетіп жатыр дейсің бір. Мұндайда өзіңнің көңіліне жақын, жан жадырататын ең жақсы көретін әніңді айтқың келетіні бар. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Проза | Жарияланған күні: 20-02-2011
Комментарии к записи ТЫРТЫҒЫ БАР АДАМ отключены
СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ
Сомерсет МОЭМ
ТЫРТЫҒЫ БАР АДАМ
Уильям Сомерсет МОЭМ (1874-1965) – көрнекті ағылшын жазушысы. 1874 жылы 25 қаңтарда Франциядағы британ елшілігінің заңгері отбасында дүниеге келеді. Он бір жасында ата-анасынан айрылып, Англиядағы туыстарының қолында тәрбиеленеді.
Алғашқы романы «Ламбеттік Лиза» медициналық мектепте оқып жүргенде жазылады. 1907 жылы «Леди Фредерик» пьесасы жарыққа шыққаннан кейін оның есімі көпшілікке кеңінен танымал бола бастайды. Оның «Эшенден, немесе Британдық агент», «Шеппи», «Театр», «Ұстара жүзі» және тағы да басқа көптеген еңбектері бар.
Белгілі жазушы 1965 жылы 15 желтоқсанда Ниццеде қайтыс болған.
* * *
Мен оған ең алғаш назар аударғаным да дәл осы жарты ай пішініндес болып маңдайынан иегіне дейін созылған, қызыл тартқан білеудей тыртығына көзім түскендіктен еді. Бұл не қылыш соққысы, не снаряд бөлшегінен қалған жан түршігер жарақат ізі екені көрініп тұр. Не де болса бұл тыртық оның қарапайым да мейірімді, домалақ жүзінде біртүлі оғаш көрінетін. Бет әлпетінің өзі де оның мұндай алып денесімен бір түрлі үйлеспейтін. Ол орта бойдан жоғары мығым келген, білекті адам еді. Оның үстінен сол бір ескірген сұр костюмі мен хаки түстес жейдесі, басынан мыжылған самбреросы түспейтін. Үсті-басына жинақылық та артық болмас еді. Күн сайын коктейл уақытында ол гватемалдық «Палас-отелесіне» келетін де, бардың ортасын асықпай аралай жүріп, лотерей билетін сатумен айналысатын. Егер бұл оның күн көріс көзі болса, онда ол өте нашар тұрмыс кешетін болу керек, өйткені мен одан біреу-міреудің билет алғанын мүлде көрген емеспін; алайда, анда-санда біреулер оған ішімдік ұсынып тұратын. Ол ешқашан бас тартқан емес. Тыртығы бар адам үстелдер арасынан алыс жолдарға үйреніп қалған адамдай баппен ғана теңселе өтіп әрбірінің қасына тоқтап, сәл жымиып билеттерінің санын атайды, егер оған ешкім назар аудармаса, сол күлген күйі ары өте беретін. Ол үнемі қызу жүретін болу керек. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Проза | Жарияланған күні: 20-02-2011
ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРІ
Жеңіс КӘКЕНҰЛЫ
ПИКАССО
Осы күндері суретші де, сурет сала білмейтін әлеумет те «Пикассо» десе-ақ қосарлана кетіп, бір сөйлеп қалады. Естіген бір дерегін кесе көлденең тартып жатқаны. Біреуі біліп айтса, бесеуі, дүрмектің үрметі үшін ғана «ойпырым-ай» десіп жүргені. Иә, кім қалай айтса да, не уәж десе де көзі тірісінде бас айналдырар атақ-даңққа бөленіп, артына ғажайып аңыз қалдырған испан суретшісінің тіптен де тегін адам еместігі.
Өзінікі тұрғанда өзгенікін әулие тұтқыш біздің халықтың табиғатына шым-шымдап кірген «Пикассо» дейтін есімді шама жеткенінше сыналап көрсе – ең алдымен оның сұрапыл еңбекқорлығы көзге түссе керек.
Соңында қалған он мыңдаған картина, жиырма-отыз мыңдаған гравюра, мүсіндері «Пикассо» аңызының діңі болса керек. Өмір сүрген тоқсан екі жыл ғұмырының әрбір тәулігін сурет салуға арнаған мехнаткештігімен өлшенсе керек, ең әуелі. «Менің айтайын дегенім тіптен көбейіп, оған деген уақытым сарқылып бара жатыр» дейтін жанкештілігінде шығар.
