Әлем әдебиеті

ТҮРІК ПОЭЗИЯСЫ

0

ТҮРІК ПОЭЗИЯСЫ

Ахмет Кутси ТЕЖЕР

ҚАЙДА СОЛ БІР

БАЛ КҮНІМ?..

Ахмет Кутси ТЕЖЕР 1901 жылы 4 қыркүйекте дүниеге келіп, 1967 жылы 23 шіл­деде Ыстамбұлда қайтыс болған. 1929 жылы Ыстамбұл университетінің философия бөлімін бітірген. Өлеңдері 1921 жылдан кейін түрлі журналдарда жариялана бастаған. Поэзия патшалығына өзіндік ою-өрнегімен келген талантты ақын кейде лирикаға қалам тербесе, енді бірде ұлттық сезімді ұлықтайтын өлеңдер жазған. Ал драматургияда ұлттық құндылықтарға баса мән бергенін анық байқауға болады.

ҚАЙДАСЫҢ…

Түнде бір үн бұзар әркез ұйқымды,
Тулап жүрек, іздейді тек өзіңді.
Іздеп келем қайдасың сен, сүйкімдім?
Сағындым мен нұрға толы көзіңді.

«Уақыт – емші» деген сөз бар халықта,
Уақыт бірақ жанға дауа болып па?
Жатсам-тұрсам естен кетпес назды үнің,
Өткен күнді шығам оймен шолып та.

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.