Әлем әдебиеті

СТИЛЬ

0

ТӘРЖІМЕ ТУРАЛЫ ТОЛҒАМДАР

Корней ЧУКОВСКИЙ

СТИЛЬ

Бұл мақала көрнекті әдебиет тарихшысы, сыншы, филолог, тәржіме теоретигі Корней Иванович Чуковскийдің (шын аты – Николай Иванович Корнейчуков; 1882-1969) «Мәртебелі өнер» кітабының осылай аталатын тарауынан ықшамдалып алынып отыр. Ол көптеген көрнекті ағылшын, американ жазушыларының таңдаулы туындыларын орыс тілінде сөйлеткен үлкен тәржімеші. Оның тәржіме саласын ұйымдастыруға, дамыту мен өркендетуге сіңірген еңбегі зор. Бұл үзінді оның «Высокое искусство. Принципы художественного перевода» кітабынан («Авалонъ» баспасы, Санкт-Петербург, 2008) алынып отыр.

* * *

Мәселе мынада: тәржімешінің сөздігі қаншама бай болғанымен, ол тәржіме­леніп отырған мәтінге қызмет етпесе, оның қажеті шамалы.

Тәржімешінің синонимдерді терген кезде, оларды жүйе-желісіз жинай бер­мегені жөн. Оларды стиліне қарай орны-орнына бөліп қойғаны орынды, өйткені әр сөздің орайлас келетін стилі бар. Себебі – бірі сезімдік-әсершілдік, енді бірі көтеріңкі салтанатты, келесісі әзіл-оспақты ойнақы, кейінгі бірі қатқыл іскерлік стильде болуы ықтимал. Мысалға умереть етістігін алайық. Умер деудің жөні бір басқа да, отошел в вечность, скончался деген басқаша, енді опочил, немесе заснул навеки немесе заснул непробудным сном, айталық, отправился к праотцам, преставился дегеннің реңкі өзгешелеу, ендеше издох, околел, скапутился, загнулся, отдал концы, окочурился, дал дуба, сыграл в ящик және т.т. жөні мүлде бөлек.Академик Щерба тілді мынадай төрт стилистік қатпарға бөлген екен: Толығырақ »

ТИВОЛИДЕН КЕЛГЕН БИКЕШ

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Кнут ГАМСУН

ТИВОЛИДЕН КЕЛГЕН БИКЕШ

новелла

Кнут ГАМСУН (шын тегі – Педерсен) 1859 жылы 4 тамызда Норвегияның солтүс­тігіндегі Лом деген жерде қарапайым ауыл тігіншісінің отбасында дүниеге келген.
Гамсун 1877­-1878 жылдары алғашқы өлеңдер мен әңгімелер жинағын жарыққа шығарады. Өз Отанында жазушы ретінде мойындала қоймағандықтан, Америкаға кетіп қалады. АҚШ-­та Гамсун Твенмен танысады. Оның Америкадан алған әсері публицистикасынан анық көрінеді. Данияда алғаш жарық көрген «Аштық» атты хикаяты жазушыға үлкен табыс әкеледі. Артынша «Мистериялар», «Пан», «Вик­тория» романдарын жазады. 1920 жылы жазушы Нобель сыйлығына ие болған «Жер шырындары» романында табиғатқа етене жақын қарапайым шаруаның күнделікті өмірін бейнелеген. «Сақинаның тұйықталуында» («Шеңбер тұйықталды») адамның жалғыздығы мен шарасыздығы роман желісіне айналған.
Кнут Гамсун 1952 жылы 19 ақпанда өзінің жақсы көретін Норхольм поместьесінде көз жұмды. Норвегияда оның еңбектері тек 1962 жылдан бастап жарық көре бастады.

* * *

Бұл оқиға жазда – Тиволи көшесінде Париждік хор концерт бергенде болған еді. Мен Сарайдың төбесіне қарай серуенге шықтым, ал шыңына жеткен соң, кері  бұрылдым да Тиволиге бет алдым.
Париждік хорды тыңдауға көп адам жиналыпты, мен дағы бір бүйірден тұра қалдым.
Танысымды кездестірген соң, екеуміз ақырын тілдесе бастадық. Тап сол кезде іштен ән шалқыды – оны бізге жел жеткізді. Тосыннан мені абыржушылық кернеді, тұла бойымды тітіркенушілік билеп кетті, мен лажсыздан жалтарып, танысыма жаңылыс жауап бердім. Толығырақ »

ЖОЛЫҢА СЕНІҢ ЖАН ҚҰРБАН!

