Әлем әдебиеті

ЕКІНДІ НАМАЗЫН ОҚУ. Мұстафа КУТЛУ

0

ТҮРІК ПРОЗАСЫ

Мұстафа КУТЛУ

ЕКІНДІ НАМАЗЫН ОҚУ
әңгіме

Мұстафа КУТЛУ 1945 жылы 6 наурызда Эрзинджан облысы, Ылыч ауданы, Куручай ауылында дүниеге келген. Ататүрік университетінің түрік тілі және әдебиеті бөлімін бітіріп, Ыстамбұл қалаларындағы мектептерде ұстаздық етті. «Заман» және «Жаңа шапақ»  газеттерінде мақалалар жазды. Алғашқы эссесі 1968 жылы «Ол» деген атпен «Әрекет» журналында жарияланды.
Мұстафа Кутлу алғашқы әңгімелерінде романтикалық Анадолы жайлы сыр шертеді. Кейін жеке тұлғадан қоғамға ауысты және осы әңгімелерінің  тақырыбына көбіне-көп ауыл мен қала халқының күнделікті тұрмысы мен қуанышын арқау етті.

Қоңырау шырылдады…
Сыртқа шықтым, балалар улап-шуласуда. Мұғалімдер бөлмесінен пальтомды алдым. Бар ойым – екінді намазын оқу. Есік  алдында директорға кездесіп қалдым:
– Режай мырза, мына құжаттарды жол-жөнекей әкімдікке тастап кетсеңіз. Мына жалдамалы қызметкерді әлі күтудеміз. Жоғарыға жүз рет жазған шығармыз-ау, шамасы…
– Жоғарыны қоя тұрыңыз, директор мырзам, ревматизміңіз қалай?
– Сұрама, қымбаттым, кеш болмай ма? Төсекке кірмеймін бе?
– Жаңбыр  жауып тұр, бірақ әлі күн суыта қойған жоқ. Төраға мырзаға айтар сәлеміңіз бар ма?
– Орнында отыр деп ойламаймын, сайлау, белгілі ғой…
– Әрине, сайлау… иә, сау болыңыз, онда…
– Сау болыңыз, Режай мырза. Ертең мешітте жиналыс бар, ұмытпаңыз.
– Білемін, мырзам.
Жаңбыр төпелеп тұр, көше батпақ. Бір қолшатыр да ала алмадық. Аяқ киімнен де су өтеді.  Әй, шынымен, бір қолшатыр да  ала алмадық-ау.  Бұл жаңбырдан  соң  аяз басталады. Сүмерден бір керзі етік алғанда ғой…

* * *

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.