– Сіз осы, шаршамайсыз ба? – деп сұрағандарға:
– Жоқ ә, мен мұсылмандардың мешітке кірерде аяқ киімін табалдырыққа шешіп кететіні секілді, шеберханаға кірерде тәнімді босағаға қалдырамын, – деп жауап қатады екен, жарықтық. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Авторлар | Жарияланған күні: 25-06-2010

Ярослав СЕЙФЕРТ
МЕН ЖАРАЛҒАМ ЖҮЗ ҚАЙҒЫДАН, МЫҢ МҰҢНАН
Чех ақыны Ярослав СЕЙФЕРТ Прага қаласына жақын Жижков деген жерде 1901 жылдың 23 қыркүйегінде дүниеге келген. Бұл кезде оның Отаны Австро-Венгрия империясының құрамында еді. Сейферттің әкесі фабрика жұмысшысы бола жүріп, жергілікті суретшілердің, шеберлердің бұйымдарын және киімдер сататын дүкеннің меңгерушісі болады. Ұлын сол дүкен бұйымдарын, киімдер сату үшін және қаланы толық білу мақсатында Праганы еркінше аралатады. Еуропаның үлкен орталығы болған қаланы жастай танып-білу Ярославтың поэзиясына да ерекше ықпал етті.
Ярослав нашар оқушы болып, мектепті тәмамдай алмаса да, әдебиет пен музыканы, шетел тіліне ықыласпен қарады. Қабілетті Сейферт 20 жасында бірнеше мерзімдік басылымдардың редакторы болды. Францз және орыс әдебиетінен шығармалар аударды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, Чехия Австро-Венгрия империясының құрамынан шыққанда ол «Руде право» газетінде кәсіби журналист ретінде еңбек жолын бастады. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Поэзия | Жарияланған күні: 25-06-2010
ТӘРЖІМЕ ТАРАЗЫСЫ
Аврил ПАЙМЕН
Мен Тургеневті ағылшын тіліне қалай тәржімеледім
Паймен Аврил – белгілі ағылшын лингвисі, танымал тәржімеші, Тургеневтің шығармаларын ағылшын тіліне тәржімелеген әйел.
***
Әрбір тәржімешінің негізгі міндеті үшеу: түпнұсқаның рухына адал болып қалу; туған тілінде көркемдігі жағынан қанағаттандырарлық тұтастық туғызу әрі осы тұтастықты арнайы даярлықтан өтпеген және тарихи-тұрмыстық мәнмәтіннен тыс тұрғыда пікір түзетін оқырманға бұл жайында жеткізу қамын жасау. Соңғы міндеттің, әсілінде, осы мақаланың авторы тәрізді әлемдік классиканы көп таралыммен шығаратын баспа үшін тәржіме жасайтындарға ерекше жауапкершілік жүктейтіні белгілі; осы орайда мен орыс тілінен ағылшын тіліне тәржімелеуді академиялық немесе көркемдік міндет түрінде емес, тек даярлығы жоқ оқырманды оған бейтаныс әлемге әдебиет арқылы, әрі осы әлем туындатқан әдебиет арқылы әкелудің тәсілі ретінде қарастырудың кейбір арнайы мәселелеріне тоқталғым келеді.
