Әлем әдебиеті

ДИІРМЕН. Сабахаттин АЛИ

0

ТҮРІК ПРОЗАСЫ

Сабахаттин АЛИ

ДИІРМЕН
әңгіме

Сабахаттин АЛИ (1907-1948) Грекияның Егридере ауылында өмірге келген. 1927 жы­лы Ыстамбұлдағы мұғалімдер мектебін бітіргеннен кейін бір жылдай Йозгатта мұғалімдік қызмет атқарды. Содан кейін Білім министірлігі тарапынан ұйым­дас­тырылған емтиханнан өтіп, Германияға жол тартады. Постдамда екі жыл білім алғаннан кейін Түркияға қайта оралады.
Алғашқы өлеңдері 1925 жылы жариялана бастады. «Жеті шырақ», «Суретті ай», «Болмыс» журналдарында өлеңдері мен әңгімелері жарық көрді. Әсіресе әлеуметтік шыншыл әңгімелерімен танымал болған Сабахаттин Али романдарындағы Түркия халқына деген ыстық ықыласы – әдебиетке жаңа бағыт алып келді.

Сен өміріңде су диірменінің ішін аралап көрдің бе, замандасым?..
Ол көруге тұратын нәрсе… Қисайған қабырғалар, еденге жақын кішкентай терезелер және қалың тақтайдың үстінде қап-қара шатыр… Одан әрі бірнеше дөңгелектер, үлкен-үлкен тастар, балшықтар, суды шашырата айналдырып тұра­тын шаң басқан қайыстар және бір бұрышта бір-бірінің үстіне үйілген бидай, жүгері, қара бидай, әр түрлі егін қаптары. Қарама-қарсы тұста ақ дорбаларға тол­тырылған ұн қаптары…
Тастардың жанында түтін сияқты түйіршіктер ұшып жүреді. Бірақ қондырғының кішкентай қақпағын ашқаннан кейін төменнен тұман сияқты суық су тамшылары адамның бетіне таралады.
Иә, бұл дауысқа не дейсің, замандасым, әр тараптан шығып, құлаққа қатты әрі жағымды келетін бұл дауысқа не дей аласың?.. Жоғарыдағы ағаштан жасалған су құбырынан аққан су қыс мезгіліндегі терек ағаштарына соққан жел секілді уіл­дейді; кейде үдей түскен, кейде төмендей түскен тастарының жыламсыраған дауы­сы қайыстың шапалақ сартылына ұқсап кетеді… Сонымен қатар, үнемі айналып тұратын тақтайдан дөңгелектер сықырлайды, келіп сықырлайды!..
Мен мұндай диірменді бұрындары көргенмін, бірақ қазір көргім келмейді.
Сен махаббаттың не екенін білесің бе, замандасым, жалпы сен сүйіп көрдің бе?..

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.