Әлем әдебиеті

ҚҰПИЯ СЫРДЫ АШҚАН ХАТ

0

МОҢҒОЛ ӘДЕБИЕТІ

Бямбын РИНЧЕН

 

ҚҰПИЯ СЫРДЫ АШҚАН ХАТ

Бямбын РИНЧЕН 1905 жылы Хиагт маңындағы Бул-Сарай деген жерде дүниеге келген. 1923 жылдан бастап шығармашылықпен айналысып, «Таң сәулесі» трилогиясын, «Заан залуудай» атты көне заман туралы романын, «Ханша», «Гүл келін» тәрізді жеке жинақтарын жарыққа шығарған, «Цогт тайж» атты тарихи тақырыпта кино түсірген. 1944 жылы Моңғолия мемлекеттік сыйлығын алған. Аты аңызға айналған академик, әлемге әйгілі шығыстанушы ғалым.


* * *

Cтудент кезімізде алыстағы Ленинградта Ғылым академиясының Азия ғылым­дары мұражайында ресейлік ғалымдардың осы құрлықтан тапқан сирек те құнды жазбаларымен танысатын едік. Ежелгі тод моңғол жазуымен жазылған көне хаттар амандық-саулық сұраған (бұйымтай шаруасы елші, хабаршының аузымен айтылады) азғана сөзбен ғана шектелетіні таң қалдыратын еді. «Ерте заман хаттарында кім арқылы жолдағанын хабарлағаны болмаса, негізі айтарын елші арқылы жеткізетіндігінде бір сыр бар секілді» деуші еді, ұстазым академик Владимирцов.

Кейін Қобда шекаралық өлкесінде халық ауыз әдебиеті, жергілікті тіл диалек­тілерін жинап, көне жазба тастарын іздеп, лау арқылы жолаушылап жүргенімде Цорос руының тумасы, сандық толы көне кітабы бар қарияның үйінде қона жатып, жазбаларын оқығаным бар. «Айтар сөз елшінің аузында» деген сөздің мәнін сол ауылдық шежіреші қарттан естіп білгенімді отыз жыл бойы көкірегімде сақтадым. Енді міне, шаш ағарып, бурыл бас жазушы болған шағымда жазып көпке жеткізуге кірістім. Он жетінші ғасырдағы халқымыздың тарихы қайғы-қасіреттен кенде болмады. Ендеше, шежірешілер мен тарихшылардың зерттеп бітіре алмауының себебі – мен ерте заман делінетін сол бір дәуірдің мұңлы аңызы жайында сыр толғайын.

Рұқсат алу

Аударған Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.