Әлем әдебиеті

ҚАРАПАЙЫМ ТАҒДЫРЛАР ГАЛЕРЕЯСЫ. ҚУАНЫШ ЖИЕНБАЙ

0

ӘДЕБИ СЫН

Қуаныш ЖИЕНБАЙ,
жазушы, халықаралық «Алаш»
әдеби сыйлығының лауреаты

ҚАРАПАЙЫМ ТАҒДЫРЛАР

    ГАЛЕРЕЯСЫ

Жазушы В. Распутин повестерін қайта оқыған соң туған ойлар

Валентин Распутин де өзіміз секілді пенде. Сібірде туған. Сібірдің қиян шеткі бір қыстағында балалық шағын өткізген. Он жылдық мектеп тауысқан. Өзіміз секілді педагогикалық институттың тіл-әдебиет факультетін бітірген.  Оқытушы болуды о бастан қаламаса керек, студент кезінен облыстық жастар газетінде қа­тардағы тілші болып қызмет істепті. Алғашқы әңгімелері облыстық, Мәскеуден шығатын әдеби басылымдарда жарық көре бастаған. Нақтылап айтқанда «Анга­ра» альманағында 1961 жылы «Лешкиден не сұрауды ұмыттым» атты тұңғыш әңгі­ме­сі жарияланған-ды. Ал оның орыстың белгілі драматургі қыршын ғұмырында әдебиетке өлшеусіз үлес қосқан Александр Вампиловпен арадағы шынайы адами достығы өз алдына бір шежіре…
Жә, өмірбаянға қатысты кіріспені осымен тұйықтасақ та жетер. Бұл жерде  жұрт мойындаған талантты жазушының шыққан тегіне байланысты деректерді сағыздай созудың қажеті шамалы. Мәселе жазуда ғой. Міне, осы тұстан келеді де қаламгердің өзгеге ұқсамайтын өзіндік қолтаңбасы туралы мағыналы әңгіменің алғашқы тараулары тіл ұшын еріксіз түрткілейді де, ары қарай ауызға түскен қант қиығындай үгітіліп жүре береді. Кешегі кеңес одағының өзімшіл саясатының әсері ме, әлде бір құпия сиқырымен адам жүрегін баурап алатын тасқа басылған дүниенің құдіреті ме, әйтеуір, біз жастайымыздан жата-жастана оқыған орыс жазушылары аз емес еді ғой. Жазу өнеріндегі шеберліктің шыңы дедік пе, әлде біз үлгі тұтатын  әдеби жауһарлар дедік пе, әйтеуір, атағы аспан тіреген орыс жа­зушыларының біразын дерлік қазақ тілінде сөйлеттік. Толстойдан бастап, Шолоховтан бастап… Буниннің  ғажайып әңгімелерін түгелдей…

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

*