Әлем әдебиеті

Бахтияр Махмуд оглы ВАҺАБЗАДЕ. ГҮЛСТАН

0

СҰЛУ САЗДЫ СӨЗ САРАСЫ

Бахтияр Махмуд оглы ВАҺАБЗАДЕ

ГҮЛСТАН

поэма

Бахтияр Махмуд оглы ВАҺАБЗАДЕ 1925 жылдың 16 тамызында Әзірбайжан Республикасының Шәкі қаласында туып, 2009 жылдың 13 ақпаны күні ел астанасы Бакуда дүниеден қайтқан Әзірбайжанның Халық ақыны (1984), Әзірбайжан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984).

Жетпістен астам жыр жинағының, ондаған драмалық туындылардың, көптеген ғылыми монографиялық еңбектердің авторы. Баку мемлекеттік университетінде 40 жыл бойы қызмет істей жүріп, өз ұстазы Самед Вургунның шығармашылығын және әзірбайжан әдебиетінің өзекті мәселелерін зерттеумен айналысқан. Лирикалық өлеңдері әлемнің жиырма шақты тіліне тәржімаланған.

Бахтияр Махмуд оглы Ваһабзаде қоғамдық жұмыспен белсене шұғылданған. Республика Жоғарғы Кеңесіне бес рет, тәуелсіздік тұсында Ұлттық Мәжіліске бір рет депутат болып сайланған. Қазақ ақыны Олжас Сүлейменов әріптес досы Бахтияр Ваһабзаде туралы: «Ол ең жоғары марапаттардың бәріне ие болды. Бірақ мұның ішіндегі ең биік дәрежелісі – халқының сүйіспеншілігі», – деп жазды.

2012 жылғы 13-15 желтоқсан аралығында Баку қаласында түркі халықтары ғалымдарының қатысуымен І Халықаралық Бахтияр Вахабзаде симпозиумы болып өтті. Енді ол дәстүрлі түрде өткізілетін болады деп ұйғарылды.

Автордың қазақ тіліне тұңғыш рет аударылып отырған «Гүлстан» поэмасы 1959 жылы қолжазба күйінде тарап, сол үшін қудалау көрген. Оның желісі 1813 жылғы 12 қазанда Әзірбайжан жерін Ресей империясы мен Парсы патшалығы екіге бөліп алу жөнінде келісімшарт жасасқан тарихи оқиғаға құрылған. Келісімшартқа қол қойғандар: Ресей тарапынан – бас қолбасшы, генерал-лейтенант Н.Ф.Ртищев, Иран тарапынан – сыртқы істер министрі Абул-Хасан-хан мырза. Поэмада бұлардың бейнелері шартты түрде ғана көрініс тапқан.

Әзірбайжан халқының бірлігі мен бостандығы үшін күрескен Саттар хан, Шейх Мұхаммед Хиябани мен Пишеверидің рухына бағышталады1

 

Шетін сүртіп ақ шәйі жібекпенен,

Көзәйнегін киді де –

бір еппенен –

Үстелдегі үңілді қағазына,

Қол қойғанда саусағы дір етпеген.

 

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

*