Әлем әдебиеті

КОКАИН. Алистер КРОУЛИ

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Алистер КРОУЛИ

КОКАИН

Алистер КРОУЛИ  (1875 – 1947) – ағылшынның көрнекті жазушысы. Толық есімі – Эдвард Александр Кроули. ХІХ-ХХ ғасырдағы атақты оккулист-каббалистердің бірі, телема ілімінің негізін салушы.

 

«Қайда, қайда, бір жерде жерұйық бар»
Әнұран.

І. НЬЮ-ЙОРК СИТИ. Махаббат Құдайы тағының алдында топырлап тұратын сүйкімді сылқымдардың ең ұялшағы және нәзігі Бақыт деп аталатын бикеш. Және ол  іштеріндегі қол жеткізбейтін биігі, соған қарамастан ажалды пенделер тек соның ғана артынан түсіп жалбаңдап бір қалмайды. Әлбетте, оны қолға қондыратындар өте сирек, ондай бақ қорлық пен азап шеккендер мен әулие-әмбиелердің арасынан тек бірен-саранына ғана бұйыруы мүмкін. Өз іштерінен шыға келген мұндай бірен-саранға қара тобыр басында түсінбей қалса да, әлгілер «Сана» деп аталатын көбік шашқан бұлыңғыр теңізде қорықпай еркін жүзіп, тыңдағанның аузын аштырар қиял-ғажайыптарын паш етіп, өздерінің «менін» малға ен салғандай ыстық темірмен күйдіріп жазған соң барып  мойындап, бастарын иеді.

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

*