Әлем әдебиеті

Меңнігүл ХИСМӘТУЛЛИНА. ШЕР

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

 

Меңнігүл ХИСМӘТУЛЛИНА

ШЕР

әңгіме

Меңнігүл ХИСМӘТУЛЛИНА – белгілі башқұрт ақыны әрі жазушысы. 1927 жылы Башқұртстанның Шишмә ауданындағы Ябалақлы ауылында дүниеге келген. Дәулекан педагогика училищесін тәмамдап, Башқұрт радиосында, «Башқұртстан қызы» жұрналында қызмет істеді. «Дим тамшысы» (1976) және басқа да өлең кітаптары, «Қала қызы» (1987) повесі мен «Күміскөл бұлағы» (1983) әңгімелер жинағы жұртшылықтың жылы лебізіне ие болды.

Оның шығармалары қазақ, қарақалпақ, өзбек тілдеріне аударылған.

Той болып жатыр… Ғилметдин мен Гүлбикенің ұлы Кениәбай үйленген.

Әй, құдалар, құдалар,

Құдалар, құдашалар.

Сізде нешік, бізде шұлай,

Йырлап көңіл ашалар.

Төрде отырған құдағи әлі той қызбай жатып жұбайының ән бастағанына ыңғайсызданды. Толығырақ »

Ұлмамбет ХОЖАНАЗАРОВ. ЖҮРЕК – АЛАУ, ӨМІР – ЖАДАУ

0

СҰЛУ САЗДЫ СӨЗ САРАСЫ

 

Ұлмамбет ХОЖАНАЗАРОВ

ЖҮРЕК – АЛАУ, ӨМІР – ЖАДАУ

Ұлмамбет ХОЖАНАЗАРОВ 1938 жылы Өзбекстанның Кегейлі ауданында дүниеге келген.  1960 жылы Қарақалпақ педагогика институтын бітірген. «Әмудария» жұрналының бас редакторы қызметін атқарған. «Көңіл екпіні», «Есептегіш», «Жылдарым менің» сынды бірнеше жыр жинақтарының авторы. Өзбекстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты.

БҮГІН ӨЛЕҢ ЖАЗАМЫН МЕН

Бүгін өлең жазамын мен,
Ол тамаша өлең болғай.
Қанаттыдан оза білген,
Теңдесі жоқ өрен болғай.

Гөкиқап тең мысалына,
Биік тұрғай, сұлық тұрмай.
Бүкіл жаһан құшағына
Емін-еркін сыйып тұрғай. Толығырақ »

Гүлстан ШАМҰРАТОВА. АҚҚУДАЙ ЖЫЛДАР БАРАДЫ ЖЫЛЖЫП…

0

СҰЛУ САЗДЫ СӨЗ САРАСЫ

Гүлстан ШАМҰРАТОВА

АҚҚУДАЙ ЖЫЛДАР

БАРАДЫ ЖЫЛЖЫП…

Гүлстан ШАМҰРАТОВА 1937 жылы Өзбекстанның Төрткүл қаласында дүниеге келген. Қарақалпақ педагогика институтын тәмамдаған. «Гүлдер бүр жарған», «Арман» сынды жыр жинақтарының авторы.

АРМАН

Көңілім тасып, тербетіп ойлар

Орамал салып шығамын тысқа.

Су сылдырап, көбелек ойнар,

Арманым шексіз, уақыт қысқа.

Бақыт өзі келмейді оңай,

Бұл да бір күрес орыны бөлек. Толығырақ »

Гилберт Кийт ЧЕСТЕРТОН. ДЕТЕКТИВТІ ӘҢГІМЕ ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛАДЫ

0

ЗЕРТТЕУ. ЗЕРДЕЛЕУ. КӨЗҚАРАС

 Гилберт Кийт ЧЕСТЕРТОН

ДЕТЕКТИВТІ ӘҢГІМЕ ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛАДЫ

 

 

 

Гилберт Кийт ЧЕСТЕРТОН (1874-1936) – ағылшын жазушысы, ақын, ойшыл, журналист. Бала кезінен өнерге деген ынтасымен жас Честертон театр, киномотография саласына ерекше ден қойған. Адам мінезінің қыр-сырын түсінуге талпынып, әртістік өнерін жазушылық қабілетімен ұштастыра білген.
Честертон Бернард Шоу, Герберт Уэллс, Бертран Рассел, Кларенс Дарроу сияқты өзінің үзеңгілес жолдастарымен дебат өткізуді дәстүрге айналдырған. Жазушының өмірбаянын зерттеушілер Бернард Шоу мен Честертонның ковбойлар туралы сыр шертетін киноға түскенін баян етеді. Бірақ, ол түсірілім көрермендерге жетпеген.
Честертон 80 кітаптың авторы. Оның қаламынан жүздеген өлең, екі жүзге тарта әңгіме, төрт мың эссе және бірнеше пьеса оқырманға жол тартқан.