1

ЖАҺАН ЖЫРЛАРЫ ДЕСТЕСІНЕН

Афанасий ФЕТ

ЖОЛЫҢА СЕНІҢ ЖАН ҚҰРБАН!

Афанасий ФЕТ (1820­-1892) – орыстың көрнекті ақыны. «Ұлы ақындарға тән лирикалық құпиялы құштарлық осы етжеңді орыс офицерінде қайдан жүр өзі», – деп Лев Толстойдың өзін таңырқатқан. Өлеңдері көкірек сазына құрылған, кілең күміс дыбыстардан тұрады. Қазақ тіліне бұрын­соңды кең көлемде аударылмаған.

КҮЗ

Жым-жырттығы күңгірт қайғы қаулатқан,
Күзгі күндер – салқыны сыз сұр ағыс –
Жанымызға жалбарына үн қатқан,
Суалған күш, қуарған тұл қуаныш.

Жалқын жалап кей күндердің тамағын,
Алтындады жапырақтың  шаттығын.
Аңсады күз махаббаттың жанарын
Ерке-тотай әрі аптапты аптығын.

Толығырақ »

ҚЫЗҒАНЫШ

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Омер СЕЙФЕДДИН

ҚЫЗҒАНЫШ

әңгіме

Омер СЕЙФЕДДИН (1884­-1920) небәрі 36 жасында өмірден озған белгілі түрік жазушысы. Балыкесир аймағының Генен деген жерінде дүниеге келген.
Ол ертедегі шығармаларынан бастап түріктің халық тілін кеңінен қолдануға күш салған. Түрік зиялылары Зия Гөкалып пен Али Джаниб Ентеммен қосылып, ұлттық ұйысу тілден бастау алады деген таным­түсінікпен араб және парсы тілдерінің ықпалында қалған түріктің әдеби тілін қайта түзуге қам жасайды.
Омер Сейфеддиннің шығармашылық және қоғамдық қызметі қасиетті Тұран мемлекетін құрып, барша түркі халықтарының басын біріктіру идеяларына ұласты.

* * *

Али Жанибке!* Бұл әңгімені балғын жастық ша-
ғымда жазыппын. Ол кезде мен оны еш жерде жа-
риялауға батылым жетпеген. Қазір мен оны марқұм
анамның кітаптарының арасынан таптым. Мен әң-
гімені зор ықыласпен оқып шықтым, өзіме қатты
ұнады. Бұрын ол неге жаныма жақпағанын, не үшін
беталды тастай салғанымды білмедім. Неліктен ол
маған енді соншалықты ұнайтынын тағы білмедім.
Бәлкім, ол маған аяулы да жарқын анамды есіме
түсірген болар?.. Не болса да, менің қымбатты Жа-
нибім, алайда бүгін бұл әңгіме маған ең маңызды
дүниемдей көрінеді. Мұны саған арнадым.

Ахмед Сюхран бейдің не айтқанын тындаңыз. Ол уақта менің жасым бар болғаны жиырма жаста еді. Пошта-телеграф мекемесінде өте жоғары қызметте істейтін әкем ақыр аяғында менің өмірді жарамсыз іс, думан-сауық, бос дырдумен өткізгеніме, бұзықтығыма қатты ашуланды. Ол біздің әулеттің өзінен басқа, анам, әжем және кәрілігі жеткен тәтемнен тұратын барша мүшелерімен сөз байласты және олар мені шеткері аймаққа жұмысқа жіберуге деген шешімді бірауыздан қабылдады. Янин аймағының инспекторы менің әкемнің тамыры еді. Сөйтіп, маған осы аймақтың бір жеріне пошта шенеунігі ретінде аттанып кетуге тура келді. Туғандарымның пікірінше, ол жерде маған ес кіріп, байсалдануға тиіс екенмін. Толығырақ »

