Әлем әдебиеті

Мишель де МОНТЕНЬ. АҚТЫҚ СӘТ ТУРАЛЫ ОЙЛАР

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Мишель де МОНТЕНЬ

АҚТЫҚ СӘТ ТУРАЛЫ ОЙЛАР

Мишель де МОНТЕНЬ (1533-1592) – француз философы, жазушы, қайта өркендеу дәуірінің көрнекті ойшылы. Негізгі еңбегі – «Тәжірибелер» (1580). Сократтың ізімен адамгершілік ұстаным заңдылықтарын ақиқатпен, өмірдің даму жүйесімен ұштастыруға ұмтылды. Ежелгі дәуір философиясының іс-тәжірибелік жағына басым назар аударды. Монтень философиясында негізгі принцип – скептицизм. Оның пікірі бойынша, адам күмәндануға құқылы. Оның скептицизмі теологиялық және метафизикалық көзқарастарды, ортағасырлық схоластика мен католик дінінің қасаң қағидаларын сынауға бағытталған. Монтень өзінің скептицизмін адамгершілік ұстанымдарға негіздеді. Ол «адамдар өзгеріп-жаңарып отырады, сонымен бірге оның сана-сезімі де, ой-пікірі де жаңарады. Себебі ол адамның жеке басына тән қасиет» дейді. Монтень жанның өлмейтіндігі туралы діни ілімді жоққа шығарып, сананы материяның ерекше қасиеті деп білді. Монтеньнің ой-пікірлері француздық қайта өркендеу философиясына, жаңа заманның тәжірибелі әдіснамасының қалыптасуына әсер етті.

«Ақыл-ойыңды жетілдірумен айналысу, былайша айтқанда, өзіңді ажалға дайындау» деген екен Цицерон. Өте дұрыс айтқан, өйткені зерттеу мен ойлану біздің жанымызды біздің жалған «меніміздің» шекарасынан алып шығады, ал мұның өзі қандай да бір алдын ала сезінушілік пен өлімге ұқсас құбылыс, қысқасы біздің мына фәнидегі бүкіл даналығымыз бен ақыл парасатымыз түптің түбінде біздің ажалға деген қорқынышымызды жеңуге бағытталған. Расында да, біздің ақыл-ойымыз не біздің үстімізден күледі де, олай болмаған жағдайда тек жалғыз ғана мақсатқа, дәлірек айтсақ, біздің тілектерімізді қанағаттандыруға бағытталады.

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.