Әлем әдебиеті

ӘЛИ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ

0

ТАМЫРЛАС, ТАҒДЫРЛАС ӘДЕБИЕТ

Расул ҒАМЗАТОВ
авар ақыны

ӘЛИ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ

Өзге үй тауып, өзге жерден таппақ болып жақынын,
Әли атын ерттеді.
Туған үйдің, әкесінің, маздап жанған отының,
Қадіріне жетпеді.
Азық салған қоржынды әкеп ер қасына байлады,
Әли сапар шеккелі.
Туған таулар шыңдарына қарап тұрып ойлады,
Қолды сермеп кеткелі.
Шулады құстар аспанда толған:
«Есіңді жишы, тәкәппар Әли!»
Толқыды өзен, шайқалды орман:
«Барасың қайда, тұра тұр, Әли!»
Жел айтты оған: «Бітеді саудаң,
Ештен де тегі кеш дұрыс, Әли!
Шет елге кетсең, алыста таудан,
Ажалың жетер, нақұрыс Әли!»
Кетті Әли құлақ аспай, мен не дейін?
Не  болды дейсіңдер ғой содан кейін?!

Толығырақ »

ҚАРА СӨЗБЕН ЖАЗЫЛҒАН ЖЫРЛАР

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Иван ТУРГЕНЕВ

ҚАРА СӨЗБЕН ЖАЗЫЛҒАН ЖЫРЛАР

Иван Сергеевич ТУРГЕНЕВ – ұлы орыс жазушысы. 1818 жылы 28 қазанда Орл қаласында дүниеге келген. Оның «Аңшының хаттары» әңгімелер жинағы, «Рудин», «Дворяндар ұясы», «Таяуда», «Әкелер мен балалар», «Түтін» атты романдары әлем әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосты. Қарымды қаламгер 1888 жылдың 22 тамызында Буживалда дүние салды. Қан ойнатқан махаббат сезімі, өмірге құштарлықтың ыстық лебі, жалғандыққа семсердей сілтенген қарсылық, былайша айтқанда, соншалықты қарапайым көрінгенімен, жан мен жүректі бірдей баурап алатын мына біз оқырмандар назарына ұсынып отырған шағын әңгімелерді атақты суреткер өмірінің соңғы жылдары жазды. Өзі айтқандай, бұл оның бүкіл шығармашылық ізденісінің сарқынды, соңғы қуатындай.

ДЕРЕВНЯ

Маусым айының соңғы күні. Қай жаққа көз салсаң да, жайыла созылып жатқан Ресей жері – менің туған өлкем! Бүкіл аспан біркелкі көк бояуға малынған: жұп-жұқа түбіт бұлт қана қалқиды, әлде маңып барады, әлде енді-енді көк әлемге сіңіп кететіндей. Лүп еткен жел жоқ, жанды жайлаған жылылық… ауадан уыз иіс аңқиды! Бозторғайлар шырылдайды; жемсауын керіп көгершіндер гу гулейді; қарлығаштар тыныштық әлемін дыбыссыз қиып өтеді; ауық-ауық жусаған жылқылардың пысқырғаны естіледі; иттер үнсіз, құйрықтарын көкке шаншып, айналаға құлақ түре қарайды. Толығырақ »

УА, АДАМЗАТ, МЕНІ АЯ!

0

Ғабдолла ТОҚАЙ – 125

Ғабдолла ТОҚАЙ

УА, АДАМЗАТ, МЕНІ АЯ!

Татар әдебиетінің классигі, ақын  Ғабдолла Мұхаммедғарифұлы ТОҚАЙ (1886­-1913) бұрынғы Қазан уезі Қошлауыш ауылында дүниеге келген. Жастай әке­-шешеден айрылып, жетімдіктің азабын тартқан ол апасының жәрдемімен Орал қаласындағы «Мутыйғия» атты медреседе оқиды. Баспаханада әріп теруші, артынан корректорлық жұмысты атқара жүріп, әдебиетке араласа бастайды. Ғ. Тоқайдың ақындық тәжірибесі орыс ақыны Кольцовтың өлеңін аударудан басталды. Крылов мысалдарын татар тілінде сөйлетті. Өткір памфлеттер, сықақ өлеңдер, поэма, эпиграммалар жазды. Халық ертегілерінің сюжеті негізінде бірнеше поэма жазды. Өз шығармаларын татар тілінде, сол халықтың рухында туындатқан Тоқай нағыз ұлт ақыны болды. Небәрі 27 жасында дүниеден өткен ақын туралы сол кездегі басылымдарда «Тоқай өлімімен татарлар өзінің шын азаматы, ұлы ақынын жоғалтты» деп жазған еді.
Биыл туғанына 125 жыл толып отырған Ғ. Тоқайдың халық ертегісінің сюжеті бойынша жазылған туындыларын оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