ТОЛСТОЙДЫҢ ӨМІРІ

0

ӘЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАР

Ромен РОЛЛАН

ТОЛСТОЙДЫҢ ӨМІРІ

Ромен РОЛЛАН – Францияның ұлы жазушысы. Қаламгердің атағын әлемге әйгілі еткен шығармасы он кітаптан тұратын «Жан­Кристоф» романы еді. Ромен Рол­ланға «Жан-­Кристоф» романы үшін 1915 жылы әдебиет саласындағы Нобель сый­лығы берілді.
Ромен Роллан тек шығарма жазумен ғана емес, сонымен қатар әлемге әйгілі тұлғалардың өмірін зерттеумен де айналысты. Жазушының «Бетховеннің өмірі», «Толстойдың өмірі», «Микеланджелоның өмірі», «Рамакришнаның өмірі» секілді кітаптары кемеңгер тұлғалардың ғұмырын жан-­жақты терең зерттеуімен айрық­шаланады. Атақты суреткер шығармашылық жолын драматургиядан бастап үлкен табыстарға жетті. Жазушының «Сенім трагедиясы», «Әулие Людовик» секілді тырнақалды пьесалары көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

* * *

Толстой – орыстың ұлы жаны – осыдан жүз жыл бұрын жарқыраған сәулесі менің ұрпағымның жастығын арайландырып жіберді. Сөніп бара жатқан жүзжылдықтың қапырық ымыртында Темірқазық жұлдызымызға айналды; жас жүрегіміз оған талпынып саусағын жайды; ол біздің тірегіміз-тұғын. Біреулердің сүйікті суреткерден гөрі сырласы болған немесе оны еуропалық өнер шеберлерінің ішіндегі ең жақын, тіпті жалғыз, нағыз  досы санағандармен қатар, мұндайлар Францияда өте көп, мен де оның қасиетті есімінің лайықты бағасын беріп, махаббатым мен ризашылығымның құрметін білдіргім келеді.
Мен ешқашан да оны түсіну үшін шығармаларын оқыған күндерімді ұмыта алмаймын. Бұл 1886 жылы болды. Толығырақ »

ӘДЕБИЕТКЕ — МАДАҚ, ТӘЛІМГЕ — ТАҒЗЫМ

0

НОБЕЛЬДІК ДӘРІС

Марио ВАРГАС ЛЬОСА

ӘДЕБИЕТКЕ – МАДАҚ, ТӘЛІМГЕ – ТАҒЗЫМ

Марио ВАРГАС ЛЬОСА – 1936 жылы 28 наурызда Арекипада дүниеге келген пе­руандық прозаик және драматург, публицист, саяси қайраткер.
Ол балалық шағын Боливияда өткізеді. Кезінде КСРО жастарының сүйіп оқыған кітабы – «Қала мен иттер» романының авторы. Ол роман КСРО мен АҚШ­-та экран­далды. Латын Америкасы қоғамында орын алған әділетсіздікке анархиялық қарсылық білдіретін және зорлық­зомбылықты өмірдің әлеуметтік салты ретінде бейнелеген «Күшіктер» повесі жарияланғаннан кейін кейбір сыншылар оны «Хемингуэйдің ізбасары» деп атады.
Құрметті Легиона Орденінің кавалері. Оған Астурий ханзаданың әдеби, неміс кітап сатушыларының әлемдік және Чино дель Дук сыйлығы берілген. Сервантес сыйлығының лауреаты. Испан корольдік академиясының мүшесі, бірқатар Европа мен Америка университеттерінің құрметті докторы.
Перуандық әлемге әйгілі қаламгер былтыр Нобель сыйлығының лауреаты атанды.

