Әлем әдебиеті

ОШАҚ. Расим ӨЗДЕНӨРЕН

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Расим ӨЗДЕНӨРЕН

ОШАҚ

Расим ӨЗДЕНӨРЕН 1940 жылы Марашта дүниеге келген. Ыстамбұл университе­тінің құқық факультеті және журналистика бөлімдерін бітірді. Түрік әдебиетіндегі  белді қаламгерлердің бірі.
Кейбір әңгімелері теледидарда экрандалып, Прагадағы халықаралық теледидар фильмдері жарысында қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды.
Расим Өзденөреннің «Аурулар мен жарық», «Табалдырықта тұрған адам» атты әңгі­мелер жинағы, «Гүл өсірген кісі» романы, «Екі әлем» сынды очерктер жинағы тү­рік прозасының алтын қорына енген.

Жаңбыр жауған екен.
Жердің беті дымқыл.
Теректер.
Топырақ түсті жапырақтар. Дөңгелектің сықыры үні естіліп тұр. Күз.
Осындай бір күні ме еді? Азайып, кеміп, жоғалып кеткен не еді? Менің мазамды алған не еді?
Қызыл бұрыштың жиналғанына көп болыпты. Кеш түскен бір мезгілдей. Бұрын қып-қызыл болып түрленетін алаңдар болатын етекте қазір солтүстіктен ескен салқын жел ғана гуілдеп тұр. Құнарсыз жерлер тазаланыпты. Қиық тастар жылтырап жатыр.
Үйде мені не күткенін білмеймін. Бір нәрсе кеміп, азайып қалғандай. Бұл жақта бар, бірақ өзі жоқ бір нәрседей… Мен білетін, яғни сол бұрынғы тас, төбешік, сол бүкірлік, тасқа ұқсамайтын тас, тазалық, салқын жел, қалаларда кездесетін қиялар, болмаған сол нәрселер… Не еді кеміп қалған?..
Не еді?

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

*