Әлем әдебиеті

ПИНОККИО ҚЫЗЫҚТАРЫ. Карло КОЛЛОДИ

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Карло КОЛЛОДИ

ПИНОККИО

ҚЫЗЫҚТАРЫ

Карло КОЛЛОДИ (1826-1880) Флоренцияда дүниеге келген италияндық жазушы. Жазушылықпен қатар саясатпен де айналысқан. 1880 жылы жарық көрген «Пиноккио қызықтары» ертегісі Коллодидің атын әлемге әйгілі етті. Аталмыш шығарма әлемнің 260 тіліне аударылған.

Пиноккионың басынан кешкендері

Әдетте  барлық ертегілер басталарында баяғы бір замандағы  кейіпкерінің пайда болғанынан басталады. Сол сияқты біздің ертегіміз де бір нәрсенің   болғанынан басталмақ.
«Мүмкін, ол хан болған шығар» деп менің кішкентай оқырмандарымның ойлайтыны анық. Жоқ, балалар, ол – патша емес!
Баяғы бір заманда бір ағаштың бөлшегі болыпты. Оны тапқан қарт адамның ағашты қайдан алғаны белгісіз. Алайда біздің әңгімеміз оның шеберханасынан басталмақ. Қарияның аты Антонио еді. Оны барлығы «Антонио  шебер» деп атай­тын. Сонымен, қарт өзінің орындығына жаңа аяқ   жасағысы келді. Қолына бал­ғасын алған күйі ағаш бөлшегін шапқылап, қызу іске кіріседі. Кенет:
– Мені қатты ұрма, – деген оқыс дыбыстан селк ете түсті. Шошынған шебер айналасына көз тастады. Алайда өзінен басқа ешкім жоқ. Орындықтың, кереуеттің астын, тіпті бөлмесінің есігін ашып көрді – ешкім көзіне ілінетін емес. Құралын қолына қайта алып, жұмысын жалғастыра  береді.
– Мені ұруыңды тоқтатсаңшы, – дейді әлгі дауыс тағы да. Арада не болғанын түсіне алмаған Антонио шебердің аузы ашылып қалыпты. Ал керек болса?..

 

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.