Әлем әдебиеті

МОҢҒОЛ ҰЛТТЫҚ «МОҢҒОЛ ЗУРАҒ» КЕСКІНДЕМЕСІ

0

Ардақ ЮСУПОВА,
 
өнертану кандидаты
 
 

МОҢҒОЛ ҰЛТТЫҚ «МОҢҒОЛ ЗУРАҒ» КЕСКІНДЕМЕСІ

Моңғол ұлттық «Моңғол зурағ» кескіндемесінің дәстүрлері тастағы таңбалардан бастау алады, бұл бір кезде моңғолдың жалпақ жазирасын мекендеген көшпенді халықтар, соның ішінде арғыда ғұндар, бертінде түркі тайпалары да қалдырған сілем. Киізден жасалған бұйымдардың ғажайып үлгілері ортаазиялық «мақұлыхат үлгісінің» тікелей жалғасы секілді. Ғалымдардың куәлігіне сайсақ, мұнда түркілердің жерлеу ғұрыптарының ізі де көрініс береді. Олар ағаштан өрілген қабырдың қабырғаларына қайтқан адамның көзі тірісінде жасаған жауынгерлік ерліктерінің көріністерін бейнелейтін болған.

Моңғолияға  біздің заманымыздың І-ІІІ ғасырларында  Жібек жолы арқылы Будда діні енеді. Сол арқылы Моңғолияның көркем мәдениетінің дамуына VІІІ-ХІ ғасырлардағы ұйғыр және ортаазиялық кескіндеме мектептері әсер етеді. Әсіресе портрет пен пейзаж жанрлары, тарихи тақырыптарға арналған қабырғалық кескіндеме өнері өркендеген ежелгі кидандардың Дай-ляо мемлеке­тінің өзіндік мәдениетінің ықпал еткенін айту керек. Осылайша моңғол топы­рағында әр кезеңдерде өмір сүрген өзіндік қайталанбас мәдениеті бар ежелгі және ортағасырлық мемлекеттер қалдырған бай көркемдік мұраның моңғол кескіндемесінің бет-бітімін қалыптастырғаны даусыз.

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.