Әлем әдебиеті

Видиадхар НАЙПОЛ. АРАЗДАСТЫҚ

3

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

 

Видиадхар НАЙПОЛ

АРАЗДАСТЫҚ

әңгіме

Видиадхар Сураджпрасад НАЙПОЛ 1932 жылы Тринидад аралында үнді отбасында өмірге келген. Атышулы Оксфорд университетін тәмамдаған. Шығармаларын ағылшын тілінде жазады. Оның «Құпия уқалаушы» деген тұңғыш романы Ллевелин Райстың атындағы сыйлықты иемденген (1957), «Мигель көшесі» әңгімелер жинағы (1959) Сомерсет Моэм сыйлығын алған. Оның кейінгі шығармаларының арасында – «Мистер Бисвасқа арналған үй» (1961), «Тура нағыз еместер» (1967), «Құр іліккен ахуалда» (1971), «Партизандар»(1974) романдары, «Аралдың үстіндегі жалау» (1967) повестері мен әңгімелер жинағы бар. Найпол өзінің кейінгі қайсыбір кітаптарында «үшінші әлемде» болып жатқан үдерістерді біржақты бағаласа да, жалпы алғанда оның шығармашылығын әлеуметтік мәселелерге деген қызығушылық және өзіндік өткір қалжың ерекше көрсетіп тұрады.

Видиадхар Найпол – тек жазушы ғана емес, сонымен қатар журналист те. Өзінің «Мигель көшесі» деген кітабын бастамас бұрын (ол төрт жыл бойына жарияланбай жатты) ол Оксфордты бітірісімен Би-Би-Сидің Кариб редакциясының штаттан тыс қызметкері болып істеген. Әрі кейінде, жазушылық даңққа бөленген жылдары да Найпол журналистиканы тастамаған. Қайта, уақыт өткен сайын публицистикалық репортаж оның шығармашылық үрдісінде өзіне лайықты орын алады.

Бұл кездейсоқтық па? Әрине, жоқ. Суретші-реалист, ол қашанда тың да нақты әсерлердің ағынына, өмірлік өрелі тәжірибеге, елеулі жаңалықтарға мұқтажданады. Сондықтан репортаж оған рухани қажеттілік болып қалады. Ол оған қазіргі заманды сан қырларынан көріп, пайымдауға мүмкіндік береді. Сайып келгенде, оның «Мигель көшесі» деген очерктер циклы балалық шағы жайлы репортаж болып табылады. Найпол оны Лондонда салқын да бұлыңғыр күні жаза бастапты. Богарт туралы новелланың алғашқы жолын мәшеңкеге басқаннан кейін, ол парақты аяқтар-аяқтамасын білмеген. Бірақ төгіліп кеткен естеліктер оны әңгімесін бітіргенше столдан тұрғызбайды.

Найпол 2001 жылы «Сұңғылалық баяндау мен өз шығармаларындағы тайынбас адалдығы үшін» Нобель сыйлығына ие болды.

Мен анаммен дәйім араздастықта болдым. Ол мені түсінбейтін, содан ол мені ұнатпайды деп шештім. Мен жалғыз бала болатынмын, содан ба, ол менің кесірімнен бір минут та тыныштық таппайтын.

Менің әкемді ол жек көретін, тіпті оның өлімінен кейін де ол жайлы естігісі келмейтін.

– Оның үстіне менің басыма мына тілазарды берді ғой! – деп мені жазғыратын. – Тура әкесіне тартқан.

Біздің ұрыс-керісіміз сонау деревняда, Мигель көшесінде орныққанға дейін басталған-ды.

Рұқсат алу

1 Соғыс (лат)

2 Таза тәнде – таза рух болады (лат)

3 Бағзы Иерусалим храмының қазынасына салынған үлестерді мегзеп отыр

Пікірлер: (3)

Керемет шыгармаларды оқығымыз келеді.

Ассалаумағұликұм <> журналындағы ағалар.
Мен Қытаи Елінің Қазақ облысының Шалғаи Өңірінде Тұрамын. Интернеттен Сіздердің Саиттарыңзды Көріп, Жәриаланған Шығармаларды Оқып Қуанышқа бөлендім. Алаида, Көп Нәрсені Толық Оқу мұмкіндігіне Ие бола алмадым . Паролды Қалаи алуға , Қалаи Тылык Көруге болады .
Көмек Көрсетсеңіздер!
Сәлем және рақыметпен: Нұр

Сәлем! Басқа елдің оқушысы едік, қалай жазылсақ екен?

Пікір қалдыру

*