Әлем әдебиеті

ЭСКИМОСТАРМЕН СОҒЫСТЫҢ ДӘЛ ҚАРСАҢЫ БОЛАТЫН. Джером Дэвид СЭЛИНДЖЕР

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Джером Дэвид СЭЛИНДЖЕР

ЭСКИМОСТАРМЕН СОҒЫСТЫҢ

ДӘЛ  ҚАРСАҢЫ

БОЛАТЫН

әңгіме

Джером Дэвид СЭЛИНДЖЕР (1919-2010) – американдық жазушы. Балалық шағы Манхэттенда өткен. Мектепте оқып жүрген кезінде әңгімелер жаза баста­ған. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатыспай тұрып, 1940 жылдың басында бірнеше әңгімелері жарияланып үлгерген. Сэлинджерге едәуір атақ алып келген «Банан – балық жақсы ауланады», «Қара бидай арасындағы құрдым» романдары оқырмандардың ерекше ықыласына бөленді. Бүгінгі күнде де Сэлинджердің көпшіліктің сұранысына ие болған аталмыш романдары жыл сайын 250  мың данамен оқырмандарына жол тартуда.

Джинни Мэннокс өзінің мисс Бейсхор мектебіндегі сыныптасы Селин Графпен сенбі күні Ист-Сайд кортында қатарынан бес рет теннис ойнады. Ол Селинді мектептегі можантопайлардың ішіндегі ең төмені деп есептейтінін жасырмайтын, жалпы, мисс Бейсхордың қарамағында ұсқынсыз шөпжелкелер жетіп арты­лады, дегенмен Джиннидің толып жатқан таныстары ішінде тек Селин ғана кортқа әлі басталмаған бір қорап теннис добын алып келер еді. Ол доптарды Селиннің әкесі жасай ма, сондай бірдемесі бар. (Бірде Джинни түскі ас үстінде Мэннокс отбасының «Граффтар» үйінде қалай қонақ болғанын әңгімелеген; қиялында үстіндегі киімдері инеден жаңа шыққандай боп қақшиған лакей де бар. Ол қонақтардың сол жағынан келіп, қызанақ шырыны орнына теннис добы салынған бір-бірден қаңылтыр қорап таратып беріп жүреді.)

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.