Әлем әдебиеті

Акутагава РЮНОСКЭ. МАХАББАТ ЖАЙЛЫ РОМАН

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Махаббат жайлы әңгімелер антологиясынан

 

Акутагава РЮНОСКЭ

 

МАХАББАТ ЖАЙЛЫ РОМАН

немесе 

«Махаббат – бәрінен жоғары»

 

            Акутагава РЮНОСКЭ (1892–1927 жж.) нағашысының қолында ержетіп, тегін иеленген. Оның шығармашылығы 1915 жылдан басталады. Осы жылдары жазған оның “Расемон қақпасы” және “Мұрын” атты әңгімелері оқырман қауымды дүр сілкіндірді. Шығармаларындағы көнеге деген аңсарды түсіндірген қаламгер бір сөзінде: “Ескіліктегі және қазіргі заманғы адамның рухында ортақ нәрселер көп. Маңыздылық та осында”, – деген. Жапон сыншыларының пікірінше, шағын әңгіме жанрының хас шебері болған Рюноскэ 1927 жылы маусымның 24-інде веронолдан (ұйқы шақыратын дәрі) уланып көз жұмды.

 

***

         Әйелдерге арналған журналдардың бірінің қонақтарды қабылдайтын бөлмесі. Жасы қырықтар шамасындағы денесі дөңгеленіп қалған бас редактор мен Хорикава Ясукити мырза екеуі әңгімелесіп отыр. Жасы отыздарда, өте арық, онысы дембелше келген редактордың қасында тіпті қатты байқалады, сырт бейнесін екі-үш ауыз сөзбен суреттей қою мүмкін емес. Қалай дегенмен де, бір нәрсе анық – оны мырза деп атауға аузыңыз әрең барады.

* * * 

Б а с р е д а к т о р. Сіз жақын араларда біздің отбасылық журналымызға арнап роман жазып бере алмайсыз ба? Байқасаңыз, оқырман қауым күн өткен сайын талапшыл болып барады, оларды кәдуілгі махаббат романдарымен әсте алдандыра алмайсыз…

Мен сізден адам мінезін барынша жан-жақты ашатын салмақты роман жазғаныңызды сұрар едім.

Я с у к и т и. Әрине, жазамын. Шынымды айтсам, әйелдер журналына арналған бір романның мазмұнын ойластырып қойғаныма біраз болып қалды. Толығырақ »

МАХАББАТ ЖАЙЛЫ ӘҢГІМЕЛЕР АНТОЛОГИЯСЫНАН

0

 СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

 

МАХАББАТ ЖАЙЛЫ ӘҢГІМЕЛЕР АНТОЛОГИЯСЫНАН 

 

О-ТЭЙ ТУРАЛЫ АҢЫЗ

 

(Жапон халық әңгімесі)

         Бұл бұдан көп, өте көп уақыт бұрын болған оқиға еді. Ол кездері Эгисэнь провинциясына қарасты Ниигата қаласында Нагао Чосэй есімді жас жігіт өмір сүретін. Жігіттің әкесін қала халқы емі шипалы дәрігер ретінде білетін-ді. Ұзақ оқып-ізденуді қажет ететін бұл мамандық отбасы дәстүрі бойынша ұзақ жылдардан бері әкеден балаға мұра болып беріліп келе жатқан. Бірде Нагаоның жасы онға толған кезінде оның үйіне өзінің туған-туысы, қызметкерлері, оққағарларымен бірге әкесінің бай досы қонаққа келді. Көп ұзамай, бірнеше күннен кейін қонақтар кері қайтқанда Нагао өзінің қонақтың алты жасар қызы О-Тэймен атастырылғанын білді. Толығырақ »

Александр ТВАРДОВСКИЙ. КӘНЕ, ҚҰРДАС,СЫРЛАСАЙЫҚ

0

СҰЛУ САЗДЫ СӨЗ САРАСЫ

Александр ТВАРДОВСКИЙ

 

КӘНЕ, ҚҰРДАС,СЫРЛАСАЙЫҚ

 

          Александр ТВАРДОВСКИЙ (1910-1971) – әйгілі орыс ақыны. Ол көптеген жылдар бойы «Новый мир» журналының бас редакторы қызметін атқарған. Оның «Василий Теркин» поэмасы Ұлы Отан соғысы кезіндегі барша халық сезімінің, орыс мінезінің жалпы көрінісі. «За далью – даль» поэмасы мен лирикасында (Лениндік сыйлық) – уақыт қозғалысы, суретшінің міндеті, өмір мен өлім туралы ойлар суреттеледі. Твардовскийдың лирикалық эпосы орыс классикалық поэзиясынның дәстүрлерін қайта жаңғыртып, байытты.

