Әлем әдебиеті

ҚҰН. Өмер СЕЙФЕТТИН

0

ТҮРІК ПРОЗАСЫ

Өмер СЕЙФЕТТИН

ҚҰН
әңгіме

Өмер СЕЙФЕТТИН – көрнекті жазушы, ақын, әдебиетте жазу шеберлігі биік қаламгер, ұстаз, түрік әдебиетіндегі әңгіме жанрының және әдебиеттегі тү­рік­шіл­дік ағымының негізін салушы, түрік тілінің қарапайымдылығын қолдаушы. Қысқа ғұмы­рында өте бай шығармалар жазып қалдырды.
Өмер Сейфеттин 1884 жылы Гөненде (Балыкесирде) туған. Білім жолын Гөнендегі махалла мектебінде бастаған. Алдымен Османлы мектебіне, кейіннен 1893 жылы Байтар әскери мектебіне түседі. Мектепті 1896 жылы бітіріп, Едирне әскери мекте­бінде білімін жалғастырады. 1900 жылы мектепті үздік бітіргеннен кейін Ыстам­бұлға оралып, жоғары әскери мектепте білім алды.
1915 жылдан өмірінің соңына дейін көптеген қиындықтарға қарамастан, жемісті еңбек етті. Осы кезеңде 10 кітапқа сиятын 125 әңгіме жазып қалдырған. Әңгімелері мен мақалалары «Жаңа журнал», «Ақын», «Әскери теңіз флоты», «Үлкен журнал», «Жаңа әлем», «Тікенек», «Түрік әйелі» сияқты журналдар мен «Вакит», «Заман», «Иф­хам» газеттерінде жарияланды.
Қамшының сабындай қысқа ғұмырында жасындай жарқылдап, өшпес мұрасымен түрік әдебиетінің тарихында ойып орын алған Өмер Сейфеттин 1920 жылдың 6 наурызында дүниеден озды.

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.