Әлем әдебиеті

«Әлем әдебиеті», №3-2011

1

«Әлем әдебиеті», №3-2011

Жұрналдың бұл саны түрлі халықтардың әдебиетінен сыр шертеді. Алғашқы беттерде орыстың ұлы жазушысы И.С. Тургеневтің қысқа-қысқа әңгімелері (Аударған Сырым Бақтыгерейұлы) және Нармахан Бегалыұлының тәржімелеуімен көрнекті ақын Афанасий Феттің айтулы жырлары берілген.

«Сынын бермес сырлы сөз айдарымен» берілген норвег жазушысы Кнут Гамсунның «Тиволиден келген бикеш» атты новелласын, атақты еврей жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Исаак Башевис-Зингердің «Иохида мен Иохид» атты әңгімесін, американ жазушысы Герман Мелвиллдің «Скрипкашы» атты новелласын, белгілі түрік жазушысы Омер Сейфеддиннің «Қызғаныш» атты әңгімесін (орыс тілінен аударған Айгүл Кемелбаева), белгілі француз жазушысы Веркордың «Тыншулы теңіз» деп аталатын хикаятын (орыс тілінен аударған Бақытгүл Құсайынова) оқи аласыздар.

Сонымен қатар татар әдебиетінің классигі, ақын Ғабдолла Тоқайдың туғанының 125 жылдығына байланысты халық ертегісінің сюжеті бойынша жазылған туындыларын ұсынып отырмыз (тәржімалаған Жақан Сыздықов). Сондай-ақ Ақылбек Шаяхметтің тәржімалауымен «Тамырлас, тағдырлас әдебиет» айдарымен авар ақыны Расул Ғамзатов, кабарда ақыны Алим Кешоков, ноғай ақыны Тайват Керейтқызы, осетин ақыны Камал Ходов, ингуш ақыны Ибригим Торшхоев, лезгин ақыны Акиф Әлиханов, өзбек шайыры Едгар Абидов, якут ақыны Радион Еремеев, чуваш ақыны Василий Эктель, әзербайжан ақыны Сабыр Абдолла, башқұрт ақыны Әлфия Қырымғожина, украин ақыны Андрей Кирилюктардың өлеңдерін оқи аласыздар.

«Зерттеу, зерделеу, көзқарас» айдарымен берілген Әмір Жалғабай мен Толқын Рамазанның Ли Байдың ғұмырбаяны туралы «Жыр періштесі» атты және Францияның ұлы жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Ромен Ролланның «Толстойдың өмірі» атты зерттеу мақалалары да оқырмандар назарына ұсынылып отыр (орыс тілінен тәржімалаған Амангелді Кеңшілікұлы).

Әлемге әйгілі перуандық қаламгер, Нобель сыйлығының лауреаты Марио Варгас Льосаның нобельдік дәрісін оқи аласыздар (орыс тілінен аударған Алуа Әмірбекова). Сондай-ақ көрнекті әдебиет тарихшысы, сыншы, тәржіме теоретигі Корней Чуковскийдің «Стиль» атты (Тәржімелеген Кеңес Юсуп) және өнертану кандидаты Ардақ Юсупованың «Қылқалам шебері» Бақи Оманше туралы мақалалары жарияланған.

Пікірлер: (1)

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.