Дегенмен, әуелі шағын ғана шегініс жасауым керек. Тегінде көркем тәржіме нағыз суреткердің шаруасы болуға тиіс. Қанатты сөздің қашанда қайырымы бары аян, бірақ сондай сөзді табудың заңы жоқ және болған емес. Бұл жерде орысшадан ағылшыншаға көркемдігі жоғары нағыз кәсіби тәржіме жасау бүгінігі күні балаң күйінде демей-ақ қоялық, десе де әлі мектеп жасынан аса қоймағаны да жасырын емес, сондықтан да маған «Тәржіме шеберлігі» жинағы редакциясының ұжымдық тәжірибе тұрғысынан алғанда әлі де есейе қоймаған біздің жалғыз-ілік тәржімешілердің барлығының алдынан жұмыс барысында шығатын кейбір проблемаларды талқылау мүмкіндігін беріп отырғаны өте-мөте маңызды. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Зерттеу | Жарияланған күні: 25-06-2010
СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ
Николай Васильевич Гоголь
ӨЛІ ЖАНДАР
Үзінді
Бірінші тарау
Губерниялық NN қаласы1 қонақүйінің қақпасына бойдақ жігіттер: отставкадағы подполковниктер, штабс-капитандар2, жүзге жуық шаруа жаны бар помещиктер, қысқасы, орта қолды мырзалар деп аталатындар мінетін күйме келіп кірді. Күймеде сүйек сыны келісті деуге де, келбетсіз деуге де келмейтін, семізден төмен, арықтан жоғары, қарт дейтін қарт емес, алайда қылшылдаған жас та емес бір мырза отырды. Оның қалаға келіп кіруі ешкімді дүрліктіре қойған жоқ және ерекше ештеңемен жалғаспады; тек қонақүйдің қарсысындағы шарапхананың қасында тұрған екі орыс мұжығы ғана күймедегі адамнан гөрі көлікке қатысты кейбір ескертпелер жасаған болды. «Доңғалағын қарашы! – деді біріншісі екіншісіне, – қалай ойлайсың, егер бірдеңе бола қалса, анау доңғалақ Мәскеуге жете ала ма әлде жете алмай ма?» – «Жете алады», – деп жауап берді екіншісі. «Ал Қазанға жете алмайды-ау деп ойлаймын? – «Қазанға жете алмас», – деп жауап берді серігі. Осымен әңгіме аяқталды. Айтпақшы, күйме қонақ үйге таяған кезде, үстіне кенеп матадан тіккен тыртиған шолақ панталон, сәнді фрак, оның ішінен тапанша тәрізді3 қола түйреуішпен түйрей салған кеудешесі көрініп тұрған жас жігіт кездесті. Жігіт артына бұрылып күймеге қарады да, жел ұшырып әкете жаздаған картузын қолымен ұстаған күйі жөніне кете барды. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Проза | Жарияланған күні: 25-06-2010
ТӘРЖМЕ ТАРАЗЫСЫ
Герольд БЕЛЬГЕР
СЫРШЫЛДЫҚ ПЕН СЫРБАЗДЫҚ
(А.С. Пушкиннің “Гавриилиадасы” және
І. Жансүгіровтің
«Жебірейілнамасы» хақында)
Солай болғаны да рас. Айтары не, бұған алып-қосарымыз да жоқ…. Әлбетте, мен Пушкинде “Гавриилиада” аталатын шығарманың бар екенін түрлі сыни-өмірбаяндық деректерден білуші едім, бірақ ұзақ жылдар бойы онымен етене танысудың сәті түспей жүрген… Мектепте де, институтта да ондай мүмкіндік болған жоқ… Бұрын-соңды қолыма түскен Пушкин басылымдарының ішінде бұл шығарма маған ұшыраспаған. Әлде бір құпия мен әлде бір әуестіктің қалың мұнарының арасында қала берді.
Жоққа – шара жоқ. Менің тарапымнан да қайтсем тауып оқиын деген құмарлық иә құштарлық бола қойған жоқ… “Гавриилиаданы” институттан кейін Жамбыл облысының бір түкпіріндегі Байқадам ауылында жергілікті мектепте орыс тілі мен әдебиетінен оқытушы болып жүрген кезімде оқыдым. Бір үйде қонақта отырғанымызда орыстың ұлы ақынының көп қол тиіп көнерген көптомдық шығармалар жинағына кездейсоқ кезіккенім бар… Мол тартылған еттен кейін берілетін шәй келгенше қонақтар сонау алыс жылдардағы сіңісті әдетпен карта ойынына қызу кіріскен сәтте, бір бұрыштағы жайлы алашаға жайғасқан мен поэманы басынан аяғына дейін дегбірсізденіп бірден сіміріп салдым… Бойымды ақжарқын, асқақ қуаныш сезімі биледі.. Еріксізден ”Пай-пай, Пушкин” – дейтін сөзі есіме оралды. Махаббат машақаты жайында қалай есіле, еппен ойнақылана толғайды. Біздің уақытта, біздің ортада ерсілеу көрінер жәйттерді айту үшін, қандай сөз, қандай бейне, қандай теңеу таба білген.”Қиыннан қиыстырар ер данасы” деген Абай сөзі ойға оралды. Биік діни сарынды, інжілдік өрімдерді әдептің шегінен қия баспай, әзілмен, зілсіз әжуамен, пендешілік құштарлықпен, осының бәрі-бәрін қалжыңға салғандай, қуақылана отырып, қалай ғана шебер, әрі қылаусыз қиыстырғаны қайран қалдырады. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Зерттеу | Жарияланған күні: 25-05-2010
СҰЛУ САЗДЫ СӨЗ САРАСЫ
ҚАРЛЫҒАШ ЖЫРЫ
Гау ШЫ (700-765) – лақап аты Да Фу. Бохайдың Тияушиян деген жерінің тұрғыны (қазіргі Хыбидың Жиңшиян ауданы). 794 жылы жоралғы ғылымдар сараптауынан өтіп, Фынчиу ауданының кіші жасауылы болады. Ұзамай бұл мансаптан бас тартады. Кейін Хыши дуанының басшысы Гысу хан оны сол қанат әскери істер сардары, хатшысы етіп орналастырады. Ан Лушан, Шы Сымиң көтерілісінен кейін патшаға ұнап, Хуайнанның басшысы, Йыңжоу, Шужоулардың дуанбасы қатарлы мансаптарға ие болды. 764 жылы Чаң-анға шақырылып жазалау бөлімінің жендеті, Бохай ауданының бегі қатарлы мансаптарды иеленді. Таң дәуіріндегі атақты ақындардың бірі.
