Әлем әдебиеті

ҚҰҢФУЗЫ. ЗЕЙНОЛЛА СӘНІК

0

ҰЛЫЛАРДАН ҰЛАҒАТ

Зейнолла СӘНІК

ҚҰҢФУЗЫ

және оның ғақлиялары

Зейнолла Мүбәракұлы СӘНІК 1935 жылы Қытайдың Тарбағатай аймағында дү­ниеге келген. Пекин қаласындағы орталық жастар институтын бітірген. Өмір жолын бас­пагерліктен бастап, Үрімжідегі жастар баспасында жауапты редактор болып қырық жылдай қызмет атқарған. Әдеби зерттеу жұмыстары 1955 жылы басталған. Сол тұста Қытайда жүргізілген «мәдени революцияның» ауыр соққысына ұшырап, «халық жауы» болып, ауыр күндерді басынан кешкен. Сөйте жүріп еңбек­тенген қаламгердің роман, повестері және ғылыми еңбектерінен құралған жиырмадан астам кітабы жарық көрген. Қазақстанда «Қаракерей Қабанбай», «Хас батыр Қабанбай», «Тұғырыл хан», «Демежан батыр», «Халық күйші Қайрақбай», «Баспай» атты кітаптары және еңбектері жарық көрген. Ол қазір Қытайдың мемлекеттік Жазушылар одағының, мемлекеттік фольклор қоғамның мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері.

2006 жылы Қытайда ұлы философ Құңфузының 2557 жылдығы атап өтілді. Сол қатарда ЮНЕСКО «Халықаралық Құңфузы тағылымы сыйлығы» ат­ты сыйлық тағайындап, осы бір ұлы тұлғаны әлемдік биікке көтерді. Осы тұста Қытай өзінің ұлттық құндылықтарын қадірлеумен бірге Қытайда жасайтын аз ұлттардың, атап айтқанда ұйғырлардың «12 Мұхамын» «Әлем халықтарының ауызша айтылатын бейзаттық мәдени мұраты» ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының төріне шығарса, қазақтың «айтыс өнерін» бүкіл Қытай мемлекетінің ауызша айтылатын бейзаттық мәдени мұрағаты деген биік мәртебеге көтерді. Осы бір жалпы халықтық мәдени мұрағаттар жылында Құңфузы тағылымына қайта үңіліп, оны зерттеу, түсіндіру жұмыстарын тың белеске көтеріп, оның өлшемді суретін жариялады. Дүние жүзі көлемінде қытай тілін үйрену науқанының көтерілуіне байланысты әлемнің 80-нен артық елінде 200-ге тарта орынды Құңфузы мектепте­рі, Құңфузы тағылымын зерттеу институтының қам-қарекеттері жандана түсті. Бұл үрдіс Қазақстанда да қолға алынып, Қытайға барып оқып жатқан қазақ жас­тарының саны жыл сайын артып келеді. Үрімжідегі оқу ағарту университетінің мұ­ғалімі – кенже қызым Жанаттың қолында Қазақстанның 40-тан аса қара көзде­рі қытай тілін үйренуде. Осы тұрғыда Қазақстан оқырмандары да Құңфузы өмірі­мен оның ғақлияларын терең зерделеп, өзінің ұлттық идеологиясын орнатуға пайда­лы болар деген оймен ұлы философтың қысқаша өмірін және бір бөлім ғақлияла­рын көпшілікке ұсынып отырмыз.

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.