Әлем әдебиеті

ТОСҚАУЫЛ. Павел ВЕЖИНОВ

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Павел ВЕЖИНОВ

ТОСҚАУЫЛ

хикаят

Павел ВЕЖИНОВ 1914 жылы 9 қарашада Софияда дүниеге келген болгар жазушысы. 1938-1944 жылдар аралығында София университетінің филология және философия факультетін тәмамдаған. 1944 жылдан бастап «Фронтовик» газетінің редакторы қызметін атқарды. 1947-1954 жылдары «Стъершел» газетінің, «Септември» журналының бас редакторы болып, 1954 жылы кинематография саласына ауысты.
Болгар жазушысы Павел Вежиновтың «Тосқауыл» атты хикаяты әлемдегі көп­теген халықтардың тіліне аударылған тамаша туынды. Ақиқат пен арман, шындық пен қиял қаз-қатар өрілген бұл фантасмагориялық шығарманың тосын оқиғасы ғана емес, кейіпкерлерінің ой-санасы, дүниетанымы, фәни жалғанға деген көзқарасы да қызықты. Оқырман қауымға таныс әрі бейтаныс жандардың басынан өткен қиял-ғажайып ертегіге ұқсас хикая бірден өзіне баурап алады.
Павел Вежинов 1983 жылы 20 желтоқсанда өмірден озды.

Жалғыздық жанымды жиі торуылдайтын болып жүр. Бұрын мұндай сезім маған жат әрі түсініксіздеу көрінуші еді. Әдетте ол түн ортасына таяу, тіршілік ағыны саябырсып, у-шу басылып, панель үйлердің қабырғалары құдды бір о дүниедегі аруақтардың қурап қалған сүйектері сияқты сықырлай бастаған шақта басталады. Ондай сәттерде аса жайсыз күй кешемін; тұп-тура жыртқыш аңның аузына түсіп қалып, ысылдаған демі мен тынысын тым жақыннан сезіп жатқандай боламын. Содан соң орнымнан ыршып тұрамын да, өзім кабинет есебінде пайдаланып жүрген  кең холлдың ішін арлы-берлі тағатсыздана кезіп кетемін. Алайда бәрібір одан құтыла алмаймын. Бұл жалғыздық – тұмандай қалың, саз балшықтай жабысқақ емес. Тұп-тура  алмас қанжардың жүзіндей жалаңдаған өткір сезім. Ол мені ойда жоқта бас салып, үй тазалаушы әйел бұрышқа қарай ысырып қойған кескінсіз көгілжім амфора мен фикус тұрған жерге қарай тықсыра түседі.

Рұқсат алу
     

Пікір қалдыру

*