Әлем әдебиеті

АМАНАТ

0

МОҢҒОЛ ӘДЕБИЕТІ

 Чадраабалын ЛОДОЙДАМБА

АМАНАТ


Чадраабалын ЛОДОЙДАМБА 1917 жылы Говь-Алтай аймағының Тайшир деген жерінде дүниеге келген. Жазушының «Тұнық Тамир» атты атақты романы – орыс жазушысы М. Шолоховтың «Тынық Дон» романымен үндес әрі деңгейлес туынды ретінде ХХ ғасырдың үздік шығармасы деп танылған. Сонымен қатар жазушы әңгіме жанрының да хас шебері еді. Оның шығармаларының негізінде көптеген көркем фильм түсірілген.

* * *

Өткен жазда мен Архангай аймағындағы немере ағамның үйіне барып демалған едім. Олар көршісін Юндэннің үйі деп атайды екен. Ағамдармен бірлесіп шаруашылықтың мың басты қойын бағады. Негізі олар біздің ауылдың адамдары емес. Мен оқуда жүргенде «басқа жақтан ауып келген» деседі. Балалары есейіп, үйлі-жайлы болып кеткен, өзге өңірде тұратын көрінеді. Аналары Ханд деген жасы сексеннен асқан әжей бірге тұрады. Әдетте Ханд әжей секілді жасы ұлғайған адамдар әңгімешіл келеді ғой. Әсіресе жастық шағы туралы сұрай қалсаң, көңілдері көтеріліп, тізгін шылбырсыз кетпейтін бе еді? Ал Ханд әжеде ондай жоқ.

Демалыс кезінде бір әңгіменің тақырыбын тауып алармын деген оймен әжейді сөзге тартып көріп едім, түк шықпады. Бұл туралы Юндэн-ғуайға (моңғолдар сыйлы адамды, жасы үлкендерді міндетті түрде «ғуай» дейді. Бұл түріктердің «бей», қазақтардың «екең», «ақаң» сөздерімен төркіндес. Ауд.) айтып, «шағымданып» көріп едім. «Анам бастан кешкендерін айтуға құлықсыз. Баласы бола тұра, менің өзім осы жасқа дейін ата-тегімді білмеймін. Әкемнің қандай адам болғаны жа­йында да тіс жармайды ғой. Аты-жөнімді көрмейсің бе, «Хандын Юндэн» болып жүрген жоқпын ба?» – деп салғаны. Бұл жай мені одан әрі қызықтыра түсті. Кейуананың мың қатпарлы әжімге толы жүзі мен нұры тайған қос жанарының түбінде өткен өмірінің осыған дейінгі ұзын сонар жолында талай тосын сырларды, қызғылықты оқиғаларды бүгіп жатқандай көрінетін еді. Құдды бір үлкен құлып салынған жабық есік. Осы есіктің артында қаншама дүние жатыр десеңші. Алайда оны ашудың амалы табылмаған соң не істерсің? Демалыс бітіп, кетуге ыңғайланып жатқанмын. Ханд әжей келіп, жаңгемнің құйып берген шайын сораптап, біраз отыр­ды да:

Рұқсат алу

Аударған Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.