ШӨРӘЛІ

I

Дәл Қазанның артында
«Қырлай» дейтін ауыл бар.
«Қырлайдағы тауықтың
Өзінше бір әні бар».

Тумасамда мұнда мен,
Біраз ғана тұрып ем.
Жерін жыртып, егінін,
Бидай да орып ем.

Ұмытпаймын, әлі мен,
Орман еді жан-жағы.
Бейне пүліш, жібектей
Жайнап жасыл жапырағы.

Толығырақ »

ИОХИДА МЕН ИОХИД

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Исаак БАШЕВИС-ЗИНГЕР

ИОХИДА МЕН ИОХИД[1]

Атақты еврей жазушысы Исаак БАШЕВИС-ЗИНГЕР (1904­-1991) Польшада дү­ниеге келген.
Ол өзінің алғашқы әңгімесін 1925 жылы «Литерарише Блетер» альманахында жариялаған. Сол жылдары ол журналда корректор, журналист, аудармашы болып жұмыс істеді. АҚШ кеткенге дейін ол Польшада XVII ғасырдағы авантюрист тура­лы аңыздың негізінде «Гореядағы әзәзіл» аллегорикалық романын жазды.
Жазушы «Джуиш дейли форвард» еврей апталық газетінде жұмыс істей жүріп, өзінің әңгімелер мен романдарын жариялап тұрды.
Исаак Башевис­-Зингердің «Усадьба», «Поместье» романдары мен «Гимпл­-ақы­мақ», «Сеанс», «Кафканың досы» жинақтары оқырман қауымының жүрегінен берік орын алды.
1974 жылы Исаак Башевис-­Зингер «Жаулар. Махаббат оқиғасы» кітабы үшін АҚШ ұлттық кітап сыйақысына ие болды. Ал Швед ғылым академиясы оған әдебиет бойынша Нобель сыйлығын тарту етті.

Авром Суцкеверге

1
Тозаққа, яғни Жер бетіне қуылуға, соны осылай деп те атайды, жазаға кесілген жандар өз тағдырын күткен қамалда әйел жынысының жаны зарығып жатты. Өзі өмір сүрген әлемде Йохида көп күнәға батты, оған бір кезде Тәңірі Иенің тағынан – Кисэ-Хаковедтен – төменге түскен еді. Бірақ жан атаулы өзінің шыққан тегін ұмытады. Пуро – естен шығару періштесі барлық жерде билеп-төстейді, тек Эн-Соф (Құдайды каббалистік түсіндірудегі айқындалуы қиын шексіздік) қана оған бағынышты емес. Йохида бетімен кетіп жанжал шығарды, өзінің сүйіктісі Йохидпен әрбір періште қыз қитұрқы қылыққа барды деп күдіктенді. Құдайға тіл тигізген кездері де болды. Әйтпесе тіптен Құдайдың барлығын теріске шығарды. Оның ерсі түсінігі бойынша, жан атаулыны ешкім жаратпаған тәрізді, ал олар өздігінен пайда болған, ешбір мақсатсыз және ниетсіз және сондықтан, демек, лэс дин вэлэс дайен – заңдар да, соттар да жоқ. Толығырақ »

МОҢҒОЛ ҰЛТТЫҚ «МОҢҒОЛ ЗУРАҒ» КЕСКІНДЕМЕСІ

0

Ардақ ЮСУПОВА,
 
өнертану кандидаты
 
 