* * *

Әдебиет біздің сұлулық пен бақыт жайлы армандарымызға ой тастап қана қоймай, төніп келе жатқан қауіп-қатерді алдын ала ескертетіндігіне, кез келген қысымды ашық көрсететіндігіне ешкім күмәнданбай-ақ қойсын. осыдан келіп мынадай сұрақ туындайды: адам баласының шыр етіп өмірге келгенінен бастап о дүниеге аттанғанға дейінгі қадамын бақылағысы келетін режимдердің барлығы әдебиеттен қорқатыны соншалық – репрессивті цензураны енгізіп, тәуелсіз жазушыларды көздерінен таса қалдырмайтын себебі неде? олардың бұлай әрекет етуінің себебі – оқырманның кітап кейіпкерлерінің кейпіне еніп, шынайы өмір  мен салыстырып, қиялданатынын сезеді, ал жазушылардың «қиялынан туған» дүниесінің кейде бүлікке ұласып кететінін түсінеді. Себебі – оқырман көркем шығарма арқылы обскурантизм мен  үрейді еркіндік, бостандық жеңе алатынына көзін жеткізеді, сөйтіп, оны шынайы өмірде жүзеге асырғысы келеді… Толығырақ »

БАҚИ ОРМАНШЕ

0

ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРІ

Ардақ Юсупова,

өнертану кандидаты

БАҚИ ОРМАНШЕ

Ол – татар бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі және бірегейі саналады. Бақи Орманше кеңестік көркемсурет жоғары оқу орнында жоғары кәсіптік білім алған татар халқының алғашқы суретшісі. Ол әуелі 1919 жылы Қазандағы еркін көркемсурет шеберханасына түсіп, білім алады. Содан кейін Мәскеуде ВХУТЕМАС-та (Жоғары көркемөнер және техникалық шеберханалары, соңынан институт болып құрылған) оқуын жалғастырады. Мұнда Орманше бірден екі факультетте оқиды, мүсіндеу өнерінен А. Голубкинаның шеберханасында, кескіндеме бойынша А. Шевченкодан дәріс алады.

Институтты 1926 жылы ойдағыдай тәмамдаған суретші Қазанға оралады. Мұнда ол көркемсурет мектебінде (сол жылдары техникум) оқытушы және оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарады, бұл кезеңде ол өзінің төл кескіндемелерін туын­датады, көркем қышбұйым шеберханасын ұйымдастырады, мақалалар жазып, безендіру ісімен айналысады, дәріс оқып, Татар мәдениеті үйінде өнер секциясына басшылық етеді.

1929 жылы Бақи Орманше сталиндік қудалаудың алғашқы легіне ілігіп, Толығырақ »

ТЫНШУЛЫ ТЕҢІЗ

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

ВЕРКОР

ТЫНШУЛЫ ТЕҢІЗ

Хикаят

ВЕРКОР – (лақап аты) шын аты­-жөні Жан Брюллер, 1902 жылдың 26 ақпанында Парижде дүниеге келген француз жазушысы, суретші­график. Баспагердің ұлы. Білімі бойынша инженер. 1935 жылы «Vendredi» Халық майданының апталығымен тізе қоса жұмыс істеген.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде П. де Лескюрмен бірге Парижде жасырын «Түнгі баспа» ашып, онда «Веркор» (Альпының орманды тау бөктерінің атауы) лақап аты­мен «Тыншулы теңіз», «Жұлдызбен шеру» атты хикаяттарын басып шығарды.
Веркор – трагедиялық әңгімелердің хас шебері («Көздер мен жарық»), тапқыр да кәнігі моралист («Азды­көпті адам») және ғылыми, әлеуметтік және моральдық құндылықтардың тоғысуы («Адамдар, әлде хайуандар ма?» романы)  қарапайым неме­се ерекше мінездер («Осы жағалауда» хикаяттар топтамасы т.б.), фантастикалық оқиғалар («Сильва» романы) оқырманға ой салуды көздейді.
Жазушы 1991 жылы 10 маусымда Прижде қайтыс болған.

Сен-­Поль­-Ру ақынның рухына арналады

1

Оған дейін мұнда жаяу әскердің әртүрлі өкілдері болған. Бәрінен бұрын жаяу жалпы әскерден: екі ақ сары сарбаз, біреуі – ебедейсіз, арық, екіншісі – тас қалаушынікіндей қол-аяғы балғадай, мығым денелі жігіт. Олар үйге кірмей тұрып айнала қарап шықты. Одан кейін унтер-офицер келді. Оны түр-әлпеті ұсқынсыздау сарбаз шығарып салды. Олар менімен өздерінше французша сөйлескен болды. Мен олардың бір сөзін де түсінген жоқпын. Бірақ бос бөлмелерді көрсеттім. Оларға ұнағандай болды. Толығырақ »