Толығырақ »

Самат ӨТЕНИЯЗОВ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ХОСЕ МАРТИ ЖЫРЛАРЫ

0

ЗЕРТТЕУ. ЗЕРДЕЛЕУ. КӨЗҚАРАС

Самат ӨТЕНИЯЗОВ,

испан тілінің маманы, тарих ғылымының кандидаты,
Мадрид және Қазақ – Американ университетінің профессоры

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ

ХОСЕ МАРТИ ЖЫРЛАРЫ

Толығырақ »

Лаура ДӘУРЕНБЕКОВА. УОЛТ УИТМЕН ЖӘНЕ МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ

0

ЗЕРТТЕУ. ЗЕРДЕЛЕУ. КӨЗҚАРАС

Лаура ДӘУРЕНБЕКОВА,

филология ғылымдарының кандидаты

УОЛТ УИТМЕН ЖӘНЕ

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ

Мұқағали Мақатаев қазақ әдебиетінің қазынасын жауһар жырларымен ғана емес, әлем әдебиеті классиктерінің поэзиясын тәржімалау арқылы да байытты. Ағылшынның ұлы ақыны, драматург Уильям Шекспирдің сонеттерін, итальян халқының әдеби мұрасы болып есептелетін «Құдіретті комедиясын», америкалық ақын Уолт Уитменнің бірқатар өлеңдерін қазақ тілінде сөйлетті. Мұқағали Мақатаевтың ырғағын, өлең өлкесіндегі өзіндік өрнектерін аудармасынан да байқай аламыз. Аталмыш аудармаларынан америка поэзиясының реформаторы атанған белгілі ақын Уолт Уитменнің тәржімаларын зерделесек. Толығырақ »

Оскар УАЙЛЬД. ЛОРД АРТУР СЕВИЛДІҢ ҚЫЛМЫСЫ

2

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Оскар УАЙЛЬД

ЛОРД АРТУР СЕВИЛДІҢ ҚЫЛМЫСЫ

(Парызды сезіну жайлы толғаныс)

Оскар УАЙЛЬД (1954-1900) – ағылшын философы, жазушы, эстет, ақын. Викторияндық кезеңнің ең танымал драматургі. Ирландия астанасы Дублинде дүниеге келген. Анасы Джейн Уайльд 1848 жылы «Жас ирландықтар» деп аталған төңкерісшілер қозғалысына «Үміт» лақап атымен өлең жазып, ғұмыр бойы ұлтшылдық көзқарасынан танбаған. Анасының ықпалымен үлкен өмірге ерте қадам басқан болашақ жазушының жолы даңғыл да соқпаққа толы.

Оскар Уайльд проза саласының роман жанрында логикалық нақтылық пен қарапайымдылықты негіз етіп, табиғаттың өзара үйлесімділігін тіл байлығы арқылы жеткізе білген. 1890 жылы жарыққа шыққан «Дориан Грейдің портреті» атты романы, комедиялық драматургиядан «Мінсіз күйеу», «Сабыр сақтаудың маңыздылығы» сынды шығармалары ешкімге ұқсамайтын ерекше стильмен, ой өткірлігімен оқырман қауымның назарын өзіне аударды. Поэзия саласында адамдардың мінезін, лирикалық эмоциясын өлең жолдарына нақышпен енгізген шебер қаламгердің философиялық ой-тұжырымдары да бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтпаған.

І

Леди Уиндермир пасха алдында соңғы қабылдауын өткізді және де үй ішінде ине шаншар орын жоқ еді. Ордендері мен ленталарын тағынған алты министр парламенттен тікелей осы жерге бас сұқты. Сарай арулары үлде мен бүлдеге оранған киімдерімен жарқыл қақты, ал сурет галереясының бұрышында аса қымбат бағалы асыл тастармен безенген татар типтес жүзіндегі кішкентай қап-қара көзді, Карлсруэден келген етжеңді бикеш София ханшайым тұрған-ды; ол француз тілінде өте шебер сөйлеп, әрбір сөзге жауап ретінде ішек-сілесі қата күле берді. Толығырақ »

Фридрих ШИЛЛЕР. ЖҮРЕГІМ МЕНІҢ ЖЫЛАЙДЫ

0

СҰЛУ САЗДЫ СӨЗ САРАСЫ

Фридрих ШИЛЛЕР

ЖҮРЕГІМ МЕНІҢ ЖЫЛАЙДЫ

Йоһанн Кристоф Фридрих фон ШИЛЛЕР (1759-1805) – неміс халқының атақты ақыны, философы, тарихшысы, драматургы. Өмірінің соңғы жылдары Шиллер атақты Гетемен терең қарым-қатынас орнатып, зор шығармашылық нәтижелерге жол ашты. Олар эстетика тақырыптарын талқыласып, Шиллер Гетенің аяқталмай қалған шығармаларын жазып шығуына ықпал етті. Осы арқылы Ваймар классицизмі деп аталатын бір ерекше кезең басталды. Сонымен қатар, екеуі «Ксениялар» деп аталатын қысқа, бірақ өте уытты сатиралық өлеңдер жинағын шығарды. Ксенияларда олар өздерінің эстетикалық көзқарастарына қарсы шыққандарды өткір сынның астына алды.