 

 

АҒАЛАР

 

Осыдан он жеті жыл бұрын

Балауса бала едік

Балдырған.

Сүйдік біз селоның тірлігін

Емеспіз құр босқа сән құрған.

  Толығырақ »

Ясуси ИНОУЭ. ОБАСУТЕЯМА – КЕМПІРЛЕР ТАУЫ

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Ясуси ИНОУЭ

 

ОБАСУТЕЯМА – КЕМПІРЛЕР ТАУЫ

әңгіме

 

            Ясуси ИНОУЭ (1907-1991) – жапон жазушысы, Акутагава Рюноскэ атындағы сыйлықтың иегері. Хоккайдо солтүстік аралында дүниеге келген.

           Ясусиді жазушы ретінде әлемге танытқан новеллалары «Аңшы қаруы» және «Бұқалар шайқасы» 1949 жылы жарық көрген. 1951 жылы Токиоға көшіп барған ол жазушылыққа біржола бет бұрады. Иноуэ шығармаларында жалғыздық, адамдармен қарым-қатынас тақырыбы жиі көрініс тапқан. 1976 жылы шығармашылық адамдарына берілетін – «Нингенкокухо» («адам – ұлттық қазына» мәнін береді) сыйлығымен марапатталған.

 

* * *

 

             Осы бір тау туралы аңызды алғаш рет қашан естіп едім?..

             Менің туған жерім әрі балалық бал күндерімнің куәсі болған ыстық мекенім – Идзу жарты аралының орта тұсындағы тау бөктерін жайлаған шағын ауыл. Міне, осы маңда жарты аралдың батыс жағалауын ала созылып жатқан Гион өлкесінде бағзы бір замандарда төрінен көрі жуық кәрі кемпір-шалдарды тауға апарып тастайды екен дейтін бір көне аңыз айтылатын-ды. Шамасы, бес-алты жасар кезім болса керек, осы аңызды әлдебіреуден естіп, солқылдап жылағаным есімде. Әжем бе, әлде шешем бе екен, менің дауысымды естіген бойда сыртқа жүгіріп шығып, жұбата бастады. Әрине, мен ол кезде бұл аңыздың мән-мағынасын онша ұққаным да жоқ, бірақ өз шешемді арқалап алып, алыстағы бір таудың арасына апарып тастайтынымды ойлауым мұң екен, көз жасымның көл болып ақтарыла жөнелгені бар емес пе. Толығырақ »

Джон ГОЛСУОРСИ. ЖЕҢІЛІС

1

Джон ГОЛСУОРСИ

ЖЕҢІЛІС

новелла

 

           Джон ГОЛСУОРСИ (1867-1933) – әлемге әйгілі ағылшын жазушысы. Атақты «Форсайттар туралы дастан» романының авторы, Нобель сыйлығының лауреаты (1932).

         Голсуорси шығармашылығында импрессионизм мен реализм, гуманизм кеңінен көрініс тапқан. Ол – өмірдің сыршылдығы мен сұлулығын терең түсіне білген суреткер. Жазушының «Төрт желден» атты алғашқы кітабы 1897 жылы жарық көрді. Осы және осыдан кейінгі бірқатар туындылары Джон Синджон деген бүркеншік атпен жарияланды. Оның алғашқы «Күміс қорапша» пьесасы 1906 жылы жазылды. Сол жылы-ақ Форсайттар туралы трилогиясының алғашқы кітабы – «Өзімшіл» романы жарыққа шықты. Голсуорси сол кездің көптеген жазушылары сияқты негізінен драмалық шығармаларына әлеуметтік қарым-қатынастарды арқау етті.

