Әлем әдебиеті

Сұлтан ЖАНБОЛАТ. МО ЯН МОЙЫНДАТТЫ

0

ЗЕРТТЕУ. ЗЕРДЕЛЕУ. КӨЗҚАРАС

МО ЯН МОЙЫНДАТТЫ

КІМГЕ, НЕНІ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ?

Соңғы айларда бүкіл Қытайда ғана емес, дүниедегі әдебиетке жақын қауым ортасында «Мо Ян қызуының» өрлеп тұрғаны белгілі. Мо Янның 2012 жылдық әдеби саладағы Нобель сыйлығын алуы бұл ортада өте күшті дүмпу туғызды. Әр алуан көзқарас иелерінің ішіндегі бір ортақтық – Мо Янның әдебиеттегі жетістігін жоғары бағалау мен тиянақтандыру.

Мен оның туындыларымен ғана шектелмей, әдеби сыншылар лебіздерін де оқып, олардың өзара ұқсамайтын көзқарастарынан өзім дұрыс тапқандарын алып, елеп, қорытып, өз таразыма салып көрдім. Мынау соның жемісі. Бұдан да пайдалы да дәмді өнім шығару оқырманның еркінде. Менікі ауыздарыңызға сөз салу ғана болар. Егер ол ой салуға да жарап жатса қуанар едім. «Біз қазақ әдебиетшілері қалай ұмтылуымыз керек?» дегенге айырым тақырыппен ашалап сөз қозғағаным жоқ. Өйткені ой салынған оқырман осы арада айтылғандарды ары қарай созып, мұндай кесек тақырыптың сөзін өзі-ақ жалғап әкетер.

Жоғарыдағы бас тақырып астындағының алғы екеуіне жауап беру тым қиын емес. Сауалдың біріншісіне «Әлемге», ал екіншісіне «Ең үздік жазушының бірі екенін» деп қысқа қайыруға да болар. Ең қиыны соңғы сұрақта тұр. Бәріміз бірігіп соның жауабын табуға күш салайық. Бұл қазақ әдебиеті үшін пайдалы.

МО ЯННЫҢ ӨМІР СҮРГЕН ОРТАСЫ

Мо Ян – текті тұлға. Арғы аталарынан Гуан Жоң Қытай тарихындағы Чи ұлысының атақты уәзірі, Гуан Лу әйгілі балшы болған екен. Миң, Чиң әулеттері тұсында, арғы аталарынан жеті ғалым шығыпты. Үлкен атасы Гуан Соңфың әйелдер мен балалар сырқатына мықты дәстүрлі емші, ал атасы Гуан Яони әңгімешіл, ертекші қарт болған.

2010 жылы Хаңжоу қаласындағы Лоңчуанға барып тегін іздеген Мо Янның өзі: «Менің қазіргі тұрған жерім Гаумиға барған Гуан тегінің жиырма төртінші, Лоңчуандағы Гау тегінің отыз алтыншы ұрпағымын» деген. Отыз алтыншыдан арғы аталары (Чи ұлысына уәзір болғандардың жұрты мен шежірелік тізбегі сындылар) әзірше айқындала қоймаған секілді.

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

*