Әлем әдебиеті

БАҚИ ОРМАНШЕ

0

ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРІ

Ардақ Юсупова,

өнертану кандидаты

БАҚИ ОРМАНШЕ

Ол – татар бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі және бірегейі саналады. Бақи Орманше кеңестік көркемсурет жоғары оқу орнында жоғары кәсіптік білім алған татар халқының алғашқы суретшісі. Ол әуелі 1919 жылы Қазандағы еркін көркемсурет шеберханасына түсіп, білім алады. Содан кейін Мәскеуде ВХУТЕМАС-та (Жоғары көркемөнер және техникалық шеберханалары, соңынан институт болып құрылған) оқуын жалғастырады. Мұнда Орманше бірден екі факультетте оқиды, мүсіндеу өнерінен А. Голубкинаның шеберханасында, кескіндеме бойынша А. Шевченкодан дәріс алады.

Институтты 1926 жылы ойдағыдай тәмамдаған суретші Қазанға оралады. Мұнда ол көркемсурет мектебінде (сол жылдары техникум) оқытушы және оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарады, бұл кезеңде ол өзінің төл кескіндемелерін туын­датады, көркем қышбұйым шеберханасын ұйымдастырады, мақалалар жазып, безендіру ісімен айналысады, дәріс оқып, Татар мәдениеті үйінде өнер секциясына басшылық етеді.

1929 жылы Бақи Орманше сталиндік қудалаудың алғашқы легіне ілігіп, ұлт­шылдық айыбы тағылған ол інісі Хадимен бірге Соловкидегі айырықша жазалау лагеріне айдалады.

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

*