Әлем әдебиеті

Оскар УАЙЛЬД. ЛОРД АРТУР СЕВИЛДІҢ ҚЫЛМЫСЫ

2

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Оскар УАЙЛЬД

ЛОРД АРТУР СЕВИЛДІҢ ҚЫЛМЫСЫ

(Парызды сезіну жайлы толғаныс)

Оскар УАЙЛЬД (1954-1900) – ағылшын философы, жазушы, эстет, ақын. Викторияндық кезеңнің ең танымал драматургі. Ирландия астанасы Дублинде дүниеге келген. Анасы Джейн Уайльд 1848 жылы «Жас ирландықтар» деп аталған төңкерісшілер қозғалысына «Үміт» лақап атымен өлең жазып, ғұмыр бойы ұлтшылдық көзқарасынан танбаған. Анасының ықпалымен үлкен өмірге ерте қадам басқан болашақ жазушының жолы даңғыл да соқпаққа толы.

Оскар Уайльд проза саласының роман жанрында логикалық нақтылық пен қарапайымдылықты негіз етіп, табиғаттың өзара үйлесімділігін тіл байлығы арқылы жеткізе білген. 1890 жылы жарыққа шыққан «Дориан Грейдің портреті» атты романы, комедиялық драматургиядан «Мінсіз күйеу», «Сабыр сақтаудың маңыздылығы» сынды шығармалары ешкімге ұқсамайтын ерекше стильмен, ой өткірлігімен оқырман қауымның назарын өзіне аударды. Поэзия саласында адамдардың мінезін, лирикалық эмоциясын өлең жолдарына нақышпен енгізген шебер қаламгердің философиялық ой-тұжырымдары да бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтпаған.

І

Леди Уиндермир пасха алдында соңғы қабылдауын өткізді және де үй ішінде ине шаншар орын жоқ еді. Ордендері мен ленталарын тағынған алты министр парламенттен тікелей осы жерге бас сұқты. Сарай арулары үлде мен бүлдеге оранған киімдерімен жарқыл қақты, ал сурет галереясының бұрышында аса қымбат бағалы асыл тастармен безенген татар типтес жүзіндегі кішкентай қап-қара көзді, Карлсруэден келген етжеңді бикеш София ханшайым тұрған-ды; ол француз тілінде өте шебер сөйлеп, әрбір сөзге жауап ретінде ішек-сілесі қата күле берді.

Рұқсат алу

Пікірлер: (2)

хочу ознакомитьсЯ материалом полностью

Тамаша сайт екен. Бірак біраз кателері де баршылық.

Пікір қалдыру

*