Әлем әдебиеті

ЖАМАН ЫРЫМ. Мемдух Шевкет ЕСЕНДАЛ

0

ТҮРІК ПРОЗАСЫ

Мемдух Шевкет ЕСЕНДАЛ

ЖАМАН ЫРЫМ

әңгіме

Мемдух Шевкет ЕСЕНДАЛ 1883 жылы 29 наурызда Чорлуда дүниеге келген. Сол жылдары өткен соғыстардың кесірінен жоғарғы дәрежелі білім ала алмады. Өз бетінше оқып-үйреніп, білімін дамытты. 1920 жылы Бакуге Түркияның елшісі болып, барды. Отанына оралғаннан кейін Ыстамбұл лицейлерінде ұстаздық етті. «Меслек» газетін шығарды. Тегеран мен Кабулдағы Түркияның елшісі болды. Елазы мен Біледжіктен мәжіліске депутат болып сайланды. Өмірінің соңын қысқа әңгімелер мен очерктер жазуға арнады.

Бесінші бөлімшеден Хайри келді. Хайри отыз бес жасар, бойдақ, реңді, келісті, біраз ақ көңілдеу, тамаша сыпайы бір қызметкер, қолында қол қойылуға тиіс құжаттар бар, түймелерін қадай түсіп, орынбасардың есігіне жақындады.
– Мырзаның алдында кім бар? – деп кезекшіден сұрады. Кезекші сыртта екен, жаңа келіпті, ол да жолдасынан сұрады.
– Кім бар Хасан?
– Мен білмеймін, көрген жоқпын, Әлиден сұра…
Әли де бұл жерде жоқ. Іште кімнің бар екендігі белгісіз. Хайри біраз қобалжыды, сосын есікке барынша жақындап, бір-екі рет естілер-естілмес дәрежеде тақылдытып, жауап күтпестен абайлап тұтқаны бұрады.
Бөлмеде екі қонақпен бір «Азық-түлік төрағасы» бар екен. Қонақтар бір бұрышта ақырын сұхбаттасып отыр. Азық-түлік төрағасы да орынбасардың алдында тұр, бір қағаз оқытып жатыр.
Хайри мырза отырмастан күтті, кеңесші қағазды оқыды. Азық-түлік төраға­сымен сөйлесті. Бір шығу протоколын жазатын болды, бірақ оған да шешім қабыл­дай алмады. Соңында қағазды қасына тастап, Азық-түлік төрағасы шыққаннан кейін Хайри мырзаға қарады.

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

*