МОҢҒОЛ ҰЛТТЫҚ «МОҢҒОЛ ЗУРАҒ» КЕСКІНДЕМЕСІ

Моңғол ұлттық «Моңғол зурағ» кескіндемесінің дәстүрлері тастағы таңбалардан бастау алады, бұл бір кезде моңғолдың жалпақ жазирасын мекендеген көшпенді халықтар, соның ішінде арғыда ғұндар, бертінде түркі тайпалары да қалдырған сілем. Киізден жасалған бұйымдардың ғажайып үлгілері ортаазиялық «мақұлыхат үлгісінің» тікелей жалғасы секілді. Ғалымдардың куәлігіне сайсақ, мұнда түркілердің жерлеу ғұрыптарының ізі де көрініс береді. Олар ағаштан өрілген қабырдың қабырғаларына қайтқан адамның көзі тірісінде жасаған жауынгерлік ерліктерінің көріністерін бейнелейтін болған.

Моңғолияға  біздің заманымыздың І-ІІІ ғасырларында  Жібек жолы арқылы Будда діні енеді. Сол арқылы Моңғолияның көркем мәдениетінің дамуына VІІІ-ХІ ғасырлардағы ұйғыр және ортаазиялық кескіндеме мектептері әсер етеді. Әсіресе портрет пен пейзаж жанрлары, тарихи тақырыптарға арналған қабырғалық кескіндеме өнері өркендеген ежелгі кидандардың Дай-ляо мемлеке­тінің өзіндік мәдениетінің ықпал еткенін айту керек. Осылайша моңғол топы­рағында әр кезеңдерде өмір сүрген өзіндік қайталанбас мәдениеті бар ежелгі және ортағасырлық мемлекеттер қалдырған бай көркемдік мұраның моңғол кескіндемесінің бет-бітімін қалыптастырғаны даусыз. Толығырақ »

ҰЛЫ ШЫҢҒЫС ХАН ТУРАЛЫ АҢЫЗ-ДАСТАНДАР

Комментарии к записи ҰЛЫ ШЫҢҒЫС ХАН ТУРАЛЫ АҢЫЗ-ДАСТАНДАР отключены

КӨНЕДЕН ЖЕТКЕН ҚАЗЫНА

Жагдалын ЛХАГВА


ҰЛЫ ШЫҢҒЫС ХАН ТУРАЛЫ АҢЫЗ-ДАСТАНДАР


Жагдалын ЛХАГВА 1942 онд Дорноговь аймағының Хөвсгөл елді мекенінде дүниеге келген. 1966 жылы Киевте политехника институтын, 1987 жылы Мәскеуде Әдебиет институтын бітірген. 1960 жылдан әдебиетпен айналысады. 1991 жылы Моңғолия Жазушылар одағының сыйлығын алды. Көптеген әдеби шығармалар мен кино туындыларының, телекино және телепьесалардың авторы.

 «Шыңғыс ханның үш жүз Тәйшілермен шайқасы», «Шыңғыс ханның тоғыз тұғыр уәзірі мен жетім ұлдың шешендік шежіресі» ежелден бергі түркі тектес көшпенді тайпалардың береке-бірлікті, ынтымақ-достықты, тату-тәтті сыйластықты аңсаған аса маңызды ұла­ғатты, моңғол халқының ауыз әдебиетінің ең сындарлы мұрасы:

Аралап таппас,
Алтын қазынасы.
Іздеп таппас,
Інжу-маржаны.
 

Бұл  жыр бұған дейін ешбір елдің тілінде жарыққа шықпаған. ХІV ғасырдан бері моңғол халқының арасында ауызша таралып, астарлы аңызға айналып жалғасып келген. Халық аузынан жинақталып, толық нұсқасымен моңғол тілінде баспадан жарық көргеніне де он шақты жылдың жүзі болды.

* * *

  ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ ҮШ ЖҮЗ ТӘЙШІЛЕРМЕН ШАЙҚАСЫ

Ұлы Шыңғыс хан шет жерлерді мекендеп жүрген заманда бір күні тоғыз тұғыр уәзірлерімен бірге із шалып, барлауға шығып жүріп, былай деп уәж айтады: «Қай бағыттан қандай дұшпанға тап боларымызды алдын ала болжау мүмкін емес. Мәртебелі тоғыз уәзірлерім, бір жерге топтасып, ұйлығыспай үш-үштен жұпталып, аса сақ жүргеніміз абзал», – дейді. Ханның аманаты бойынша Зелме мен Шу мерген Шихихұтық үшеуі бір жұп, Боршы мен Борқұл, Мұқылай үшеуі екінші жұпқа бөлінеді де, Сүлдестің Сорқын-сарысы мен Бесүдтің Жебесі, Ойраттың Қарақожалағы үшеуі ауылды басқарып қалады. Шыңғыс хан алты уәзірін жасақтап алып, із шалып, барлауын жалғастырып, Шақырай ханның ту сыртынан, Жалмын ханның алдынан тосқауылдап келе жатқанда хан ағзамның тұсынан: Толығырақ »