ҚАРЛЫҒАШ ЖЫРЫ
Хан елінің Солтүстік шығысында,
Соғыс боп тұтанды өртең шекарада.
Қош айтып хан сардары ел мен жерге,
Аттанды жауға қарсы – ұлы сынға.
Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Поэзия | Жарияланған күні: 25-04-2010
СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ
ӘКБАР МӘЖИТҰЛЫ
БАЛБАЛ ТАС
Әңгіме
Әкбар МӘЖИТҰЛЫ Қазіргі қытай еліндегі аса көрнекті қаламгерлердің бірі. Ұлты – қазақ. 1954 жылы ҚХР Шынжаң өлкесіне қарасты Қорғас ауданында туған. Шығармаларын қытай тілінде жазады. Бүгінге дейін «Қайран, он бестегі Халида», «Ақсақ құлан», «Көк көгершіндер», «Әйелдің абдырасындағы тізім», «Мұхаммед» тәрізді көптеген прозалық кітаптарымен қоса, қазақ тілінен аударған «Абайдың қара сөздері», ұйғыр тілінен аударған «Он екі мұқам» қатарлы еңбектері жарық көрген. Шығармалары дүниежүзінің көптеген тілдеріне аударылған. ҚХР мемлекеттік сыйлығының және көптеген шет елдердің әдеби сыйлықтарының иегері. Қазір ҚХР жазушылар одағының басқарма мүшесі, ҚХР Жазушылар одағы мемлекеттік баспа корпорациясының вице-президенті. ҚХР жазушылар одағының органы «Жазушы» журналының бас редакторы. ҚХР мемлекеттік саяси кеңесінің мүшесі.
2009 жылы күзде «Таңдамалы шығармалары» (төрт томдық) қытай тілінде жарық көріп, ҚХР Мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен Пекин қаласында тұсаукесері өтті.
***
Күнес өзені тоқтау су секілді, аққан-ақпағаны білінбейді. Ал Шапқы өзенінің ағыны қатты, қашан көрсең арқырап, жартастарға шапшып, ақ көбігін аспанға атып жатады.
Шапқы өзеннің басында, тау бөктеріндегі екі өзеннің түйіліскен тұсында бағзыдан қалған бір балбал тас судың ағысына тесіле қарап үнсіз тұр.
Балбал тастың тұрған жері өзен жағасынан бір жарым метр шамасында ғана… Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Проза | Жарияланған күні: 25-04-2010
СҰЛУ САЗДЫ СӨЗ САРАСЫ
Ай ЧИҢ
КӨЗІМ ЖАСЫ НЕГЕ КЕТТІ БОТАЛАП?
Ай ЧИҢ (1910-1996) – көрнекті қытай ақыны. Джызяң өлкесінің Зиньхуа деген жерінде дүниеге келген. 1929-1932 жылдары Париж қаласындағы өнер академиясынан сурет өнерін оқыған. Ақынның өлеңдері мен поэзия туралы толғамдары көптеген шетел тілдеріне аударылған.
Күн
Обалардан бағзылық жерге айналған,
Замандардан қараңғы шер байланған,
Бақи жақтан аруақтар ентелеген,
Тау-даладан құж ұйқы желкелеген,
Ізгіліктен, не түрлі сұмдықтардан
Жалынын аспанға атқан құмдықтардан,
Маған қарай пырлап келеді. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Поэзия | Жарияланған күні: 25-04-2010