ЖЫР ПЕРІШТЕСІ

1

ЗЕРТТЕУ. ЗЕРДЕЛЕУ. КӨЗҚАРАС

Әмір ЖАЛБАҒАЙ
Толқын РАМАЗАН

ЖЫР ПЕРІШТЕСІ

Ли Байдың аты аталса, «жыр періштесі», «шарап жыры», «романтик», «айбынды» анықтауыштарының оқырмандар ойына оралары айдан анық. Ал нағыз Ли Бай біздің межемізден қаншалықты қашықта? Дәстүрлі баяндауларда  Ли Бай ашық, жайдары, реал ортадан аттап өтіп, еркін самғаған ақын. Төрелер мен тоғышар-лардың қақпақылы мен келекесі оның бейнесіне көлеңке түсіре алған жоқ, қайта жыр дүлдүлінің таңғажайып өміріне онан әрмен тылсымдық реңк берді.
Ли Байдың туған жері туралы зерттеулер жүргізген қаламгерлердің тұспалдары ежелден бір жерге тоғысып, нақты тиянақ таппаған еді. Солардың ішінде өкілдік сипаттысы екеу. Оның бірі – Сычуан өлкесін-дегі Жяңиұ қаласы, енді бірі – Орта Азиядағы Суяп қаласы. Қазір қаламгерлер түгел дерлік  Ли Байдың туған жері Суяп қаласы, бұл қала қазір Қытай шекарасының ішінде емес, Қырғызстан Республикасының астанасы – Бішкектің шығысындағы Тоқмақ қаласының маңында, қазір сол жерде Суяп қаласының көне жұрты бар деген ортақ тоқтамға келді.
Ли Бай 701 жылы осы Суяп қаласында түрік отбасында дүниеге келеді. Әкесі мен шешесі ұлына Тайбай деп, ал Тайбайдан кейін туылған қызына Толғанай деп ат қояды. Толығырақ »

СКРИПКАШЫ

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Герман МЕЛВИЛЛ

СКРИПКАШЫ

новелла
Герман МЕЛВИЛЛ (1819­-1891 жж.) – американ жазушысы. Нью­-Йоркте дүниеге келген. Он сегіз жасынан бастап кемемен саяхатқа шыққан, содан кейінгі жылда­ры мұғалім болған. 1842 жылы кит аулайтын кемемен оңтүстік теңіздерге саяхат жасаған. Бір жарым жылдан кейін капитанның қаталдығына шыдамай, Маркиз аралдарында қашып кетіп, туземдіктер қолына түсіп қалған. Одан ол австралиялық кит аулайтын кемемен бостандыққа жіберіледі. Сөйтіп, 1860 жылы Мелвилл жер шарын толық айналып шығады.
1866­-1885 жылдары ол кеденде шенеунік болып қызмет етеді. Оның «Тайпи» мен «Ому» романдары обьективті шындықтан бас тартып, экзотикаға кетумен ерек­шеленеді. Ол «Моби Дик», «Сенім адамы», «Пьер», «Ақ китель, немесе әскери кеме өмірі» сынды тамаша туындылар жазды.

* * *

Сөйтіп, менің шығармама қарғыс айтылды, өшпес өнерге жанасу маған бұйырмаған болып шықты. Бұдан былай қарай және мәңгілік мен ешкім емен, сайда саным, құмда ізім жоқ. Жан төзгісіз хал!
Қалпағымды жұлып алып, мен мақаланы еденге лақтыра салдым да, Бродвейдегі үйден ата жөнелдім. Көше бойында қапталдағы көшелердің біріне таяу жақында ашылған әрі ең үздік клоунның арқасында атағы жер жарып тұрған циркке шаттық кернеген көрермендердің қалың нөпірі асығып бара жатты.
Қарсы алдымнан қуанышты үнмен ескі досым Стэндард тұра ұмтылғаны.
– Бұл сен бе, Хелмстоун? Өте қуаныштымын! Апырым-ай, өзіңе не болған сон ша? Біреуді өлтіріп Толығырақ »