ӨМІРДІҢ ӨЗІ ШЫҒАРМА

Комментарии к записи ӨМІРДІҢ ӨЗІ ШЫҒАРМА отключены

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

Жагдалын ЛХАГВА

 

ӨМІРДІҢ ӨЗІ ШЫҒАРМА



Жагдалын ЛХАГВА 1942 онд Дорноговь аймағының Хөвсгөл елді мекенінде дүниеге келген. 1966 жылы Киевте политехника институтын, 1987 жылы Мәскеуде Әдебиет институтын бітірген. 1960 жылдан әдебиетпен айналысады. 1991 жылы Моңғолия Жазушылар одағының сыйлығын алды. Көптеген әдеби шығармалар мен кино туын­дыларының, телекино және телепьесалардың авторы.

ОҚУҒА БАРАТЫН ЖОЛ

Мәскеудегі М. Горький атындағы әдебиет институтының екінші атауы – жазушылар мектебі. Айтса, айтқандай-ақ. Студенттер жатақханасы Добролюбов көшесінде. Сабаққа бару үшін Руставел көшесінен көлікке мінесің, Чехов көшесімен өрлеп, Пушкин алаңынан түсесің. Одан Горький көшесін қиып, Некрасов кітапханасының алдынан өтесің. Сонымен Герценнің бойындағы институтқа жетесің. Осындай жолдармен бес жыл бойы жүрген адам жазушы болып шықпаса, өз обалы өзіне.

Толығырақ »

КЕЙДЕ КҮЛІП МИЫҚТАН

0

МОҢҒОЛ ӘДЕБИЕТІ

Дэндэвийн ПҮРЭВДОРЖ

КЕЙДЕ КҮЛІП МИЫҚТАН

ТӨРТ МАУСЫМ ДАЛАСЫ

(Л. Мөрдоржының әні)

Қарасында ғашықтың,
Күлімдеп күн өпкен гүл.
Бал құрағын шашып тың,
Маужырайды көктен нұр.

Әуезіндей елімнің,
Көңіл күйін қозғаған.
Желегіндей келіннің,
Желбірейді жаз далам.

Алты шапақ айқарған,
Төрт құбыла қызған ән,
Дән дария жайқалған,
Сары алқалы күз далам.

Толығырақ »

СЫБЫЗҒЫШЫ

0

МОҢҒОЛ ӘДЕБИЕТІ

Чойжилжавын ЛХАМСҮРЭН

СЫБЫЗҒЫШЫ

Қара мұртын ширатып қысып көзін,
Сыбызғысын алды қарт үзіп сөзін.
Жылы шырай көздерін қамады ма,
Мейір төгіп біздерге қарады да.

Сыбызғысын үрледі тартып демін,
Жастық әуен шалқыды артып сенім.
Шарықтады әсем саз төзе алдым ба,
Елестеді бір сурет көз алдымда.

Таудың тағы қырағы мұзбалағы,
Аш қасқырға шүйіліп сорғалады.
Үкі таққан бөркіне аңшы қазақ,
Бөктерлете жөнелді қамшы сабап.

Толығырақ »

ТАУТЕКЕНІҢ ТҰРАҒЫ

0

МОҢҒОЛ ӘДЕБИЕТІ

Бэгзийн Явуухулан

ТАУТЕКЕНІҢ ТҰРАҒЫ

Баллада

Сол бір жылдың қысының ұзағын-ай,
Сөз жетпес.

«Тэхийн зогсоол[1]» шыңының құзарын-ай,
Көз жетпес.
Күрең таудың күнгейі, көк қоралы

«Хүүш[2]» атты,
Болушы еді бір ықтынды көне кәрі
Қыстақты. Толығырақ »