Әлем әдебиеті

А Н Г И. Кришан ЧАНДАР

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Кришан ЧАНДАР

А Н Г И

әңгіме

Кришан ЧАНДАР (1914-1977) – үнді жазушысы. Шығармаларын көбінесе урда тілінде жазғанымен, ағылшын және хинди тілінде де қалам тербеген.
Чандар 1934 жылы Лахор қаласындағы Фарман колледжін тәмамдаған. Сол жылдары ең алғаш жарық көрген «Жеңіліс» романында жазушы романтикалық сарынға ерекше ден қойған. Чандардың кейінгі шығармаларынан ойының тереңдігі мен сыншылық реализмді анық көруге болады. Жазушы «Біз жабайылармыз» новелласы мен «Сатқын» повесінде 1947 жылы екіге бөлінген Үндістандағы тарихи оқиғаларды арқау еткен. Кришан Чандар қандай жанрға қалам тартса да, үнді қоғамының ішкі қайшылықтарын, қала халқының кедейшіліктен тартқан бейнетін шебер суреттеу арқылы қоғамдық проблемаларды көтере білген.

Жолаушы аспанға қарады. Оның теңіздегі ашық көк кеңістігінде аппақ-аппақ, тап бір дәу күртік қар іспеттес бұлттардан құралған аралдар шашылып тасталған еді.
– Қарақұстар ма? – Жолаушы терең күрсінді де, маңдайының терін сүртті. – Қарақұстар – жақын маңайда адамдар тұратындығының белгісі.

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

*