ҮЗДІК ҮЛГІЛЕРДЕН ҰЛАҒАТ
АДАМ АТА – ХАУА АНА
(ТҰҢҒЫШ ҚАНІШЕР)
(Екі бөлімді драма)
Бернард Шоу – әлемге әйгілі ағылшын жазушысы, драматург.
Бұл – Бернард Шоудың әуелде бес бөлім, кейін жеке-жеке пьеса етіп жазған атақты «Мафусаилға кері қайту» (Назад к Мафусаилу») пенталогиясының «Бастау» («В начале») деп аталатын бірінші бөлігі. Тіршілік жолындағы адамның, өркениеттің, өлімнің орны туралы, зұлымдық пен қайғы-қасірет жайында ой толғайды. Осы мақсатпен оқиғаны адамзаттың дүниеге алғаш келуінен бастап өрбіткен. Ал бұл аңыз дүниедегі барлық нәсілдер мен ұлттарға ортақ екені мәлім. Сондықтан біз де пьесаны қазақшалағанда өзіміздің ұлттық ұғымдарымызға барынша жақындатуға тырыстық. Бірінші бөлімде кейіпкерлердің жас кездерін Адам, Хауа десек, екінші бөлімде жастары ұлғайып ұрпақ өрбіткен шақтарында Адам ата, Хауа ана деп атадық. Осы жолмен Каинді – Қабыл, Авельді – Абыл, Лилитті – Ләйлі деп атағанды да жөн көрдік.
Өтен Ахмет,
жазушы-драматург Толығырақ »