Әлем әдебиеті

Артур Конан ДОЙЛ. ШЕРЛОК ХОЛМС ӨЛІМ АУЗЫНДА

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

 

Артур  Конан ДОЙЛ

ШЕРЛОК  ХОЛМС ӨЛІМ АУЗЫНДА

әңгіме

Артур Игнатиус Конан ДОЙЛ – шотланд және ағылшын жазушысы, дәрігер. 1859 жылы 22 мамырда Шотландия астанасы Эдинбургте дүниеге келген. 1881 жылы Конан Дойл Эдинбург университетінің медицина факультетін тәмамдаған. Диссертация қорғап, медицина докторы атанған. Әлемге Шерлок Холмс туралы әңгімелер топтамасы, профессор Челленджер туралы шытырман әрі ғылыми-фантастикалық шығармасы, бригадир Жерар туралы юморлық туындылары арқылы танымал. Конан Дойл сонымен қатар, бірқатар пьесаның («Ватерлоо», «Тамұқ періштелері», «Тағдыр оттары»), автобиографиялық очерктердің («Старк Монро жазбалары»), тұрмыстық романдардың авторы. Өмірінің соңында спиритизм мәселесі қызықтырып, «Спиритизм тарихы» (1926) атты екі том кітап шығарған. Сондай-ақ, үш том өлеңдер жинағы жарық көрген. 1930 жылы 71 жасында көз жұмды.

Шерлок Холмстың пәтеріндегі үй бикесі миссис Хадсон нағыз азап шегушінің бірі еді. Ол аз болғандай, үй бикесі үйінің екінші қабатына қай уақытта да мінездері түсініксіз және адамға онша жұғымы жоқ жандардың басып кіруімен ерекшеленетін; пәтерде тұрушы айтулы кісі де өзінің әдеттен тыс оғаш қылықтарымен және бейқамдылығымен үй бикесінің жүйкесін  одан сайын жұқартатын. Оның шамадан тыс өте салақтығы, тәуліктің ең қолайсыз мезгілінде музыка тартуы, оқтын-оқтын бөлме ішінде тапаншадан оқ атуы, құпия түрде және тым жиі иісі мүңкіген химиялық тәжірибелерді жүргізуі, сондай-ақ, оны қоршаған бүкіл қылмыс пен қауіп-қатерлердің барлығы дерлік Холмсты Лондондағы ең қолайсыз пәтер жалдаушылардың біріне айналдырған еді. Бірақ солай бола тұрса да, ол патша көңілімен ақысын төлей білетін. Онымен дос болған жылдар ішінде миссис Хадсонға  төлеген ақшаның барлығы оның бүкіл үйін сатып алуға жетер еді десе, еш күмән келтірмес ем.

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.