ЕРКЕКТІҢ СЕРЕНАДАСЫ

 

Терезеге қарай қойшы. Тыңдашы!

Малма жаңбыр және нұрсыз бір ғалам.

Мен бейнебір сорайған дің сұлбасы,

Тоңған иттей сүмірейіп дір қағам.

Неткен жаңбыр! Бейне топан тасыған!

Толығырақ »

Рюноскэ АКУТАГАВА. МҰРЫН

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Рюноскэ АКУТАГАВА

МҰРЫН

әңгіме

Акутагава РЮНОСКЭ (1892-1927) – Жапонияның классик жазушысы. Нағашысының қолында ержетіп, тегін иеленген. Оның шығармашылығы 1915 жылдан басталады. Осы жылдары жазған оның «Расемон қақпасы» және «Мұрын» атты әңгімелері оқырман қауымды дүр сілкіндірді. Шығармаларындағы көнеге деген аңсарды түсіндірген қаламгер: «Ескіліктегі және қазіргі заманғы адамның рухында ортақ нәрселер көп. Маңыздылық та осында», – деген. Жапон сыншыларының пікірінше, шағын әңгіме жанрының хас шебері болған Рюноске вернолдан (ұйқы шақыратын дәрі) уланып көз жұмған.

Икэноо монахы Дзэнтидің мұрны туралы осы елде естімеген кім бар дейсің?! Бұл мұрынның ұзындығы бес-алты сун, еріндерінің үстін баса салбырап, астыңғы иегіне дейін жетеді және бір қызығы жалпақтығы түбірінде қандай болса, ұш жағы да дәл сондай. Қысқасы, бетінің қақ ортасында шұжыққа ұқсаған ұп-ұзын бірдеңе салбырайды да жүреді.

Монахтың жасы елудің үстінде, баяғы Жаратқанға құл болуға бас ұрған күннен бастап найдодзегубу атанып, жоғарғы санатқа жеткен бүгініне дейінгі аралықта мұрнын ойлап, қабырғасы қайыспаған жері жоқ. Соған қарамастан «ол маған кедергі емес» дегендей өтірік көлгірсіп, сырт көзге өзінше сыр бермеуге тырысқанын да қоймайды. Әрине, будда Амиданың қасында отырып Жаратқанға құлшылық етуші ретінде мұндай адами күпірліктен бойын аулақ ұстап, тек бақилық өмір жайлы ғана ойлау керегін білмейді емес, біледі. Сондықтан ол, негізінде, мұрным үшін қатты қайғыратынымды қатардағы біреу-міреу сезіп қоймаса екен деп қана қиналады. Сосын да әңгіме-дүкен кезінде мұрын туралы сөз шығып кетуінен зәре-құты қалмай қорқушы еді.

Толығырақ »

Ясунари КАВАБАТА. АЛАҚАНДАҒЫ ӘҢГІМЕЛЕР

1

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Ясунари КАВАБАТА

АЛАҚАНДАҒЫ ӘҢГІМЕЛЕР

Ясунари КАВАБАТА (1899-1972) – жапон халқының көнеден келе жатқан ұлттық дәстүрін өз заманының әдеби әдісімен ұштастырып, жаңа биікке көтерген әлемге әйгілі жазушы, Нобель сыйлығының лауреаты(1968). Оқырман қауымның көзайымына айналған «Мың қанатты тырналар», «Қарлы мекен», «Ескі астана» атты романдарымен қатар, Кавабата өзінің қолтаңбасы айқын ең негізгі шығармасы «Мейдзин» романы деп есептеген. Шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған

ӨЛІКТІҢ БЕТІ ЖӘНЕ АЛАҚАН

Бишараның жүзін көргенше шыдамың таусылып, асығып тұрсың ба, түсінемін, – деген енесі оны өлген әйелінің мүрдесі жатқан бөлмеге қарай бастаған. – Ажалдың оған не істеп қойғанын, міне көріңіз. – Мүрденің бетін жапқан ақ жамылғыға қол соза берген еді, кенет күйеу бала тоқтатты:

– Бір минут. Сырт біреусіз өзім оңаша көрсем деп едім. Мені жалғыз қалдырсаңыздар?

Оның сөзі бөлме ішінде толып тұрған ағайынға біртүрлілеу әсер еткені байқалды. Бәрі үн-түнсіз шығып кетті де, арттарынан есік жабылды.

Толығырақ »