Әлем әдебиеті

БЕРНАРД ШОУ. ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ

0

ЗЕРТТЕУ. ЗЕРДЕЛЕУ. КӨЗҚАРАС

Ғарифолла ЕСІМ,
ҚР Парламент Сенатының депутаты,
философия ғылымының докторы, академик

БЕРНАРД ШОУ

Бернард Шоудың «Адам ата – Хауа ана» (Тұңғыш қанішер) атты екі бөлімді драмасын оқып шықтым. Аударған Өтен Ахмет, шығарма «Әлем әдебиеті» журналының 2012 жылғы екінші санында жарияланған.
Адам ата мен Хауа ана туралы аңыз-хикая жеті миллиард адамзаттың жартысына қатысты. Иудаизм, христиан, ислам діндерінде Адам ата мен Хауа ана туралы әңгімелер құлаққа әбден сіңісті болған. Адам ата ислам дінінде пайғамбар, ол – Тұңғыш адам. Мені, осы Тұңғыш адам деген түсінік ерекше ынталандыруда. Аңызды негізге алсақ, Тұңғыш Адам жер бетінде жаратылмаған, оның мекені жұмақ. Жер-Ана деген ұғым Адам атаға қатысты емес, оның дүниеге келген мекені – жәннат. Адам атаның жерге деген сезімінде бөгделік болуы ғажап емес. Олай болса, бұл сезім, оның ұрпақтарына да сіңісті болып үлгерді ме екен? Аталық сезімде бөгделік бар десек қалай болғаны? Альбер Камю шығармашылығындағы бөгделіктің түп-тамыры осы жағдайға қатысты емес пе екен деген ойға келемін. Иә, Адам ата жерден тыс жердегі топырақтан жаратылды. Оның айғағы одан тараған сан ұрпақтың қара жерге жасап отырған қиянатынан аңғарылады емес пе? Адамдардың жерге қанында бар өгейлігі экологиялық мәселеге ұласқан десек, шындық бола ма, әлде ол аңыз ғана болып қалмақ па? Ойланған жөн.  Табиғат адамзаттың туған топырағы  болса, неге оны ерекше қадірлемеске? Сірә, табиғатты ысырап ету сыры адам баласының жерге өгейлігінде ме екен? Әрине, бұл мәселеге ғылыми көзқарас емес, алайда Адам ата туралы ғасырлар бойы толастамай қайта-қайта жанданып, қайталанып келе жатқан діни аңызға, біздің де рефлексиямыз болуы, оның үстіне сөз болып отырған ағылшын қаламгерінің аталмыш шығармасы осы мәселеге тағы да оралуға, ой қозғауға себеп болып тұр.

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.