* * *

 

                Міне, оның концерттен шығып, тротуарда селтиіп тұрғанына да біраз уақыт болды. Бұл концертке кіру үшін тұп-тура бір шиллинг төледі. Әдетте мұндай кәсіппен айналысатын әйелдер де өнерге қызығады-ау деген ой мына жұрттың миына кіріп шықпайды. Әсіресе, осы Мэй Белински сияқты (ол қазір өзін осылай атап жүр) неміс қыздарынан ондайды тіпті де күтпейді. Бірақ бұл әйел, шынымен, музыканы ұнатады. Осы қалада концерттік сауық-сайрандар ұйымдастырыла қалған кездерде міндетті түрде «музыкаға шомылып» шығуға ұмтылады. Иә, қазір де ол Моцарттың бірнеше пьесасы мен Бетховеннің симфониясын тыңдау үшін өзіндегі бар ақшаның тең жартысын сарп етті. Толығырақ »

Чхве ИНХО. БАСҚА ПӘТЕР

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

 БАСҚА ПӘТЕР

 

            Чхве ИНХО 1945 жылы Сеулде өмірге келді. «Ёнсе» университетін «Ағылшын әдебиеті» мамандығы бойынша бітірді. 1970 жылы әскери-әуе күштері қатарынан босағаннан кейін әдеби қызметпен айналысуда. Көптеген әдеби жүлделермен марапатталды, соның алғашқысын 1967 жылы «Ойлар әлемі» басылымынан «2 және Ѕ» әңгімесі үшін алған.

Чхве Инхо – жаңа әдеби ізденістерімен ерекшеленетін Оңтүстік Кореядағы ең әйгілі жазушылардың бірі. Адамның жалғыздығы, сенім мен махаббаттан айырылуы жазылған «Басқа пәтер» деген әңгімесінде сюрреализм нышаны бар. «Жер бетіндегі ең үлкен үй» деген әңгімесі қас қағым сәтте құбылған осы әлемнен өз орнын таба алмай жүрген аға буын өкілі жайында.

 

***

 

әңгімелер

 

           Ол алыс сапардан енді ғана оралған еді, аяғы талып, шаршағаны соншалықты – үйге жақындаған кезде құлай жаздады. Баспалдақпен баяу көтерілді. Бір жақсысы – жол-жөнекей ешкім кездескен жоқ. Дәлізге кіріп, өз пәтерінің есігі алдына аялдады. Қайнаған саумалдық аңқыған дәліз бос әрі қараңғы еді. Есікті сипалап, «Пошта» деп жазылған темір жақтаудың астыңғы жағындағы қоңырау тетігін басты. Жылтырата жуылған тап-таза еденге шылым сіңіп, тіл қарыған сілекейін түкіріп тастап, әйелінің қуана есік ашуын күтті. Сөнген шылымын тұтатып, құлақ түрген: пәтерден еш дыбыс естілмеді. Тағы да күйгелектене қолын көтеріп, саусағының жаны кеткенше қоңырау тетігін баса берді.

Сосын ол қоңырау бұзылып қалған деп шешті. Қоңырау тетігін басқан сайын есіктің ар жағынан әлсіз тықыр естілетіні есіне түсті. Әйелім, сірә, жалғыздықтан жабығып, бірер рюмка ішіп алып ұйқыға кеткен шығар деп те ойлады. Толығырақ »

Ким ТОНИН. ЕСУАС СУРЕТШІ

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

 

ЕСУАС СУРЕТШІ     

 

      Ким ТОНИН (1900-1951) Пхеньянда туған. Бұл жазушының шығармашылығы – ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы корей əдебиетіндегі құбылыс. Ғасыр басында-ақ корей прозасының айтулы шеберлері қатарына қосылған жазушының əдеби мұрасында шағын əңгімелер ерекше орын алады. Ким Тонин 1919 жылы корей көркемсөзі тарихында тұңғыш рет «Шығармашылық» атты таза əдеби журнал ашқан.

 ***

           Сақтаушы-рух.

          Жартасқа жармаса өскен жас қарағай, түбінде жасыл мүк жылтырайды.

         Еңкейгенімде жартастың төменгі жағынан сарғылт гүлін ашқан бірнеше түп орхидей көрінді. Жапырақтары жартасқа соққан желден қалтырайды.

Мен тағы да еңкейіп таяғыммен төменгі жақты түртіп көріп едім, таяқтың ұшы орхидейлерге бір жарым метрдей жетпейді екен. Енді байқадым, олардың астыңғы жағы – шатқал.

Шатқал. Бетін түгелдей қарағай инесі қалыңдай жапқан. Кей тұстарда сұрғылт түсті жартас қылаң бергенімен ағаштардан жерге көз жеткізу мүмкін емес. Егер зəуеде құлап кетсең, қарағай инелерінің үстімен домалағаннан домалап қайдағы бір беймəлім сайдан бір-ақ шығатын сияқтысың.

