Әлем әдебиеті

ТӨСЕК ЖАҢҒЫРТҚАН ЖІГІТ

0

МОҢҒОЛ ӘДЕБИЕТІ

Цэндийн ДАМДИНСҮРЭН

ТӨСЕК ЖАҢҒЫРТҚАН ЖІГІТ

Цэндийн ДАМДИНСҮРЭН Дорнод аймағының Матад деген жерінде 1908 жылы дүниеге келген. 1938 жылы Ленинградтағы шығыстану институтын, 1950 жылы аспирантурасын бітірген. 1957 жылы профессор атағын алды, 1961 жылы Моңғолия ҰҒА толық мүшелігіне сайланды. Ғылыммен бірге көркем әдебиет саласында да көп еңбек сіңіріп, кітаптарын жарыққа шығарған. 1946, 1947, 1951 жылдары елдің мемлекеттік сый­лы­ғының иегері болды. 1986 жылы халық жазушысы атанды.

* * *

Говь даласында өскен жас жігіт Бат, Соль («соль» сөзінің тура мағынасы «ауыс­тыр» деген ұғымды білдіреді. Ауд.) есімді 18 жасқа жаңа толған зайыбын қалдырып, әскери қызметке аттануға мәжбүр болды. Бат кетерінде әйелі Сольға айтқаны:

– Қоштасудың қиынын айтудың өзі ауыр. Алайда әскери борышымды өтеген соң ораламын ғой. Екі-үш жыл деген не тәйірі. Сен отауымызды ақ ордаға айналдырып, мал басын өсіріп күтіп отырғайсың! – деп басынан сипағанда, Соль байғұс көз жасын зорға тиып айтқаны:

– Сен аман-есен оралсаң болғаны. Мен сен айтқандай үйімізді ақ ордаға айналдырып, малымызды көбейтіп, сәбиімізді өсіріп күтіп отырайын!

– Қайдағы сәби?

Рұқсат алу

Аударған Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.