Әлем әдебиеті

Владимир МИХАНОВСКИЙ. СИҚЫРШЫ

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

 

Владимир МИХАНОВСКИЙ

СИҚЫРШЫ

фантастикалық әңгіме

Владимир МИХАНОВСКИЙ 1931 жылы Харьковта өмірге келген украин жазушысы, ақын, драматург. Ресей Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық әдеби сыйлықтардың иегері. Шығармаларын көбінесе «В. Владимиров» лақап атымен жариялайды. 1990 жылдан бастап фантастикалық жанрда қалам тербей бастаған. «Патшалық ойыстың көлеңкелері», «Жазалаушы семсер» атты детективті романдардың авторы.

Ұзақ сапарға жол тартқанда,

ештеңені ұмыт қалдырма

Жарнамадан болса керек

Уақытстанда қалшыл-дірілсіз, дыбыссыз уақыт машинасы жасалғаннан бері сол оймақтай ел азаматтарының делебесі қозып кетті. Олар құдды үзіліссіз кезіндегі мектеп баспалдағының қол тірер жақтаушасына мініп сырғанайтын балалардай уақыт өзегімен зулауды әдетке айналдырып алды. Арасындағы жалғыз айырмашылық – жақтаушамен тек қана құлдиласаң, уақыт машинасы жоғарыға да, төменге де апара береді. Былайша айтқанда, қалауыңша келешекке де, өткенге де бара аласың. Мұндағы сапардың әсіресе кісі қызығары: әр ғасыр екі тиын тұрады. Болашаққа ма, артқы тарихқа ма – бәрібір. Ешқандай аялдама, вагон-ресторан, комобуфет тағы сол тәріздес жайлы орындарға жол қаражатын ысырап қылу атымен жоқ.

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

*