Әлем әдебиеті

ӘЛИ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ

0

ТАМЫРЛАС, ТАҒДЫРЛАС ӘДЕБИЕТ

Расул ҒАМЗАТОВ
авар ақыны

ӘЛИ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ

Өзге үй тауып, өзге жерден таппақ болып жақынын,
Әли атын ерттеді.
Туған үйдің, әкесінің, маздап жанған отының,
Қадіріне жетпеді.
Азық салған қоржынды әкеп ер қасына байлады,
Әли сапар шеккелі.
Туған таулар шыңдарына қарап тұрып ойлады,
Қолды сермеп кеткелі.
Шулады құстар аспанда толған:
«Есіңді жишы, тәкәппар Әли!»
Толқыды өзен, шайқалды орман:
«Барасың қайда, тұра тұр, Әли!»
Жел айтты оған: «Бітеді саудаң,
Ештен де тегі кеш дұрыс, Әли!
Шет елге кетсең, алыста таудан,
Ажалың жетер, нақұрыс Әли!»
Кетті Әли құлақ аспай, мен не дейін?
Не  болды дейсіңдер ғой содан кейін?!

Әуелі Әли атын сатып, есек алды келіспеген кескіні,

Рұқсат алу

Аударған Ақылбек ШАЯХМЕТ

Белгілі ақын, жазушы, драматург, журналист Ақылбек Қожаұлы ШАЯХМЕТ 1951 жылы 17 маусымда Қостанай облысы­ның Жітіқара ауданындағы Желқуар ауылында дүниеге келген. Алматыда Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін және Мәскеудегі Әдебиет институтын бітірген. Қазіргі уақытта Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мем­лекеттік университеті Медиа­-орталығының директоры. До­ент, филология ғылымдарының кандидаты, бірнеше монография мен оқу құралының авторы.
Тұңғыш жинағы 1977 жылы жарық көрді. «Күлімдейді күніміз», «Гүл мен бидай», «Біздің бақша», «Шынар», «Аяз және Қыдыр», «Әдемі», «Бағдаршам» атты жинақ­тары оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді.
Сондай­-ақ «Есте қалар ел тарихы», «Ел есіндегі есімдер», «Тыңда туған», «Пи­рамида», «Көзімді ашып­көргенім», «Жұлдызды дәуір», «Жер­бесік», «Мөлдір бұлақ» кітаптары жарық көрген. Өлеңдері орыс және шетел тілдеріне аударылған. Театр сахнасында қойылған «Алғыс пен қарғыс немесе жарық пен көлеңке», «Таза бұлақ», «Шоқанның шері» атты драмалық туындылардың авторы.

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.