Менің жота тұсымда да жартас, биік, шамасы бес-алты метрден асады-ау. Ал енді оған шығар болсаң, Муак тау асуының арғы бетінен жалпақ жазықты көрер едің. Табанымның астындағы да жартас, ескі, мұжылған. Оның астында əлгі əлденеше түп орхидей, одан төменіректе екі-үш жас қарағай, қарағайдан соң тағы жартас, қоңыраулы гүлдер бүркеген жартастың түбінен терең шатқал басталады. Толығырақ »

ЧХУНХЯН ТУРАЛЫ ХИКАЯ

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

 

ЧХУНХЯН ТУРАЛЫ ХИКАЯ

 

           Бас кейіпкерінің есімі «Көктем жұпары» деп аударылатын осы аңыз елге XVIII ғасырда тарала бастаған. Осы тұста Кореяның оңтүстігіндегі Чолла аймағында кезбе актерлар халық серуені кезінде Намвон үйезі әкімінің баласы мен ежелгі Кореяда жұрт жек көретін кәсіп кисэнмен айналысқан, әнші, биші әйелдің асқан ару, аса ізгілікті балғын қызы Чхунхянның «тыйым салынған махаббаты» туралы оқиғаны әнге қосып, әуен бунақтарын желпуішпен қаға отырып әңгімелейтін болған.

Бұл сюжет XVIII-XIX ғасырлардың көптеген жазушыларына шабыт берді. Оның мазмұны ханмун (қытай классикалық жазба тілінің кәрістендірілген нұсқасы – «вэньянь») «жоғары» әдеби тілінде жазылған дастан мен өлеңмен жазылған драмаға арқау болды, пхансори (көмей әні) жанрындағы бір актер гусли мен барабанның сүйемелдеуімен бірнеше сағат орындайтын аңыз шығарылды. Ана тілінде ұзынды-қысқалы көптеген хикаялар (повестер) жазылды. Жұрт оны талай рет өз талғамынша өзгертіп, қолдан көшіріп таратты. Кітап сатып алуға қалтасы көтермейтіндер де, сүйікті шығармасының сирек кездесетін көшірмесін сақтағысы келген эстеттер де осылай жасады. Сөйтіп, көптің көмегімен елден ерек жақсы келбетімен, әрі көрегендігімен сан алуан сыннан сүрінбей өтіп, қоғамның ең төменгі сатысынан министрдің жұбайы болуға дейін жеткен әйелдің бейнесі жасалды. Толығырақ »

КОРЕЙ ХАЛЫҚ ЖЫРЛАРЫ

0

СҰЛУ САЗДЫ СӨЗ САРАСЫ

 

МАЗАЛАЙДЫ АЛУАН ОЙ

 

           Қазақтың халықтық қара өлеңін жинап, кітап етіп шығарған едім. Сондай-ақ Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің де халықтық жырларын қазақ тіліне аударғанмын. Соның бірі – «Сиджо» деп аталатын кəріс халық жырларын «Әлем әдебиеті» жұрналына ұсынып отырмын.

Оразақын АСҚАР

ақын, халықаралық «Алаш»

жəне Мұқағали атындағы

əдеби сыйлықтардың иегері.

 

* * *

Солтүстік пен Оңтүстіктің

Жиып тез қару-жарағын,

Қорытар ма едім қайтадан.

Соқа жасап, егін ексем,

Жайқалып бəрі даланың,

Құлпырар еді сай-салам.

  Толығырақ »

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ КОРЕЙ ПОЭЗИЯСЫНАН

0

СҰЛУ САЗДЫ СӨЗ САРАСЫ

 

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ КОРЕЙ ПОЭЗИЯСЫНАН

 

XII ҒАСЫР

 

ЧВЕ Ю ЧЭН

(1093–1174)

Қылқалам тəсілімен

 

Адамның ғұмыры бейне шам жалқыны

Жел ұйтқып өшірер бір демде.

Астатөк дəулет те,

Сəулет те дəрменсіз,

Сұм ажал туралап келгенде.

 

Туған жерге оралу

 

Айнала ажарсыз

Таныс жоқ, бəрімен қоштасқан.

Үйлердің орнында үйінді,

Жабайы шөп басқан.

Тек есік алдында

Тас құдық көнеден қалғаны.

Сіміріп салдым да

Сезіндім баяғы сап-салқын зəмзамды. Толығырақ »