Әлем әдебиеті

Фридрих ШИЛЛЕР. ЖҮРЕГІМ МЕНІҢ ЖЫЛАЙДЫ

0

СҰЛУ САЗДЫ СӨЗ САРАСЫ

Фридрих ШИЛЛЕР

ЖҮРЕГІМ МЕНІҢ ЖЫЛАЙДЫ

Йоһанн Кристоф Фридрих фон ШИЛЛЕР (1759-1805) – неміс халқының атақты ақыны, философы, тарихшысы, драматургы. Өмірінің соңғы жылдары Шиллер атақты Гетемен терең қарым-қатынас орнатып, зор шығармашылық нәтижелерге жол ашты. Олар эстетика тақырыптарын талқыласып, Шиллер Гетенің аяқталмай қалған шығармаларын жазып шығуына ықпал етті. Осы арқылы Ваймар классицизмі деп аталатын бір ерекше кезең басталды. Сонымен қатар, екеуі «Ксениялар» деп аталатын қысқа, бірақ өте уытты сатиралық өлеңдер жинағын шығарды. Ксенияларда олар өздерінің эстетикалық көзқарастарына қарсы шыққандарды өткір сынның астына алды.

ЕРКЕКТІҢ СЕРЕНАДАСЫ

 

Терезеге қарай қойшы. Тыңдашы!

Малма жаңбыр және нұрсыз бір ғалам.

Мен бейнебір сорайған дің сұлбасы,

Тоңған иттей сүмірейіп дір қағам.

Неткен жаңбыр! Бейне топан тасыған!

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

*