СҰЛУ САЗДЫ СӨЗ САРАСЫ
ЖЫЛДАР ӨТЕДІ, МАХАББАТ ӨШПЕЙДІ
905 жылдың көктемінде жапон императоры Дайго ежелгі және жаңа жапон поэзиясының антологиясын құрастыруды ойлап, таңдаулы ақындарды жинайды. Олардың ішінде аға хатшы Ки-но Томонори, сарай кітапханасынының бас сақтаушысы Ки-но Цураюки, Каи провинциясының ұсақ шенеунігі Осикоти-но Мицунэ, оң қанаттағы гвардияның кеңсе хатшысы Мибу-но Тадаминэ бар еді. Бұлардың әрқайсысы дара болмысты, асқан талантты ақындар болатын. Олар сөйтіп «Кокинсю» (Ежелгі және жаңа жапон жырларының жинағы) антологиясының құрастырушы редакторлары ретінде де жапон халқына барынша белгілі болды.