Әлем әдебиеті

Иван БУНИН. ТАНЬКА

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

 

Иван БУНИН

ТАНЬКА

әңгіме

Иван Алексеевич БУНИН (1870-1953) – лирикада классикалық дәстүрді жалғастырған орыс жазушысы. Әңгімелер мен повестерінде дворяндық өмірдің жүдеубас тартуын, деревняның ауыр тіршілігін, буржуазияның рухани бос кеуделілігін көрсете білген шебер жазушы.

1920 жылы Бунин Ресейден кетіп қалды. 1933 жылы орыс жазушыларының арасында оған тұңғыш рет Нобель сыйлығы берілді. Атақты жазушы Константин Паустовскийдің: «…Бұл Ресейден алды-артыңа қарамастан безе қашқың келетін. Бірақ оған кім көрінген бата алмаған. Бунин де өзінің бірден-бір сүйікті елінен кетті. Ғажап тәкаппар және қатал адам. Ол өзінің соңғы тынысына дейін Ресей деп қайғы-қасірет шегіп, Париж бен Грастың бөгде түндерінде өзін-өзі Отанынан өз еркімен қуған адамның көз жасын төккен» деген пікірі Буниннің азаматтық бейнесін ашса керек.

Кеңес жазушыларының ІІ съезі «Бунин орыс әдебиетіне қайтарылуы керек» деген сөздерді ду қол шапалақтаумен қарсы алды. Сөйтіп, ол еліне қайтты.

Иван Бунин – поэзияның кастальялық мектебінің ұлы өкілі. Оның өлеңдері әлі күнге дейін тиісті бағасын алған жоқ. Ол аса күрделі, қарама-қайшылыққа толы ғұмыр кешті. Көп көрді және білді, көп сүйді және жек көрді, көп еңбек етті, кейде қатты шатасты да, бірақ бұл өмірдегі ең ұлы, ең маңызды, мызғымайтын махаббаты, туған елі – Ресей болып қалды.

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

*