Әлем әдебиеті

ТІРІ ҚАЛУ. Стивен КИНГ

1

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Стивен КИНГ

ТІРІ ҚАЛУ

Стивен КИНГ 1947 жылы дүниеге келген американдық көрнекті жазушы. Әде­биеттің триллер, фантастика, мистика, драма жанрларында кең танылған.

Ерте ме, кеш пе кез-келген студент-дәрігердің басында: «Жарақатты соққыдан болатын зардаптың ауыртпалығына пациент қанша уақыт шыдай алуы мүмкін?» деген сұрақ тумай қоймайды. Оған әр оқытушы әрқалай жауап берсе де, айналып келгенде бәрінің де:  «Пациент өмір үшін қаншалықты күресе алады?» деген басқа бір сұраққа кеп тірелері сөзсіз.

26 қаңтар

Толқын айдап жағалауға шығып қалғаныма екі күн болды. Бүгін таңертең аралды қарап шықтым. Арал дегенім артықтау ма, білмеймін, әйтеуір ені жүз тоқсан қадам, ең жалпақ жерінен өлшегенде де ұзындығы бір басынан екінші басына дейін бар болғаны екі жүз алпыс жеті қадам екен. Сосын тағы бір байқағаным – мұнда тамақ боларлықтай ешқандай талғажау жоқ.
Менің атым  Ричард Пайн. Мынау менің күнделігім. Егер мені тауып алғандай болса (қашан?), мен оны оп-оңай құртып жібере саламын. Сіріңкеден тапшылық жоқ. Сіріңке мен героин, шүкір, баршылық. Осының анауы мен мынауы үшін де бұл жерге тап болудың, әсілі, керегі жоқ еді, ха-ха… Сонымен, жазуға кіріспекпін. Қалай да уақыт өткізуге ермек қой.

Рұқсат алу

Пікірлер: (1)

magan osi wigarma kerek ote kerek

Пікір қалдыру

*