Әлем әдебиеті

ДӘСТҮРІ БАЙ, БАҒЫТЫ ЖАҢА ӘДЕБИЕТ

0

СӨЗ БАСЫ

ДӘСТҮРІ БАЙ, БАҒЫТЫ ЖАҢА ӘДЕБИЕТ


XIII ғасыр, яғни Біріккен Моңғол мемлекеті құрылғанға дейін киіз туырлықты көшпенділер әдебиеті әдеттегідей халық ауыз әдебиеті формасында дамып келді. Ауыз әдебиетінің негізгі түрлері жыр, аңыз, ертегілер, бақсылық домдары, өсиет-қағидалар, бата соғыс пен аң аулау кезінде айтылатын ұрандар сипатында болды. Тарихи деректер бойынша көшпенділердің ең алғашқы жыры – біздің жыл санауы­мыздан бұрынғы I ғасырда Ғұн (Хүннү) елінде ән болып айтылған төрт жолдық қасіретті өлең болып табылады. Кейін мұндай өлеңдер моңғолдар ортасына кең таралып, бүгінге дейін «уртын дуу» (ұзақ, созылыңқы ән деген мағынада) деген жеке жанр ретінде сақталған.

Көшпенді моңғолдардың көнеден жеткен ертегі, аңыздарының ішінде Орта Азия халықтарының және Америка үндістерінің арасында айтылатын нұсқалармен үндесетіндігін зерттеушілер атап көрсетуде. Сондай-ақ Ежелгі грек философы Эзоптың мысал ертегілері, «Інжілде» жазылған аңыздар да моңғол ауыз әдебиетінде кездеседі және Ескендір туралы баяндалатын «Сулхарнайн тууж» (Зұлхарнай жыры) атты ертегі де бар. Олардың ішінде таңды таңға, күнді күнге ұрып, әндетіп айтылатын жырлардың орны айрықша. Айталық, Батыс Моңғолдың атақты жыры «Жаңғыр»-ды толық нұсқасымен жырлап шығу үшін алпыс тәулік уақыт кететіндігін зерттеушілер анықтап отыр.

Рұқсат алу

Берілген мақалаға пікір жазылмайды.