Әлем әдебиеті

ӨТТІ БАСТАН НЕБІР КҮН

0

МОҢҒОЛ ӘДЕБИЕТІ

С. ДОРЖПАЛАМ

ӨТТІ БАСТАН НЕБІР КҮН

НҰРЛЫ ДҮНИЕ

Қалды алыста
Улан-Батор қаласы,
Көз ұшынан кетті үзіліп қарасы.
Айырылысу азабынан өлмейсің
Жүрегіңде жүрер, бірақ жарасы.
Шопырменен қатар отыр бойжеткен
Жылап отыр, жылап отыр қарашы.
Жанары оның жаңбыр тиген әйнектей
Жасқа толған, жасқа толған шарасы.

Бүдіршіндей бойжеткен қыз мұғалім,
Тыя алмайды көзіндегі бұлағын.
Көкірегін кернеп моңғол қызының
Тербеп отыр сағыныш па, бір ағын?
Зула, зула, зула, зула, тұрмағын,
Заулат, мотор, дөңгелектер, зырлағын!
Мұңын басып зымыраған жылдамдық,
Шешер мүмкін жүрегінің жұмбағын!

Ұмытпайды ол, өртенеді өзегі,
Қиялы оның мектеп ішін кезеді.
Шәкірттердің екі жүз мұңлы жанары
Телміріп тұр өз соңынан, сезеді.
Ұмытпайды ол шәкірттерін ешқашан,
Қимағанмен шарасы жоқ, төзеді.
Оралмайды ол мектебіне сүйікті,
Келмейді енді оралуға кезегі.

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.