СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ
АЛДА ШАПҚАН АТТЫЛЫ
әңгіме
Харун ТОКАК – 1955 жылы Ушак уәлиятында дүниеге келген түрік жазушысы, қоғам қайраткері. Измир Докуз Эйлүл университетінің Жоғары Ислам институтын тәмамдаған. Түркия Республикасының Ұлттық Білім министрлігінде және Түркия мұсылмандары діни басқармасында қызмет атқарған. Түркия Республикасы Ұлттық Білім министрлігі Діни Білім беру басқармасында және Түркия Республикасының Үкіметінде кеңесші болып қызмет атқарған. 1997—2008 жылдар аралығында Журналистер мен жазушылар қауымдастығының төрағасы болды. Қауымдастықтың аясында халықтар арасындағы татулықты, мәдениеттер арасындағы сұхбатты нығайту мақсатында «Мәдениеттер арасындағы диалог платформасы», «Диалог Еуразия Платформасы», «Абант платформасы» сынды интеллектуалды ұйымдардың дүниеге келуіне мұрындық болды. Бүгінде И.Ортайлы, Ш.Айтматов, Ш.Мұртаза, О.Сүлейменов, Ә.Кекілбаев, Н.Оразалин, М.Шаханов, Р.Рыбаков, Анар, Б.Мариан, Г.Аласания сынды Еуразия аймағының зиялы қауым өкілдері құрған Халықаралық «Диалог Еуразия Платформасының» төрағасы болып қызмет етуде. Түркияның белді басылымының бірі – «Йени Шафак» газетінің тұрақты жазарманы. «Алда шапқан аттылар», «Жолдағылар», «Саңлақ сардарлар», «Қыналы арғымақтар» сынды шығармалардың авторы.