Әлем әдебиеті

КӨРКЕМДІК ДӘСТҮР. Сағымбай ЖҰМАҒҰЛ

0

ЗЕРДЕЛІ ЗЕРТТЕУ

Сағымбай ЖҰМАҒҰЛ,            
                            Е.А.Бөкетов атындағы  ҚарМУ-дің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры

КӨРКЕМДІК ДӘСТҮР

Көне түркі дәуірі әдеби жәдігерлерінің қазақ тіліне аударылу
тарихынан (1980 жылдар соңындағы аудармалар негізінде)

ХХ ғасырдың сексенінші жылдарының соңы қазақ әдебиеттануының ежелгі дәуір әдебиетін зерттеудегі әдіснамалық негіздерінің озық ғылыми тәжірибелер­ді ұштастыра жаңа биікке көтерілуіндегі айтулы белес. Бұл кезеңге дейінгі әде­биеттануда атқарылған келелі істер Б.Кенжебаев атап өткеніндей: «Көне түркі жазба ескерткіштері – рухани мұра ретінде бізге де ортақ. Қайталап айтсақ, қазақ әдебиетінің тарихы V-VІІІ ғасырлардағы Орхон-Енисей тас жазуларынан басталады. Біздің 1960-70 жылдары дәлелдеп, қол жеткен табысымыз – осы концепция болатын» (1, 44). Әдебиет тарихын кешенді түрде тұтастықта қарастырудағы осынау ділгір де маңызды мәселе өз кезегінде қазақ руханиятының көне түркі әдебиетімен тарихи сабақтастығын, көркемдік дәстүр жалғастығын тереңірек зерттеуге түбегейлі бетбұрыс жасаған ғылыми еңбектер арқылы шешімін тапты. Мұндай келелі мәселелер ұлттық әдебиеттануда біріншіден,  қазақ халқына да ортақ мұра болып табылатын ертедегі әдебиет нұсқаларының ана тіліміздегі толық көркем аудармасын жасау және рухани өмір өзегіне айналдыру, екіншіден, сол құнды жәдігерлерді арнаулы зерттеулер нысанына алу, типологиясы мен ге­незисін кешенді саралау, Шығыс әдебиетімен байланысын дәлелдеу барысында жүзеге асты. Осынау мейлінше мол жауапкершілік жүктейтін келелі істе отандық ғылым өзінің әлеуетті мүмкіндіктерін көрсете алды. Бұл ретте түркітанудағы Одақ көлемінде көне түркі ескерткіштерінің 1250 жылдығына орайластырылып, Алматыда Бүкілодақтық ІV конференция (1985.10-12.09) және ЮНЕСКО-ның «Орта Азия цивилизациясының тарихы» атты VІ томдық басылымын әзірлеу бағ­дарламасының шеңберінде «Орта Азиядағы орта ғасырлардағы мәдени-тарихи процесстер» атты тақырыпта халықаралық конференцияның өтуі, «Советская тюркология» (1986.№4) журналының арнаулы санының Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұни мұрасына арналуы, Бакуде «Огузский эпос, Книга моего деда Коркуда» (1988.07) атты бірінші кеңес-түрік пікір алысуының ұйымдастырылуы сынды мәдени-әдеби іс-шаралар және де қайта құру талабындағы қоғамдық өмірдегі оң өзгерістер барысы ғылыми-зерттеушілік ой-пікірге соны тыныс дарытты.

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.